Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90811 материал табылды

Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018

Маңғыстауда биыл 9 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Маңғыстауда 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші – 84%-тен 97%-ке артты. Келесі жылы бұл көрсеткішті 100%-ке жеткізу негізгі мақсат. 

Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018

Ақтауда «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі және «Адалдық дүкені» ашылды

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саян Ахметжанов, университет ректоры Берік Ахметов, мемлекеттік қызметшілер, оқытушылар мен студенттер қатысты. «Sanaly urpaq» - білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің қысқаруына, болашақ ұрпақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-өрісті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған жоба.

Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018

Орал-Тасқала-РФ шекарасы бағытындағы күре жол пайдалануға берілді

Президент Н.Назарбаевтың қатысуымен болған жалпыұлттық телекөпір барысында Орал-Тасқала-РФ шекарасы бағытындағы күре жол толық пайдалануға берілді.

Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018

«Қамқоршысы жоқ қарт адамдарға көмек беру» акциясы ұйымдастырылды

Жақында Аягөз қаласында «Қамқоршысы жоқ қарт адамдарға көмек беру» акциясы ұйымдастырылды.

Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2018

Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толды

Бүгін -  қазақ-қыр­ғыздың ортақ халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері Шыңғыс Айтматовтың туған күні. 

Әлем • 12 Желтоқсан, 2018

Франциядағы теракт кезінде 4 адам мерт болды

Францияның Страсбург қаласының орталығы Клебер алаңындағы Орфевр көшесінде ұйымдастырылған рождестволық жәрмеңкеге жақын маңда болған атыста 4 адам қаза болды және 12 адам жарақат алған. Аталған жәрмеңкеге жыл сайын әлемнің әр түкпірінен мыңдаған адам келеді. Қаланың мэрі Ролан Рис тұрғындарды үйлерінен шықпауға шақырды, деп хабарлайды euronews. 

Руханият • 12 Желтоқсан, 2018

«Русский силуэт» бәсекесінде жеңіске жетті

Биыл Айя мен Бота Қырғыз­баевалардың жолы болып тұр. Сән әлеміне құ­лағы түрік көпшілік біле­ді, үстіміздегі жылы олар жас дизайнерлердің «New Generation. Open Way – 2018» байқауында жеңіс­ке жетіп, тамаша киім үлгі­лерімен жарқ етіп көрін­ген еді. Қазан айында Алматыда өткен Сән апталығында қос бойжеткенге «Botaya» атты тырнақалды коллекциясы жеңіс әкелген-ді. 

Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2018

Ұлттық ұлан өнерпаздары мерекелік концерт өткізді

Бүгін Астана қаласының «Жастар» сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Үлгілік-көрсетімді оркестрі мен Ән-би ансамблі еліміздің  Тәуелсіздік күніне орай «Туған жерім - тұғырым» атты мерекелік концерт өткізді. Аталмыш шара Астана қаласы Байқоңыр әкімдігінің қолдауымен бірлесе өткен болатын. Салтанатты жағдайда залға Байқоңыр ауданының тұрғындары, мектеп оқушылары, мекеме басшылары, әскер ардагерлері жиналды, деп хабарлайды Ұлттық ұланың баспасөз қызметі.