
Қазақстан • 16 Наурыз, 2018
Павлодарда Мәшһүр Жүсіптің 160 жылдығына арналған байқау өтті
Павлодар қаласында өткен Мәшһүр Жүсіптің 160 жылдығына арналған «Күй тартыс» байқауы облыстық білім беру басқармасының бастамасымен осымен 7-ші рет ұйымдастырылып отыр. Байқау болған күні Оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2018
ШҚО-дағы Катонқарағай ауданында ерекше ат жарысы ұйымдастырылды
Бошай Кітапбаевтай әйгілі атбегі туған төр Алтайдың баурайындағы Катонқарағай ауданында ерекше ат жарысы ұйымдастырылды.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2018
Әулиеата өңірі амал мерекесін атап өтті
Әулиеата өңірі үшін Наурыз мерекесі биыл жылдағыдан ерекше басталды. Күн көзі шуақтанып, Жер-Ана қуаттанған шақта жамбылдықтар да Ұлыстың ұлы күнінің салтанатын өзгеше қарсы алды. Көктемнің жаймашуақ күнінде халық амал мерекесін атап өтті.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2018
Ақмола облысында тасқынның алдын алу шаралары пысықталды
Қазіргі таңда Ақмола облысында төтенше жағдайлар қызметі көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына кірісіп те кетті. Әсіресе Атбасар ауданында өткен жылғы жағдайдың қайталануы мүмкіндігі де жоққа шығарылмауда.
Әдебиет • 16 Наурыз, 2018
Аймақтар • 16 Наурыз, 2018
Ақтөбе агломерациясы жаңа кезеңге аяқ басты
Ақтөбе агломерациясын құру мен қалыптастыру ісі жаңа сапалық кезеңге аяқ басты. Мұның басты дәлелі Үкіметте Ақтөбе агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы қабылданғаны болып отыр.
Әдебиет • 16 Наурыз, 2018
Жансая Жарылғапов. Дәуір тынысын сезген қалам – шебер
Классик дегеніміз кім? Әдебиетке қатысты айтатын болсақ ол – біріншіден ұлттық әдебиеттің аса қатты өркендеген белгілі бір дәуіріндегі қаламгерлердің тұтас қауымы. Мысалы, Грекияның б.д.д. V ғасыры, Римнің б.д.д. І ғасыры, Қытайдың VІІІ ғасыры, Францияның ХVІІ ғасыры, Ресейдің ХІХ ғасыры кезеңіндегі көркем ойдың буырқана дамуына үлес қосқан жазушылар шоғырын атауға болады. (Бұған кезінде Г.Гачев «әдебиеттің жедел дамуы» деген атау берген), екіншіден, тек бір ұлттың ғана емес, әлемдік әдебиеттің жетістігіне айналған ірі жазушы.
Әдебиет • 16 Наурыз, 2018
Жұмабай Шаштайұлы. Жақсыны ажырату
Үстіміздегі ғасырдың бас шенінде жарық көрген «Қазақтың жүз романы» атты анықтама кітабының алғысөзі дәу де болса жалпы редакциясын басқарған академик Рымғали Нұрғалиевқа тиесілі екенін іштей ұйғарып қойған едік. Өйткені бұл жанр үдерісінің ахуалын жіті сезінудің арқасында қорытқан тұспал-тұжырымдары нақпа-нақ та нәзік.
Қазақстан • 16 Наурыз, 2018
Алматы қаласы маңындағы үлкен айналма жолдың құрылысы басталады
Айтылудай-ақ айтылып, атқарылуы кейінге шегеріліп келген Алматы қаласы маңындағы үлкен айналма жолдың құрылысы ақыры басталатын болды.
Аймақтар • 16 Наурыз, 2018
СҚО-да дәрігер тапшы, қызмет сапасы төмен
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен өткен жергілікті медицина қызметкерлерінің жиынында міндетті медициналық сақтандыру, кадр тапшылығын жою, баспанамен қамтамасыз ету, қызмет сапасының қолжетімділігін арттыру сияқты толғақты мәселелер жан-жақты талқыланды.