Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90811 материал табылды

Қазақстан • 16 Наурыз, 2018

Мәулен Әшімбаев арнайы сапармен Қарағанды облысына келді

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» кеңінен түсіндіріп, талқылау мақсатында арнайы сапармен Қарағанды облысына келді. 

Аймақтар • 16 Наурыз, 2018

ОҚО-да шегірткенің қаупі күшейіп тұр

Бұл Крыловтың әйгілі мысалындағы ала жаздай ән салып, қыс түскенде сү­мең­деп еңбекқор құмырсқаның есі­гін қағатын дәрменсіз шырылдауық ше­гіртке емес.

Президент • 16 Наурыз, 2018

«Астана Операда» Өзбекстанның Қазақстандағы жылы ашылды

Қазақ пен өзбек – түптамырын түркіден тарататын енші бөліспеген егіз ел. Ежелден келе жатқан ежеттес достық бүгінгі таңда тіпті жаңа кезеңге көтерілген. Байтағы іргелес, байрағы тұғырлас, Мемлекет басшылары етене бауыр екі ұлыстың ол ынтымағы кеше Алаш төріндегі «Астана Опера» театрында өткен Өзбекстанның Қазақстандағы жылының ресми түрде ашылу салтанатында тағы бір мәрте тамаша көрініс тапты. 

Қазақстан • 16 Наурыз, 2018

Ұлылар тағылымындағы ұлт мұраты

Уақыт талабына сай сананың өзгеруі қажеттігі, әсіресе қазіргі жаһандану заманында айқын сезілуде. Жеке бастың қамын күйттеп, бұрынғы қалыппен, томаға-тұйық өмір сүру ескі салт. Елге шапағатың тиетіндей қарекет ету қажеттігі туындаған заман келді. Бұл тұрғыдан бәсе­кеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына қосылу мақсатына орай, адами капитал сапасын арттыру, ол үшін рухани тұрғыдан өзгеру, сананы жаңғырту қажеттігі туындап отырғанын тағы да бір қайталап өтелік. 

Қазақстан • 16 Наурыз, 2018

Киеге ие мен жүйе керек

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына да бір жыл өткен екен. Осы аралықта бүкіл әлемде және елімізде үлкен өзгерістер болып жатқаны белгілі.

Президент • 16 Наурыз, 2018

Орталық Азия мемлекеттерін ортақ мүдде тоғыстырады

Кеше Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының жұмыс (консультативтік) кездесуі өтті. Ке­лелі мәселелер талқыланған алқалы жиынға Өзбекстан Республикасының Пре­зиденті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков және Түрікменстанның Меджлис төрағасы Акджа Нурбердыева қатысты.  

Аймақтар • 16 Наурыз, 2018

СҚО-дағы «Бірлік» ауылында береке бар

«Бірлік» – ынтымағы жарасқан ауылдардың бірі. Оннан астам ұлт өкілдері тұратын елді мекенде қалыпты өмір сүру үшін барлық  жағдай жасалған деуге болады. Бірнеше дүкен, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, монша, наубайхана жұмыс істейді.  «Әліби-Ишим» серіктестігі мен төрт шаруа қожалығына жұмысқа тартылған тұрғындар төрт түлік өсірумен де айналысады.

Бизнес • 16 Наурыз, 2018

Маңыздысы — әлеуметтік мәселе

Бұл – қадасы сонау 1985­ жы­лы қағылып, 1996 жы­лы ашық акцио­нерлік қо­ғам болып құ­рылған, ал 2000 жылы қыр­күйекте Еура­зиялық топтың (ERG)­­ құрамына кірген «Шұ­­бар­көл Кө­мір»­ ком­па­ния­сының бе­рік ұста­нымы.

Аймақтар • 16 Наурыз, 2018

Мемлекеттік қызметшіге арналған нұсқаулық

Семей қаласы әкімдігінің ма­ман­дарына мемлекеттік қыз­меттегілерге қойылатын та­лап­тар мен шарттарды ай­қын­дайтын, халықпен жұмыс жа­сауда әдеп пен мінез-құлық дең­гейін белгілеген арнайы нұс­қаулықтың ресми таныстыры­лымы өтті. Оны Президент жа­нындағы Мемлекеттік бас­қа­ру академиясы әзірлеген.

Президент • 15 Наурыз, 2018

Елбасы ОA елдері басшыларының консультативтік жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.