дау
Тағайындау • 10 Сәуір, 2026
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Үкіметтің қаулысымен Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Волонтер • 10 Сәуір, 2026
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 09 Сәуір, 2026
«Amanat» партиясы Кәсіпкерлер қанатын құрды
Ірі бизнес «AMANAT» партиясын қолдады. Бұл туралы Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан ҚошановКәсіпкерлік мәселелері жөніндегі үйлестірукеңесінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. Іс-шараға мыңдаған компания мен миллиондаған адамды біріктіретін бизнес-қоғамдастық пен ірі салалыққауымдастықтардың өкілдері қатысты. Партия мен бизнес елдің тұрақты әрі орнықты дамуы үшін, кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер жасау, экономиканың өсуін қамтамасыз ету және қазақстандықтардың табысын арттыру бағытында бірлесіп жұмыс істейтін болады.Отырысқа партияның өңірлік филиалдары бейнеконференцбайланыс арқылы қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Сәуір, 2026
Еліміз әлеуметтік қолдау бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр
Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әлеуметтік қолдау көрсету деңгейі бойынша алдыңғы орынға шықты. Елдегі мемлекеттік қолдау тетіктері көрші мемлекеттермен салыстырғанда айтарлықтай кең әрі қаржылық тұрғыдан жоғары деңгейде жүзеге асырылып келеді, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 06 Сәуір, 2026
Азия чемпионаты: Төрехан Сабырхан қытайлық қарсыласын 3 рет нокдаунға түсірді
Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдық бәсекелері өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 06 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президентке агенттік қызметінің негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 06 Сәуір, 2026
Психологиялық қолдау: Гвардейск гарнизонында әскерилердің тәртібі талқыланды
Гвардейск гарнизонында Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабековтың жетекшілігімен «Оңтүстік» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтарының әскери бөлімдері командирлерінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен оқу-әдістемелік жиын өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Сәуір, 2026
Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады
Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов 2025 жылдың қорытындысына сәйкес облыста оң динамика байқалатынын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 03 Сәуір, 2026
Қарулы Күштердегі ауыс-түйіс: Махсут Гусейнов пен Бағлан Өсербаев жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Қарулы Күштер саласында екі лауазымды тұлға қызметке тағайындалды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 02 Сәуір, 2026
Магниттік дауыл кезінде адам ағзасында қандай өзгеріс болады?
2 сәуір күні таңертеңнен бастап Жерде геомагниттік құбылыстар байқала бастады. Ғалымдардың айтуынша, бұл құбылыс Күндегі короналдық тесіктің әсерінен туындап отыр, ал алдағы сағаттарда магниттік дауыл күшеюі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 01 Сәуір, 2026
Ротация реформасы: Мектеп директорларын шекті мерзімге тағайындау қаншалықты тиімді?
Жыл басынан бері Қазақстан мектептерінде директорларды жаңа «2+2» жүйесі негізінде тағайындау туралы ұсыныс қызу талқыланып жатыр. Оқу-ағарту министрлігі қалалық мектептердің басшыларын алдымен 2 жыл мерзімге тағайындап, директор діттеген межені орындаса қызметін тағы екі жыл орындауға мүмкіндік берілетінін түсіндірді. Ал ауылдық жерлердегі мектеп басшылары үшін «3+3» мерзімі ұсынылған. Білім беру ұйымдарындағы бұл бастама «мерзімсіз басшылық» тәжірибесінен арылып, мектепті басқару моделінің ашықтығын арттыруды көздейді. Сондай-ақ ұсыныс кәсіби бәсекелестікті дамытып, жас кадрларға да жол ашады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Наурыз, 2026
1-сыныпқа құжат қабылдау уақыты өзгерді
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова биыл 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 1-сәуірден 27-мамырға шегерілгенін хабарлады. Министрлік бұл өзгерісті оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында қабылдаған, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 25 Наурыз, 2026
Президенттің жаңа көмекшісі тағайындалды
Нұрлан Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Наурыз, 2026
Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалы және негізгі даму бағыттарының іске асырылуы туралы баяндалды. Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының айтуынша, қала экономикасында оң динамика байқалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Наурыз, 2026
Жерді жойқын магниттік дауыл басады: Ғалымдар ескерту жасады
Күндегі белсенділіктің артуына байланысты Жер шарында соңғы бірнеше айдағы ең қуатты магниттік дауыл басталады. Күн физикасы мен астрономия зертханасының мәліметінше, 19 наурыздан 21 наурызға дейін созылатын бұл құбылыс қаңтар айының ортасынын бергі ең күшті геомагниттік ауытқу болмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Наурыз, 2026
Доллар бір тәулікте 6,59 теңгеге арзандады
17 наурызда Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 479,02 теңгеге дейін төмендеді. Ал бір күн ішінде валюта 6,59 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 16 Наурыз, 2026
Референдумды бақылау: «Ел дауысы» қоры алдын ала қорытындыларын жариялады
«Ел дауысы» қоғамдық қоры жаңа Конституция жобасына қатысты өткен референдумды бақылау нәтижелерін жариялаған баспасөз конференциясын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Қостанай тұрғыны туған күнінде дауыс берді
Қостанай облысының тұрғындары Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өтіп жатқан референдумге ерекше ықыласпен қатысып жатыр. Өздері тіркелген учаскеге біреулер Қыдыр ата кейпінде келсе, кейбір азаматтар бала-шағасымен бірге бүкіл әулетімен ұлттық киіммен келіп дауыс беріп кетіп жатыр. Осылайша, ел тағдыры таразыға түскен маңызды саяси науқан көп жерде мерекелік сипат алып жатыр десек болады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Байқаушылар: Дауыс беру процесі заңнамаға сәйкес өтіп жатыр
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес өкілдері Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында дауыс беру процесіне қатысты өз пікірлерін білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Өскемен тұрғыны парапланмен келіп дауыс берді
Өскеменнің тұрғыны, әскери ардагер ұшқыш Николай Петинцев референдум учаскесіне парапланмен ұшып келіп, дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Еліміздегі ең бойшаң сарбаз дауыс берді
Абай гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері республикалық референдумға белсенді қатысты. 15 наурыз күні сарбаздар 36803 әскери бөлімінде ұйымдастырылған №132 жабық сайлау бөлімшесіне келіп, өз таңдауларын жасады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ұлытау облысында өндіріс саласының қызметкерлері дауыс берді
Ұлытау өңірінде өткен референдумда түрлі сала өкілдері белсенділік танытып, өз азаматтық позицияларын білдіру үшін учаскелерге келді. Солардың қатарында өндіріс, кәсіпорын саласының қызметкерлері мен жұмысшылары да бар, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Наурыз, 2026
Президент жаңа Конституция идеясы туралы: Шамамен екі жыл бұрын іске кірістім
Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасына қатысты референдумда дауыс бергеннен кейін журналистерге арналған брифинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Абай облысы, Аягөз қаласының тұрғыны Оразхан Манабаева апамыз таң ата референдумға қатысып, өз таңдауын жасады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Референдум: Түркістан облысында туған күн иесі алғаш рет дауыс берді
Аталған облысқа қарасты Арыс қаласына қарасты Қаражантақ елді мекенінің тұрғыны Айкүміс Кәрим 18 жасқа толып, алғаш рет өз таңдауын жасады. Айрықша сәт оның туған күнімен тұспа-тұс келіп, жас азамат үшін есте қаларлық маңызды күнге айналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Маңғыстаулық жас жұбайлар таңдауын жасады
Бүгінгі референдумда жас отбасы Асқарбек Чогданбаев пен Наурызгүл Тәжедин Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылы №9 жалпы орта мектебіндегі №203 референдум учаскесінде таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ақтаулық белсенді жас алғаш рет дауыс берді
Бүгін, 15 наурыз күні Ақтау қаласында өтіп жатқан республикалық референдумға Yessenov университетінің 1-курс студенті, болашақ заңгер Бекзат Қадірбай қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков референдумда дауыс берді
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков республикалық референдумға қатысып, өз дауысын берді. Мегаполис басшысы «Түркістан» сарайында орналасқан №231 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 15 Наурыз, 2026
Ұлытау облысының әкімі дауыс берді
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков республикалық референдум аясында өз таңдауын жасап, дауыс берді, деп жазады Egemen.kz.