адам
Аймақтар • 07 Сәуір, 2024
Алтындала ауылынан 125 адам эвакуацияланды
Қостанай ауданына қарасты Алтындала ауылынан 125 адам, оның ішінде 35 бала эвакуацияланды.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
Жаңаөзеннің арнайы жасақталған көмек бригадасы Құлсары қаласына аттанды
Құлсары қаласында болған су басулардың салдарын жою мақсатында Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен арнайы техникамен жабдықталған көмек бригадасы Құлсары қаласына аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 07 Сәуір, 2024
Атырау облысындағы Құлсары қаласында екі адамның мүрдесі табылды.
Қоғам • 07 Сәуір, 2024
ТЖМ: 63 927 адам эвакуацияланды
Осы уақытқа дейін Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 391 жеке тұрғын үй, 1059 саяжай үйі, түрлі мақсаттағы 79 ғимарат су астында қалды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою Департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ОКҚ сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2024
Су тасқыны: Бесқоспа ауылынан 200 адам көшірілді
Ақтөбе облысындағы Мағаджан су қоймасы бөгетінің бұзылуынан аталған бөгетті жағалай орналасқан елді мекендерді су басу қаупі болғандықтан Алға ауданына қарасты Бесқоспа ауылы тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Сәуір, 2024
БҚО-да 7 мыңға жуық адам эвакуацияланды
Төтенше жағдайлар департаментінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен ТЖ вице-министрі Ерлан Нұрпейісовтың төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында су тасқыны кезеңінің өту барысы талқыланды. ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Руслан Қасымбаев облыстағы су тасқыны жағдайы туралы соңғы мәліметтерді баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2024
Адам ұрлап, несие рәсімдеткен қылмыстық топ қолға түсті (видео)
Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері тұрғылықты жері жоқ адамдарды ұрлап, мәжбүрлі түрде қамап ұстаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Сәуір, 2024
«Ішінде адамдар болған»: Алматыда троллейбус өртеніп кетті
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 8-де Сәтпаев пен Байтұрсынов көшелері қиылысында троллейбус жанып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 30 Наурыз, 2024
Ұшқыштар су басқан ғимарат төбесіндегі адамдарды құтқарды
Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары Ақтөбе облысында су басқан ғимараттың төбесіндегі адамдарды құтқарды. Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшақ экипажының шебер қимылы нәтижесінде Ойыл ауданына қарасты Берсиев ауылының 15 тұрғыны құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Аягөз өзені іргесіндегі үйлерден 172 адам эвакуацияланды
Абай облысы Аягөз ауданындағы өзен суының деңгейі көтеріліп кетіп, өзен іргесінде орналасқан Төлендин көшесіндегі 43 жеке тұрғын үйден 172 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Наурыз, 2024
Аягөзде суға батқан үш ер адамды іздеу жұмыстары ертең қайта жалғасады
Абай облысына қарасты Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш ер адамды іздеу жұмыстарына облыстық ТЖД, Полиция департаменті, ЖАО, ҚМ күштері мен құралдарынан барлығы 82 адам, 4 жүзу құралы, 9 бірлік техника, 4 пилотсыз ұшу аппараты, сондай-ақ жергілікті тұрғындардан азаматтар жұмылдырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 27 Наурыз, 2024
Қостанай облысында 12 адам Ми-8 тікұшағымен құтқарылды
Төтенше жағдай министрлігі «Қазавиақұтқару» қызметкерлері Ми-8 тікұшағымен Қостанай облысындағы Екідің елді мекенінің маңындағы Қонай қыстауынан 12 адамды құтқарды.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2024
Маңғыстауда жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты
Маңғыстау облысындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Наурыз, 2024
Ақтауда үйдің шатырынан ер адамның мәйіті табылды
Ақтаудағы 12-ші шағын ауданда орналасқан 34-ші үйге жапсарлас тұрған ғимарат шатырынан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Наурыз, 2024
6 жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен ер адам табылды
Ақмола полицейлері жоғалған елорда тұрғынын облыс аумағында тапты. Қорғалжын аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Шалқар ауылында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде елорданың хабар-ошарсыз кеткен 40 жастағы тұрғыны орналасқан жерді анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz aqmola_pd инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Құтқарушы • 09 Наурыз, 2024
Өрттен 3 ересек адам мен 2 бала құтқарылды
Солтүстік Қазақстан облысындағы Петерфельд ауылында 2-қабатты тұрғын үй кіреберісіндегі электр қалқанында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Наурыз, 2024
Мерекеге орай жолаушылар пойызында гүлдер мен сыйлықтар таратылды
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай елордалық теміржол вокзалдарының перрондары мен пойыздарында жүзден астам әйел жолаушыларға гүлдер мен сыйлықтар табысталды. Өз кезегінде сыйлық алған әйелдер қауымы жолсеріктерге жылы лебіздерін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Наурыз, 2024
Оқушылар тірідей жанып кетті: Ақтөбеде жол апатынан 8 адам қайтыс болды
Ақтөбе облысында жол-көлік апаты бүгін сағат 08:36-да тіркеліп, 8 адам көз жұмған. Бір көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 04 Наурыз, 2024
Өскеменде тұрғын үй өртінен бір адам қаза тапты
Өскемен қаласында пәтер өртеніп, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Наурыз, 2024
Президент Сейдахмет Құттықадамның отбасына көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі журналист, ғалым, қоғам қайраткері Сейдахмет Құттықадамның дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушы • 27 Ақпан, 2024
«Төртеуі шетелдік»: Қар құрсауынан 7 адам құтқарылды
Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды, оның 4-еуі шетел азаматы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 23 Ақпан, 2024
Полицейлер шопандарды жаяу жүріп іздеп тапты
Абай облысында полицейлер қатты аязда адасқан шопандарды жаяу жүріп іздеп тапты. 22 ақпанда сағат 01:24-те «103» арнасының операторынан Жарма ауданындағы Шабақ қыстауынан шамамен 4 км қашықтықта екі ер адамның көмек сұрағаны туралы өтініш келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Ақпан, 2024
Теміржолды белгіленбеген тұстан кесіп өтудің 6179 фактісі анықталды
Биыл 6000-нан астам азамат белгіленбеген жерден темір жол төсемін кесіп өткені үшін жауапкершілікке тартылған. Өткен аптада пойыздардың адамдарды қағып кетудің 5 фактісі тіркелген. Жазатайым оқиғалар Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының аумағында болып, оның үшеуінде адамдар жарақат алса, екеуі өліммен аяқталған. Бұл туралы департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-тің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 19 Ақпан, 2024
«Сөндірілмеген шылымнан тұтанған от»: Жатақхана өртеніп, 40 адам эвакуацияланды
Көкшетаудағы жатақхананың өртенуіне сөндірілмеген темекі себеп болған. 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Ақпан, 2024
Адам ұрлап, терроризмді насихаттаған 8 қылмыстық топ ұсталды (видео)
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 8 өңірде Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратурамен бірлесіп арнайы операция жүргізді. Бір мезетте жүзеге асырылған іс-қимыл кезінде 8 қылмыстық топ қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Ақпан, 2024
Маңғыстауда жоғалған екі адам үш күннен соң табылды
Маңғыстау облысында үш күннен бері хабар-ошарсыз кеткендер табылды. Туыстары жоғалған адамдардың 9 ақпаннан бастап байланысқа шықпағанын айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 10 Ақпан, 2024
Екі көлік соқтығысып, 3 адам көз жұмды
Қызылорда қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қайтыс болып, 1 адам жарақаттанған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Ақпан, 2024
Біреуі дін аман. Түркістан облысында жоғалған екі азамат табылды
Түркістан облысында 7 ақпанда 1975 және 1989 жылдары туған екі адам Түлкібас ауданының Керейт ауылынан мал іздеуге шығып, ауа райының қолайсыздығынан адасып кетті, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 08 Ақпан, 2024
Алматыдағы лай көшкіні: 3 адамның денесі табылды
Алматы қаласы Медеу ауданы, Тау самалы шағынауданындағы екі үйді лай көшкіні басып қалғаны хабарланған еді. Іздеу-құтқару жұмыстары нәтижесінде іздестірілген 4 адамның да денесі табылды, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 08 Ақпан, 2024
Алматыдағы лай көшкіні: Бір адамның мәйіті табылды
Алматыда лай көшкіні болған жерден бір ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.