Жи
Қаржы • Кеше
Ертеңнен бастап зейнетақы шегін есептеудің жаңа тәртібі күшіне енеді
Санаулы сағаттар ішінде ел тұрғындары зейнетақы жинақтарындағы қаражатын аударып ала алады. Себебі елімізде 5 маусымнан бастап зейнетақы шоттарындағы жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа әдістемесі күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 03 Маусым, 2026
Хакерлер ЖИ көмегімен Instagram қолданушыларының деректерін ұрлаған
Meta компаниясының қызметкерлері Instagram желісіндегі хакерлер шабуылына ұшырады. Кибералаяқтар пайдаланушылардың жеке деректеріне жасанды интелект арқылы қол жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Маусым, 2026
Флорида штатының билігі OpenAI компаниясын сотқа берді
АҚШ-тың Флорида штатының билігі OpenAI компаниясын және оның бас директоры Сэм Альтманды сотқа берді. Олардың айтуынша, ChatGPT әсіресе кәмелетке толмағандар үшін үлкен қауіп төндіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Енді қауіпті өндіріс орындары мен шахталарды жасанды интеллект бақылайды
Цифрландыру шеңберінде жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізу арқылы «е-ТЖМ» бірыңғай цифрлық платформасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 01 Маусым, 2026
Зейнетақы жинағының бір бөлігін сенімгерлік басқаруға беру қаншалықты тиімді?
Ел азаматтары зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға бере алады. Бұл тетік азаматтарға өз қаражатын инвестициялау стратегиясын таңдауға мүмкіндік бергенімен, оған деген қызығушылық әлі де төмен. Бүгінде еліміздегі 26,7 трлн теңге көлеміндегі зейнетақы активтерінің небәрі 105,8 млрд теңгесі ғана жеке басқарушылардың қолында. Бұл жалпы көлемнің шамамен 0,4 пайызына тең. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға берудің артықшылықтары мен тәуекелдері қандай? Бұл тетік қаншалықты тиімді? Egemen.kz тілшісі осы сауалға жауап іздеп көрді.
Балалар • 01 Маусым, 2026
Ата-ана таңдауы: Биыл туған сәбилерге қандай есімдер жиі қойылды?
1 маусым – Қазақстанда Балаларды қорғау күні. Жыл басынан мамыр айының соңына дейін Қазақстанда дүниеге келген сәбилерге қойылған ең танымал және сирек есімдер жарияланды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ұл балалар арасында – Алан, ал қыздар арасында – Айлин есімі көш бастап тұр, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 29 Мамыр, 2026
Қылмыстық істерді тергеу процесіне жасанды интеллект енгізіледі
Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы шеңберінде Құқық қорғау саласындағы цифрлық құралдарды дамыту жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 28 Мамыр, 2026
Ресей Президенті 2027 жылы ЖИ-ге арналған жоғары деңгейдегі кездесу өткізуді ұсынды
РФ Президенті ЕЭФ-2026 форумында Ресейде жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту міндеттерін шешуге қажетті кадрлар мен ресурстар бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Жасанды интеллект • 28 Мамыр, 2026
Қазақстанның цифрлық болашағы: Жаңа экономикалық бағыт қалай қалыптасады?
Цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірінде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі жаңа деңгейде айқындала бастады. Қазақстан да бұл үдерістен шет қалмай, экономиканы жаңғырту мен технологиялық серпіліске басымдық беріп отыр. Осы бағыттағы стратегиялық қадамдар, мүмкіндіктер мен сын-қатерлер туралы біз С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың ЖИ және цифрландыру департаментінің директоры Ділдебай Балғынмен сұхбаттастық.
Жасанды интеллект • 28 Мамыр, 2026
Жасанды интеллект: Қазақстанда 50 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін
2035 жылға қарай Қазақстанда 14 мамандық жойылып кетуі мүмкін. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық форум аясында өткен еңбек нарығына арналған сессияда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 28 Мамыр, 2026
Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі: 5 маусымнан бастап не өзгереді?
10 күн ішінде ел тұрғындары зейнетақы жинақтарындағы қаражатын қолданыстағы ережемен пайдалана алады. Себебі елімізде 5 маусымнан бастап зейнетақы шоттарындағы жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа әдістемесі күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Мамыр, 2026
Қай сыныптарда БЖБ мен ТЖБ алынып тасталады? Министр жауап берді
Оқу-ағарту министрлігі мектептердегі БЖБ мен ТЖБ жүйесінен біртіндеп бас тарту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Оның орнына бақылау жұмыстары кеңірек қолданылуы мүмкін. Бұл туралы үкіметтегі брифингте Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 25 Мамыр, 2026
Жүлде қоры 1 млн доллар: Астанада халықаралық AI-фильмдер байқауына өтінім қабылдау басталды
Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 25 Мамыр, 2026
Америкалық компания ЖИ көмегімен ұшақтарға арналған қозғалтқыш жасап шығарды
Америкалық GE Aerospace компаниясы жасанды интеллект арқылы гипердыбысты қозғалтқышты жасап шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Мамыр, 2026
«Астана» велоклубының шабандозы «Джиро д 'Италияның» 13-ші кезеңін жеңіп алды
«Астана» командасының шабандозы Альберто Беттиол «Джиро д' Италия-2026» велокөпкүндігінің 13-ші кезеңін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 22 Мамыр, 2026
Испанияда Ла Лига төрешілерінің жұмысын жасанды интеллект бағалайды
Ла Лига президенті Хавьер Тебас Испания футболында төрешілердің жұмысын бағалау үшін келесі маусымнан бастап жасанды интеллект енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Жасанды интеллект • 22 Мамыр, 2026
ЖИ арқылы жасалған отандық фильм Канн кинофестивалінде көрсетілді
Канн кинофестивалінде жасанды интеллект көмегімен жасалған алғашқы отандық көркем фильмнің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 22 Мамыр, 2026
Қатерлі ісікті анықтауға бес сурет жеткілікті: Жас ғалым әзірлеген алгоритмнің ерекшелігі қандай?
АҚШ-тың Финикс қаласында өткен Regeneron ISEF 2026 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік көрмесінде Қазақстан атынан жеті оқушы бес ғылыми жобаны ұсынып, ел намысын қорғады. Әлемнің 60-тан астам елінен 1700-ге жуық жас зерттеуші қатысқан байқауда Тараз қаласындағы Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Арнұр Артықбай Сауд Арабиясының Король Фахд атындағы Мұнай және пайдалы қазбалар университетіне (KFUPM) білім беру грантын иеленді. Жасанды интелект арқылы қатерлі ісікті анықтауға арналған жоба дайындап шығарған жас дарын жүйенің ерекшелігін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2026
Түркістанда ҰБТ-дан екі оқушы ең жоғары 140 балл жинады
Шымкенттік Айсұлтан Жаңбырбай мен Түркістан қаласының тумасы Жасұр Нышанбаев мүмкін болған 140 балдың барлығын жинап, ең үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Жасанды интеллект • 19 Мамыр, 2026
Шымкентте жасанды интеллект мектебі ашылды: Кімдер тегін оқи алады?
Шымкентте ЖИ мектебі іске қосылды. Жобаға 18 жастан асқан кез келген азамат тегін қатыса алады. IT саласында тәжірибесі жоқ адамдарға да мүмкіндік берілген. Қазір алғашқы қатысушылар бағдарламалау мен цифрлық жобалар жасауды меңгеріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 19 Мамыр, 2026
Қазақстанда биыл ашылатын ЖИ университетіне кімдер түсе алады?
Биыл Астанада Жасанды интеллект университеті ашылады. Жаңа оқу орны Alem.АІ (ЭКСПО) базасында орналасады. Университет 1500 студентке лайықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 16 Мамыр, 2026
Шетелдік инвесторлар үшін «Алтын виза» режимі енгізіледі
Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа инвестициялық циклды жүзеге асыру мәселелері бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттер шеңберінде Дүниежүзілік банктің Орталық Азия жөніндегі директоры Наджи Бенхассин бастаған халықаралық сарапшылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 13 Мамыр, 2026
ЖИ дәуіріндегі мектеп: Оқушыларға пайдасы мен қаупі қандай?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мектепке жасанды интеллект технологияларын енгізу туралы тапсырмасы – кешенді реформа. Мектеп болашағына тікелей қатысы бар байыпты бастама. Өйткені бүгінгі білім саясаты енді жекелеген шешімдермен емес, сапалы білім, заманауи инфрақұрылым, мұғалім даярлығы, дерек қауіпсіздігі және балалардың тең мүмкіндігі біртұтас жүйе ретінде қарастырылатын жаңа деңгейге көтеріліп отыр.
Технология • 12 Мамыр, 2026
Елімізде егіс науқанын бақылайтын ЖИ-платформа іске қосылады
Қазақстанда егіс науқанының мониторингі үшін ЖИ элементтері бар цифрлық платформа енгізіліп жатыр. Цифрлық технологияларды пайдалану және тұқым сапасын қадағалауды күшейту өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттырудың негізгі факторлары болады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 04 Мамыр, 2026
Медицинада жасанды интеллект қолдану: Жаңа нормативтік құжат әзірленді
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде жасанды интеллект технологияларын кезең-кезеңімен енгізуге арналған жаңа нормативтік құжат әзірленді. Бұл бастама медициналық қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 04 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы «Алтын виза» иегерлеріне берілетін жаңа жеңілдіктер туралы айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге әлемнің әр түкпірінен білікті мамандар шақыру және инвестиция тарту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Мамыр, 2026
Тоқаев: Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ
Алматыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысы әлемдік деңгейдегі жетекші зертханалардың соңғы деректеріне сүйене отырып, дамыған және дамушы экономикалар арасындағы алшақтық тез ұлғайып келе жатқанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 03 Мамыр, 2026
Әлемдік сарапшы Ли Кай Фу Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді
Алматыда GITEX AI Kazakhstan 2026 форумы қарсаңында жасанды интеллектке арналған арнайы оқыту өтті. Сабақты әлемге танымал жасанды интеллект сарапшысы Ли Кай Фу жүргізді. Ол Қазақстанның мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік сектор басшыларына арналған «AI Class» авторлық курсын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 29 Сәуір, 2026
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Қазақтың ең көрнекті эпостарының бірі «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» заманауи технология арқылы жаңаша сипат алды. 29 сәуірде көпшілікке «Махаббат серті» атты ЖИ негізіндегі медиажобаның трейлері ұсынылып, таныс хикаяның жаңа қыры ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 28 Сәуір, 2026
«Ascle» жобасы: Жасанды интеллект дәрігер қабылдауындағы кезекті азайтуға көмектеседі
Үкімет отырысында медициналық құжаттарды рәсімдеуді жеңілдетуге арналған «Ascle» стартап жобасы таныстырылды. Жоба дәрігер жүктемесін азайтып, пациент қабылдау тиімділігін арттыруды көздейді, деп жазады Egemen.kz.