
Президент • 28 Желтоқсан, 2018
Н.Назарбаев: «Өзбекстанмен сауда қатынасын дамыту еліміз үшін тиімді»
Елбасының БАҚ өкілдеріне берген сұқбаты барысында «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан Орта Азия республикалары арасындағы қатынас пен Астанада өткен көршілес 5 елдің басшыларының басқосуы, мемлекеттер тағдыры туралы сұрақ қойды.
Видео • 28 Желтоқсан, 2018
«Өрнек». Қайрат Айтбаев. Бір күйдің сыры (видео)
«Өрнек» бағдарламасында күйші Қайрат Айтбаев Тәттімбеттің "Көкейкесті" күйі жайында айтып береді.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2018
Қостанайлық полицейлер 26 ресейлік қылмыскерді құрықтады
Жыл басынан бері Қостанай облысы өңірінен Ресей Федерациясының Ішкі істер органдары іздеу жариялаған 26 қылмыскерді ұстады. Ал ресейлік полицейлер Қостанай облысында қылмыс жасаған деген күдікпен іздеу жариялаған 14 адамды ұстады. Бұл туралы іргелес Қостанай мен Челябі облыстары Қылмыстық іздестіру органы қызметкерлерінің халықаралық жұмыс кездесуінде айтылды.
Әлем • 28 Желтоқсан, 2018
Бүркітші қыз Айшолпан Моңғолияда жоғары марапатқа ие болды
Бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы Моңғолияда жоғары марапатқа ие болды, деп хабарлайды gogo.mn сайты.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2018
Жаңажылдық шырша ерекше күтімдегі балаларға арналды
Астана қаласында «Асыл бала» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен денсаулығы ерекше күтімді талап ететін 500 балаға арналған жаңажылдық шырша өтті. Мерекелік шараға әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасының бүлдіршіндері, спорттық және интеллектуалды сайыстарда жүлделі орындарға ие болған мектеп оқушылары да қатысты.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2018
Әдебиет • 28 Желтоқсан, 2018
Әлем махаббаттан жаралған, ал махаббат мәңгілік...
Биыл Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығы Қазақстанда да кең ауқымда аталып өтті. Жазушының бақи дүниеге аттанғанына он жылға жуық уақыт өтсе де, оның рухы әлі де бізбен бірге жүргендей сезіледі. «Тау алыстаған сайын биіктейді» демекші, уақыт өткен сайын оның бейнесі ақ қар, көк мұз жамылған Ұлы таудың биік шоқысындай жарқырап, айтқан әрбір сөздері ұлылығының да, салмағының да, тереңдігінің де мәнісін еш кемітпей мезгілдің ғана емес, дәуірдің де бағалы қазынасына айналып барады. Осынау сұхбатты көрнекті жазушымен жүргізгенімізге он шақты жыл өтсе де, маңызын әлі жоғалтпағандай көрінеді бізге. Сол себепті де Шыңғыс Айтматовпен болған әңгімемізді «Егемен Қазақстан» газеті оқырмандарының назарына ұсынуды жөн көрдім.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2018
Қазақ киносындағы бетбұрысты кезең
Тарихы ғасырдан енді ғана асқан кино өнері бұл күнде адамзат үшін аса жоғары маңызға ие. Жан-жақты дамып, жыл сайын кемелдене түсуде. 1938 жылы экранға шыққан алғашқы «Амангелді» фильмінен бері қарай қазақ киносы да қанша белесті бағындырды десеңізші. Жылдан-жылға саны да, сапасы да артып келеді деп айтуға болады. 2018 жылы қазақ киносында қандай жаңалықтар болды? Бұл туралы айтылар әңгіме бір мақаланың аясына сыймайтыны анық. Десе де газет оқырмандары үшін қысқаша шолып көрсек.
Өнер • 28 Желтоқсан, 2018
Аңызға айналған махаббат хикаясы
Notre Dame de Paris мюзиклі қазақ тілінде сахналанды. Шынайы махаббат, сатқындық, сығанның әсем әуезді музыкасы, сиқырға толы цирк қойылымы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған қойылым жеті күн бойы Бейбітшілік және келісім сарайын мәдениет мерекесіне айналдырды.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2018
Халық көңілінен шыққан стратегиялық құжаттар
Қазақстан үшін 2018 жыл табысты болды деп айтуға толық негіз бар. Бұл сөзімізге осы жылы елімізде саяси, әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени салалар бойынша атқарылған ауқымды жұмыстар дәлел бола алады. Осы орайда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» (10 қаңтар 2018 ж.) және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» (5 қазан 2018 ж.) атты Жолдаулары мен Бес әлеуметтік бастамасын ерекше атап өткеніміз жөн.