Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Тұлға • 25 Маусым, 2010

Құрыштан құйылған

Қазақ ырымшыл. Әсіресе, жас нәрестесіне ат қойғанда алдына жан салмайды. Тіпті тайпа, ру аттарын қоюға бейіл. Адай, Әлім, Жаныс, Ботбай, Арғын, Қуандық, Сүйіндік тәрізді аттарды жалғас­тыра беруге болады. Жүнісов Ар­ғын ағамызға да осылай орта жүз­дің аға баласының есімі бұйырған екен. Осыдан 82 жыл бұрын. Әйгілі металлург, болат бал­қытудың асқан шебері Ар­ғын ағамызды Теміртауға арнайы іздеп бардым. Себеп те бар, орайы да келіп тұр. Қазақ Магниткасына 50 жыл толады таяуда.

Яндекс.Метрика