сала
Білім • 18 Маусым, 2020
Колледждер автоматтандырылған режімде құжат қабылдайды
Кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту мен сапасын арттыру арқылы сұраныстағы мамандарды қысқа мерзімде даярлап шығуға болады. Осы ретте кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамыту мен жаңғырту мақсатындағы үш жылға арналған "Жас маман" жобасы аясында 180 колледждің материалдық-техникалық базасының жаңартылуы үшін бюджеттен 56 млрд теңге қарастырылды. Осы уақыт ішінде колледждерді жабдықтау, бағдарламаларын жаңарту және кадрларды оқытып, сол бағдарламамен жұмыс істеуге бейімдеу сияқты міндеттерді жүзеге асыру мақсаты қойылған.
Білім • 18 Маусым, 2020
Тәрбиешілердің терезесі теңесті
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасының (PISA) зерттеуіне сәйкес, мектепке дейінгі білімі жоқ оқушылар мектепте нашар және құрдастарынан бір курстан аса уақытқа артта қалады. Себебі педагогикалық ғылымда адам миының 85%-ы 5 жасқа дейін дамитыны түрлі ғалымдардың зерттеулері мен еңбектері арқылы дәлелденген. Осы тұрғыда министрліктің балаларды ерте жастан дамытуға ерекше мән бергені қуантады. Бұл бағыттың Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына енгізіліп, іске асырылып, нақты нәтижелердің көріне бастауы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қызметіне кіріскен уақытымен тұспа-тұс келгенінін атап өту керек.
Видео • 15 Маусым, 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік саладағы реформалары
Мемлекет басшысы бір жылдың ішінде көптеген маңызды шешім қабылдады.