ек
Қазақстан • 11 Маусым, 2024
Қазақстан-Өзбекстан шекарасында кептеліс пайда болды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Өзбекстанмен шекарадағы кей өткізу бекеттерінде жөндеу, жолды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осыған байланысты шекарада көлік кептелесі пайда болды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 11 Маусым, 2024
«Әлсіздік байқалады» - Олжас Бектенов әкімдіктерді сынға алды
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысында болған жөндеу және құрылыс жұмыстарының барысын жақсы деп бағалады. Бұл ретте Үкімет басшысы басқа өңірлер әлі қажетті қарқынды ала-алмай отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 11 Маусым, 2024
Атырауға Қытайдан гуманитарлық көмек келді
10 маусымда Қытайдың шығыс жағалауындағы ірі Ляньюньган портынан Атырауға гуманитарлық жүк келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Маусым, 2024
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 10 Маусым, 2024
Елді мекендерді көгалдандыру мәселесі талқыланды
Алматы қаласында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Онда республикамыздың қалалары мен елді мекендерін көгалдандыру мәселелері сөз болды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Маусым, 2024
БҚО-да 9 мамыр күні, кешкі сағат 20:00 шамасында екпінді жел соғып, бірнеше елді мекенде ғимараттар мен электр бағандарына залал тиді, деп жазады Egemen.kz uralskweek.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 10 Маусым, 2024
Елімізде балаларды спорт секцияларына қабылдау тәртібі өзгерді
Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларына мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл Туризм және спорт министрлігінің 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрығы негізінде жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Маусым, 2024
Мектептерге автобустар берілді
Облыстағы 88 мектептің 18-інде оқушыларды көлік арқылы тасымалдауға тура келеді. Сондықтан, бұл мектептерді арнайы автобустармен қамту қажеттігі айтпаса да түсінікті.
Мәдениет • 07 Маусым, 2024
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен 2024 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Маусым, 2024
Қазақтың белгілі саясаткері Бексұлтан Тұтқышев қайтыс болды
Қазақстанның саяси және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының депутаты Бексұлтан Тұтқышев 75 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 07 Маусым, 2024
Биылғы ҰБТ-да талапкерлер қай пәнді жақсы тапсырды?
Бүгін, 7 маусымда Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) аралық нәтижелері туралы ақпарат ұсынды. Белгілі болғандай, талапкерлер «Оқу сауаттылығы» пәнінен жақсы нәтиже көрсеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Маусым, 2024
Ел тұрғындарына Құрбан айтта демалыс беріле ме?
Бүгін һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Сәйкесінше, Арапа күні биыл 15 маусымға сәйкес келеді. 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Маусым, 2024
Тасқын: Уақытша паналау бекеттерінде 4645 адам бар
Су тасқыны жағдайы бойынша ТЖМ соңғы деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 07 Маусым, 2024
Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үй құрылысын тексерді
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Маусым, 2024
Қызылорда облысында 851 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Қызылорда қаласы прокуратурасының қадағалау актілері бойынша жалпы құны 55 млн теңге болатын 851 га жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Маусым, 2024
БҚО-да 45 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды
Батыс Қазақстан облысында прокуратура шаруа қожалықтарының нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz қадағалау органының сайтына сілтеме жасап.
Білім • 07 Маусым, 2024
Ғылыми жобаларға грант беру тәртібі қалай өзгереді?
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Atameken Business телеарнасының «Exclusive» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 07 Маусым, 2024
Жәнібек Әлімханұлы «Канелоға» қарсы жекпе-жекке дайындалып жатыр
Қазақ кәсіби боксшысы, WBO және IBF белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы АҚШ уақытымен 13 шілде күні Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жек өткізеді, деп жазады Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
Білім • 06 Маусым, 2024
Сенатор мектептегі оқу пәндерін азайтуды ұсынды
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Алтынбек Нухұлы Қазақстанда оқу пәндері дамыған елдермен салыстырғанда 2,5 есе көп екенін айтып, олардың санын азайтуды ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 06 Маусым, 2024
Мұхтархан Ділдәбеков Париж Олимпиадасында қай боксшыларға сенім артатынын айтты
Бокстан Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков SPORT+ басылымына берген сұхбатында Париж Олимпиадасында бақ сынайтын боксшылардың бабы туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 06 Маусым, 2024
«413 млн теңгені ұрлау ісі»: Сот Ақтөбедегі мектеп директорына үкім шығарды
Ақтөбе №2 соты №55 орта мектеп-гимназиясының директорын ұрлық жасау ісі бойынша және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 06 Маусым, 2024
130 млн халқы бар Мексиканы алғаш рет әйел басқарады
Мексикада өткен президент сайлауында тұңғыш рет әйел адам жеңіске жетті, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Маусым, 2024
Қазақстан мен Қырғызстан авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын нығайтты
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі және Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігі (ҚРМК ААМА) ұшу қауіпсіздігінің, авиациялық қауіпсіздіктің деңгейін арттыру және авиация саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін азаматтық авиация саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Маусым, 2024
Көшпелілер ойындары: спортшылардың дайындығына арналған кешенді ғылыми топ құрылды
Биыл күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпелілер ойындары қарсаңында спортшылар мен спорттық жылқылардың жағдайын зерттеуге арналған 2 кешенді ғылыми топ құрылды. Олардың бірі атбегілікпен, екіншісі ұлттық спорт түрлерінің спортшыларын даярлаумен айналысады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 06 Маусым, 2024
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Маусым, 2024
Алматыда заңсыз жұмыс істеген 27 Өзбекстан азаматы ұсталды
Алматы қалалық полициясы заңсыз жұмыс істеген 27 Өзбекстан азаматын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 05 Маусым, 2024
Президент Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына барды
Мемлекет басшысы медициналық авиация және жедел жәрдем қызметтерінің, науқастарды қабылдау бөлмелерінің жұмысын үйлестіретін орталықтың қызметімен танысты. Кешенде 250 орындық стационар бар, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 05 Маусым, 2024
Су тасқыны болған Жылыой ауданында 617 түлек ҰБТ тапсырады
Биыл су тасқынынан зардап шеккен Жылыой ауданында 617 түлек ҰБТ тапсыруға өтінім берген, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 05 Маусым, 2024
Екібастұз ЖЭО-ны жаңғыртуға 3,4 млрд теңге бөлінді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Екібастұз ЖЭО-ны одан әрі жаңғыртуға Үкімет резервінен қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды. Аталған жұмыс Мемлекет басшысының республикадағы ТКШ инфрақұрылымын кешенді қалпына келтіру жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде атқарылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 05 Маусым, 2024
Қазақстан халықаралық дипломатияны қолдайды - СІМ
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған халықаралық күш-жігерді толық қолдайтынын білдіретін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.