
• 26 Қыркүйек, 2017
Энергетика саласындағы ахуал қалыпты
Биыл «Электр энергиясы туралы» заңға бірқатар өзгерістер енгізілгені белгілі. Соның арқасында xалық үшін энергияның бағасы төмендеуі тиіс. «Бізде 140 шағын компания энергия жеткізумен айналысады. Олардың иелігіндегі электр желілері де үлкен емес, ұзаққа созылмайды.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2017
Жастар ісі – басым бағыттардың бірі
Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев «Рухани жаңғыру» республикалық жастар акциясын қорытындылады.
• 26 Қыркүйек, 2017
Ұзақбай ҚАРАМАНОВТЫҢ жақындарына көңіл айтты
Қазақстан жұртшылығы ауыр қайғыға ұшырады. 81 жасқа қараған шағында Қазақстан Республикасының белгілі саяси және мемлекет қайраткері Ұзақбай Қараманов дүние салды.
• 25 Қыркүйек, 2017
Тәнің ауырып, жаныңа бір шипа керек болғанда, кім болсаң да дәрігерге жүгінесің. Ол кезде сол ақ халатты абзал жаннан үлкен, одан мықты адам көз алдыңа елестей қоюы қиын. Қай заманда да адам жанының арашасы болудан артық мамандық бола қоймаған. Ал мамандық пен ғылымды ұштастырып, ел мен жердің келешегін ақыл-ойдың құдіретімен көрсетсем деген ойлы адамның талпынысы қалай айтсаң да жарасады. Өйткені оның еңбегі жалпы жұртқа пайдалы. Сондай ел мен жұртқа қызмет еткен белді де белгілі бір азамат, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сатыбалды Хамзаұлы дер едік.
Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017
Корей диаспорасының Қазақстанға күштеп қоныс аударылғанына – 80 жыл
Биыл Қазақстан жеріне корей диаспорасының қоныс аударылғанына 80 жыл толып отыр. Корейлер де өз еріктерімен емес, елімізде тұрып жатқан басқа ұлт өкілдері секілді тоталитарлық режім жылдарында күштеп көшірілген еді. XX ғасырдың 30-40 жылдарындағы Қазақстанға этностардың қоныс аудару тарихы отандық тарих ғылымы алдындағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Республика архивтеріндегі кеңестік кезеңдегі билік органдары қорларындағы құжаттардың құпиясын ашу жұмыстары да бұл іске тың серпін берді.
ЭКСПО-2017 • 22 Қыркүйек, 2017
ЭКСПО технологиялары білім саласында қолданылады
Кеше Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ғылыми-зерттеу институтының мамандары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде ұсынылған тың технологиялар мен үздік жобаларды еліміздің білім саласына енгізу жөнінде әңгіме өрбітті.
Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017
Дінаралық үнқатысуды нығайтуға ниетті
Афинада еліміздің Грек Республикасындағы елшісі Алексей Волковтың грек православие шіркеуінің Архиепископы Иероним ΙΙ-мен кездесуі өтті, деп хабарлады Қазақстанның Грекиядағы елшілігі.
Әлем • 19 Қыркүйек, 2017
Қазақстан Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының маңызды бір бөлігі болып отыр
Ағымдағы жылдың 21-22 қыркүйегі аралығында Астана қаласында еліміздегі әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша бірқатар маңызды шаралар өткізу жоспарлануда. Олар: Қазақстан Республикасы әлеуметтік қызметкерлерінің бірінші форумы, «Әлеуметтік аударымдар – жұмыспен қамтылған халықты сәйкесті әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету» тақырыбында республикалық семинар және жыл сайын өтетін «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесі. Форумды өткізудің негізгі мақсаты – сала дамуының негізгі бағдарларын көрсету және әлеуметтік саланың дамуына мемлекеттік қолдау көрсетудің кейінгі басым бағыттары бо-йынша ұсыныстар жасау. Семинар әлеуметтік сақтандырудың ең үздік заманауи тәжірибелерін ескере отырып, әлеуметтік жаңғырту міндеттерін шешу үшін мамандардың идеяларын біріктіреді, ал көрмені өткізудің мақсаты – мүгедектер мен халықтың басқа да әлеуметтік әлсіз топтарының өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесетін әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуының басты мақсаттары мен басымдықтарын белгілеген Қазақстан-2030 Стратегиясында әлеуметтік қорғалу мәселелері басты орында тұр. Әлеуметтік қамсыздандырудағы негізгі әлемдік үрдістер және осы салада біздің еліміз қандай орын алады? «Егемен Қазақстанға» берген сұхбатында Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ХӘҚҚ) бас хатшысы Ханс-Хорст КОНКОЛЕВСКИ осылар туралы өз ойларымен бөлісті.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2017
Байқоңырдың екінші тынысы қашан ашылады?
Байқоңырға бардық. Адамзаттың алғаш ғарышқа сапар шегіп, аспан әлемін бағындыруға тікелей жолдама берген айлақтың бүгінгі ахуалымен таныстық. Болашаққа қандай жоспар түзіп отырғанын білдік. Білесіздер, елімізде ғарыш саласын дамыту үшін арнайы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды. Жұлдызды қалашыққа баспасөз турын ұйымдастырып, айлақтың жай-күйімен таныстырып отырған да осы министрлік.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2017
Ассамблея мүшелері латын әліпбиін қолдайды
Қазақстан үкіметі Елбасының тапсырмасымен латын әліпбиіне өту мәселесін кезең-кезеңімен жүзеге асыру мәселесін күн тәртібіне қойды. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешетін қағидатты мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз, деп қадап айтқан болатын.