ыс
Спорт • 18 Ақпан, 2025
Мергендер Азия Кубогінде тағы 3 жүлде еншіледі
Бұған дейін нысана көздеуден 14 медальмен (5 алтын, 6 күміс, 3 қола) жалпы есеп бойынша көш бастаған Қазақстан қоржыны тағы 3 медальмен (2 алтын, 1 қола) толықты, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 18 Ақпан, 2025
«Қазақмыс» қаза тапқан кеншілердің отбасына көмек көрсетеді
«Қазақмыс» ұжымдық келісім-шартта көзделгендей, «Жомарт» кенішінде қаза тапқандардың отбасына барлық қажетті көмекті көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2025
«Қазақмыс» Ұлытаудағы апаттың алдын ала себебін атады
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішінде болған қайғылы оқиғаның алдын ала себебін атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Ақпан, 2025
Ұлытау облысындағы апатқа орай полиция қылмыстық іс қозғады
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Жомарт» кенішінде жеті адам қаза тапқан апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Ақпан, 2025
Мемлекет басшысы Ұлытау облысындағы апатқа байланысты көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау массасының құлауы салдарынан қаза болған жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 18 Ақпан, 2025
Ұлытау облысында шахтаның опырылуына байланысты үкіметтік комиссия құрылды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахтаның опырылуы себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Ақпан, 2025
Қарағандыдағы 46 кеншінің қазасына қатысты іс сотқа жолданды
Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада 46 кеншінің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 17 Ақпан, 2025
Астанадағы Қонаев көшесінің бір бөлігі жабылады
Елорда әкімдігі жөндеу жұмыстарына байланысты Қонаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 17 Ақпан, 2025
Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2025
Алматы облысы 270 мың тонна жүгері жинады
Өткен жылы Алматы облысының диқандары 49,1 мың гектар жерге жүгері егіп, толық өнім жинады. Орташа өнімділік гектарынан 55 центнерді құрап, жалпы 270,7 мың тонна өнім алынды. Бұл – өңірдің соңғы жылдардағы ең жақсы көрсеткіштерінің бірі, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 16 Ақпан, 2025
Екібастұзда сауда үйінің төбесі опырылып түсті
Екібастұз қаласындағы сауда орталығының аспалы төбесі опырылып түскен. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, шамамен 150 шаршы метр төбе құлаған.
Әскер • 16 Ақпан, 2025
Жігерді жанитын - «Ауған жыры»
14 ақпанда Ауған соғысы және тәжік-ауған шекарасының ардагерлері ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына барып, жат елдің шекарасында ерлікпен қаза тапқан қаруластарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Қоғам • 16 Ақпан, 2025
Елімізде наурыздан бастап қандай телефондар бұғатталады?
2025 жылғы 24 наурыздан бастап абоненттік ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелеріне енгізілген өзгерістер күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 16 Ақпан, 2025
Қостанайда өрт шыққан үйде 25 адам қалып қойған
Қостанайда жанып жатқан үйде 25 адам қалып қалғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фотогалерея • 15 Ақпан, 2025
Тек жұмысшы мамандықтар емес, бірлік қаласы – Ғани Бейсембаев
Жұмысшы мамандықтары – кез келген елдің экономикасының тірегі, қоғам дамуының қозғаушы күші. Құрылысшының қажырлы еңбегі болмаса, еңселі ғимараттар бой көтермейді, ал темір жонушының шебер қолы тимесе, сан түрлі техника іске қосылмас еді. Осындай маңызды кәсіптерді дәріптейтін «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі – жастардың болашаққа бағдар алуына көмектесіп, еңбек адамының мәртебесін асқақтатқаны айдан анық.
Қылмыс • 15 Ақпан, 2025
Ұрланған миллиондар мен миллиардтар: ІІМ іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады
Ішкі істер министрлігі қоғамда "Заң және Тәртіп" қағидатын нығайтуға, оның ішінде әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтауға және оларды ұстауға бағытталған жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Мәдениет • 14 Ақпан, 2025
Өлкенің өлмес мұрасы таныстырылды
Астана қаласындағы ұлттық кітапханада «Киелі мекен, қасиетті өлке – Құрманғазы» атты кітаптың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2025
Абай облысының әкімі қызметінен босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 14 Ақпан, 2025
Бас басылымның Ұлытау облысындағы тілшісі тағайындалды
Белгілі журналист Жұлдыз Тойбек "Egemen Qazaqstan" газетінің Ұлытау облысы бойынша тілшісі болып тағайындалды. Жұлдыз Райымбекқызын ұжымға «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлы таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Ақпан, 2025
Президент бірқатар нысанды аралады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Ақпан, 2025
Хоккейші қыздар Харбин-2025 ойындарының күміс жүлдегері атанды
Бүгін шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Оңтүстік Кореядан 3:0 есебімен басым түсіп, IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 13 Ақпан, 2025
Былтыр тұрмыстық ауыр қылмыстар саны азайған
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхаиров хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2025
Әйел полицейлер жаңа қызметке кіріседі
Әйел полицейлер жаңадан құрылған Отбасылық тұрмыстық-зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімшеде қызмет атқаратын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Ақпан, 2025
Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды
EXPO көрме алаңында болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен кәсіптік-техникалық ұйымдардың басын қосқан «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі өтіп жатыр. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылындағы» алғашқы ауқымды іс-шара, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
Павлодар облысында 6 адам қар құрсауынан құтқарылды
Павлодар облысының Шиқылдақ және Бозшакөл ауылдарының арасындағы жолда қарлы боранда Тойота маркалы автокөлігі тұрып қалған. Көлікте 6 жолаушы болған.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2025
«Бірыңғай дрондар инфрақұрылымы» атты пилоттық жоба іске қосылды
Ақмола облысында Мемлекет басшысының бірыңғай дрондар инфрақұрылымын енгізу жөніндегі тапсырмасы аясында пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Түркістан облысының кәсіпкерлері жаңа салық реформасын талқылады
ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов бизнес өкілдерімен, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының салалық және аудандық кеңес мүшелерімен кездесіп, жаңа салық реформасын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Жамбыл облысында 22 жастағы полицей өзіне оқ атты
Жамбыл облысында мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері жұмыс орнында өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Ақпан, 2025
Токио азаматтары 4 күндік жұмыс аптасына көшеді
Токио қаласында мемлекеттік орган қызметкерлеріне төрт күндік жұмыс аптасы енгізілмек. Жаңа ережелер сәуір айынан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2025
Шәкір Шаяхметов өңірлердегі сот қауымдастығымен кездесті
Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Шәкір Шаяхметов жұмыс сапары аясында бірқатар өңірлерде болып, сот инфрақұрылымының жай-күйімен, жөндеу-құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, сондай-ақ сот қауымдастығымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.