
Саясат • 15 Мамыр, 2019
А. Мамин Грузия Премьер-Министрі М. Бахтадземен келіссөздер жүргізді
Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген, сапар аясында ХII Астана экономикалық форумына қатысатын Грузияның Премьер-Министрі Мамука Бахтадземен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 15 Мамыр, 2019
Г. Әбдіқалықова Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының екінші әйелдер форумына қатысты
Бүгін Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымының ІІ әйелдер форумы басталды. Іс-шара әйелдердің қатысуын арттыру және ШЫҰ стратегиясы мен жобаларына гендерлік өлшем енгізу, әйелдердің саяси және экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту саласында ШЫҰ-ға қатысушы елдер арасындағы тиімді ынтымақтастықты ілгерілету, сондай-ақ ынтымақтастықтың өңірлік желілерін құру мәселелерін қарап, жан-жақты талқылауға бағытталған. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 15 Мамыр, 2019
Көрнекті ақын Есенғали Раушанов ТМД сыйлығын алды
Ақын Есенғали Раушанов ТМД сыйлығын алды, деп хабарлайды Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі.
Саясат • 15 Мамыр, 2019
Н. Нығматулин Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Н. Христодулидиспен кездесті
Бүгін Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Кипр Республикасының Сыртқы Істер министрі Никос Христодулидиспен кездесті. Бұл туралы Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 15 Мамыр, 2019
Алматыда «Түрік шеберлерінің мозайка өнері» атты көрмесі өтті
Қазақстанның Мемлекеттік орталық музейінде «Түрік шеберлерінің мозайка өнері Секер Алтынер &MOSAIC ALMATY CROUP” атты бірегей көрмесі ашылды.Осы атаумен үш жыл уақыт Секер Алтынердің бастамасымен құрылған мамандардың танылған өнер ұжымы өзіндік әспетті таңбасымен өзіне тартып керім көркімен ерекшеленіп келеді.
Әлем • 15 Мамыр, 2019
ЮНЕСКО-да «Ұлы дала: мәдени мұра және әлем тарихындағы рөлі» форумы басталды
Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде «Ұлы дала: мәдени мұра және әлем тарихындағы рөлі» атты халықаралық форум өз жұмысын бастады. Іс-шараны Халықаралық Түркі академиясы мен ЮНЕСКО бірлесіп ұйымдастырды.
Президент • 12 Мамыр, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабында болды
ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабқа келіп, қызметкерлермен, активистермен кездесті. «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының ғимаратында «Жұмысты ұйымдастыру орталығы», «Жоспарлау, сараптау, және мониторинг орталығы», «Қаржылық қолдау орталығы», «Құқықтық сараптау орталығы», «Логистика және материалдық қамтамасыз ету орталығы», «Баспасөз орталығы» және республикалық қоғамдық штабтың «Team Qazaqstan» жастар қанатының жұмыстарымен танысты.
Спорт • 12 Мамыр, 2019
Таразда триатлоннан ҚР Кубогінің ІІ кезеңі мәресіне жетті
Бүгін Тараз қаласының Зербұлақ су қоймасы жағалауында Elite санатындағы (кәсіпқой) спортшылар арасында триатлоннан ҚР Кубогі ІІ кезеңі мен U23, U19 санатындағы спортшылар арасында ҚР Чемпионаты өтті. Додада Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, Түркістан, Қарағанды, Ақмола, Жамбыл және Қостанай облыстарынан келген 68 кәсіпқой спортшы бақ сынады.
Руханият • 12 Мамыр, 2019
Алматыға шетелдік хореографтар келеді
Алматыда 2019 жылдың 11-13 мамыры аралығында «Өрлеу» V Халықаралық балет мектептерінің фестивалі өтеді. Оңтүстік астананың ірі мәдени оқиғасын А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорымен және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды. Фестиваль А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің 85-жылдық мерейтойына арналуда.
Сайлау • 12 Мамыр, 2019
Әміржан Қосанов еліміздің солтүстік өңірінің тұрғындарымен кездесті
Бүгін ҚР кезектен тыс Президенті сайлауына «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің атынан ұсынылған кандидат Әміржан Қосановтың республикалық штабының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаево қаласына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.