
Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2018
Ақсуда 5 энергетик LADA XRAY автокөліктерінің кілтін алды
Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Ақсу электр стансасы 50 жылдық мерейтойын атап өтті.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2018
Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлері шақыртуларды смартфон арқылы қабылдайды
Жұртшылық көбіне жедел жәрдем қызметінің жұмысына көңілі толмай, шақыртуларға сала қызметкерлерінің кешігіп жететіндігі туралы сын айтатын. Соңғы уақытта осы орны толмас олқылықтарды болдырмас үшін денсаулық сақтау мекемелері түрлі жақсы жобаларды қолға ала бастады.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2018
Солтүстік Қазақстан жолаушылары қатерден құтқарылды
Полицейлер мен төтенше жағдай қызметінің құтқарушылары ен далада сынып қалған «Нива-Шевроле» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушыларына дер кезінде көмек көрсетті.
• 26 Желтоқсан, 2018
Тынық мұхитының оңтүстігіндегі Вануату халқы мекендеген Эроманго аралының Кук айлағында орналасқан ауылдағы 1 айлық Джой Новайға гепатит және туберкулез ауруларына қарсы салынатын екпе дрон арқылы жеткізілді.
Аударма • 26 Желтоқсан, 2018
Британия шағын газеттерге көмектеседі
Люси Эштон 2009 жылы The Sheffield Star-дағы жұмысынан кетіп, жұртшылықпен байланыс ауысқан кезде әріптестерінің де басылымнан кете бастағанын байқады. Себебі газет таралымы түсіп, жарнамасы азайған. Оның үстіне, жаңа жұмыс орнының ашылуы да неғайбыл болатын.
Аударма • 26 Желтоқсан, 2018
Сегізаяқтардың неліктен ақылды екені белгісіз
Сегізаяқтың қаншалықты ақылды екенін көрсету үшін Пьеро Амодио YouTube-тағы видеоны нұсқады. Онда сегізаяқ кокос ішіне тығылып, қабығын тартып, жауып алғаны бейнеленген. Кейіннен теңіз жәндігі қабықты бір-біріне салып, сүйретіп әкетті.
Әлем • 26 Желтоқсан, 2018
Қазақ тілінің Варшавадағы жанашыры
Варшавада қазақ жерін мекен етпеген, арнайы оқымаса да ана тілімізде еркін, тіпті мақал-мәтелдерді қоса дәмін келтіре сөйлейтін бір ерекше азамат тұрып жатыр. Тағдыры балғын шағынан өзіне зағиптықты серік еткенімен, жасы әлі жиырма беске толмаған кейіпкеріміздің бойындағы ерік-жігері жоғары, өмірлік мақсаты айқын. Ол Варшава университеті, шығыстану факультетінің докторанты, он шақты тілді еркін меңгерген полиглот, туысқан башқұрт тілін оқытудың өзіндік әдістемесін жасап шыққан, бүгінде башқұрт уикипедиясының әкімгері – Вячеслав Чернев. Осы орайда талантты да талапты жас жігітті арнайы іздеп барып, әңгімеге тартқан едік.
Руханият • 26 Желтоқсан, 2018
Еліміздегі ең елеулі жоғары оқу орындарының бірі – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. Аталған оқу орнының Қазақ химия технологиялық институты кезінен бері саналы ғұмырын оқытушылыққа, ғылымға және ғылыми жетекшілікке, жастар тәрбиесіне қалтқысыз жұмсап келе жатқан құрметті ұстаздың бірі әрі бірегейі – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясының академигі Шаяхмет Молдабекұлы Молдабеков. Биік парасатымен, шынайы іскерлігімен, өнегелі өмірімен өзгелерге үлгі болып жүрген белгілі тұлға бүгінде сексеннің сеңгіріне аяқ басты.
• 26 Желтоқсан, 2018
Жанарыс Жақсылықұлы ағзадағы кеселден арылтады
Қазақта жақсы жандарға ерекше бір сүйсінгенде, «тегі мықты ғой» деп айтады. Сол сияқты бүгінде халқының ықыласына бөленіп жүрген Жанарыс Жақсылықұлы Еңсеповтің де тегі мықты. Қалың оқырманға түсінікті болу үшін Жанарыс атаның әйгілі «Жау жүрек мың бала» атты фильмдегі Сартай батырдың жетінші ұрпағы екенін айтсақ та жеткілікті.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2018
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының аяғы-ау, сірә. Жерлес ағамыз Орысбай Әбділдаұлы «Лениншіл жас» газетінде қызмет ететін. Амандасу үшін сол кісіге барып, ұзыннан ұзақ дәліз бойының бір қуысының оңашалау тұсында сөйлесіп тұрғанбыз. Денесін шалқақ ұстап, нығыз басып бара жатқан әйел баласына көз қиығын тастап: «Анау Жұмагүл Солтиева» деді. Қандай әсерді ішке түйіп үлгергенім есімде жоқ, мынандай орында жұмыс істеген кісі осылай жүруге әйтеуір хақылыдай көрінген.