ер
Парламент • 25 Желтоқсан, 2024
Биыл Мәжіліс 106 заң жобасын қарап, 37 заңды қабылдады. Оның ішінде 19 заңға Президент қол қойған. Бүгін Парламент жылды қорытындылап, жуырда депутаттар өңірлерге іс сапарға шығатыны айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 25 Желтоқсан, 2024
Білім сапасын арттырудағы маңызды қадам: жаңа мектептер мен балабақшалар
Тәуелсіздік күні қарсаңында елімізде бірнеше жаңа оқу орындары ашылды, бұл білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі оқиғалардың бірі болды. Бұл нысандар Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Жаңадан бой көтерген білім нысандары оқушылардың оқу жағдайларын жақсартуға және мәдени, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2024
Қаңтар айында ел азаматтары қалай демалады
2025 жыл қазақстандықтар үшін жаңа жылмен қатар ұзақ мерзімді келген демалыс күндерінен басталады. Мереке күндерін және тұрақты демалыс күндерін қоса санағанда бұл айда барлығы 11 күн демалыс берілген, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 25 Желтоқсан, 2024
Жыл қорытындысы: Қарулы Күштер ұшқышсыз ұшу аппараттарын өрістетті
Мемлекет басшысының – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы шеңберінде Қазақстан армиясын жоғары дәлдікті және жоғары технологиялық қару-жарақпен, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жабдықтау басым бағыттардың бірі болып табылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 25 Желтоқсан, 2024
Бокстан Қазақстан чемпиондарының есімдері белгілі болды
Бокстан Қарағанды қаласында өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Тартысты өткен бәсекелерден кейін еліміздің әр салмақ дәрежесіндегі үздіктері анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 25 Желтоқсан, 2024
Су тасқыны: Үкімет ел басына туған ауыр сынақты қалай еңсерді
Беріктік пен бірлік сынағы көктемгі су тасқыны түріндегі табиғи апат болды. Кең көлемді су тасқыны қаупіне жауап ретінде Үкімет ІІМ, ТЖМ және басқа да мемлекеттік органдардың күштерін апаттық-құтқару жұмыстарын жедел жүргізу үшін пайдаланды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2024
ҚФФ Черчесовке қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан футбол федерациясы желіде таралған Станислав Черчесовтің қызметінен кетуі туралы ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2024
Қарағандыда кибералаяқтық схемасы әшкереленді
ҚР Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен Қарағанды облысы полиция департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жақын шет елдердің бірінің 22 жастағы азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2024
Көшпелілер ойындары - спорт пен салт-дәстүрдің жарқын үйлесімі болды
Биыл қыркүйектің 8-13 аралығында Астанада көшпелілер әлемін біріктірген бірегей дода - V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтті. Бас қаланың сән - салтанаты мен ұлтымыздың салт-дәстүрін, түркі жұртына ортақ ұлттық спортты бір арнаға тоғыстырған бәсеке осы жылдың айтулы оқиғасы болды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Желтоқсан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2024
«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында 271 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2024
Арқалықта жедел жәрдем көлігі науқасқа жете алмай қалған
Бүгін Арқалық қаласында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып, науқасқа жете алмай қалған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2024
2025 жылдан бастап дербес кассациялық соттар қызмет етеді
ҚР Президентінің 2024 жылғы 5 шілдеде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізілген еді.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2024
Пойыздарда интернет қашан қолжетімді болатыны айтылды
Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин 2025 жылдың басында пойыздарда пилоттық режимде интернет пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 23 Желтоқсан, 2024
«Астана сазы» фольклорлық ансамблі жеке концерт берді
«Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі Астанада жеке концертін өткізді, деп жазады Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Заң • 23 Желтоқсан, 2024
Жерді пайдалану конкурсы кезінде заңсыздықтар анықталған
2023 жылдың жазында жер комиссиясы Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданының әкімдігі шаруа қожалығы өткізген конкурстың жеңімпазын анықтап, 247 га жер телімін 10 жылға жалға беру шарты жасалған, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 23 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Президентке ведомство жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы туралы ақпарат берілді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2024
Балалар қолында – «Мейірбектің көгершіні»
Алматы қаласы А.Қарсақбаев атындағы №41 мектепте Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың иегері, белгілі балалар жазушысы Бақыт Досымовтың «Мейірбектің көгершіні» атты әңгімелер жинағының таныстырылымы өтті.
Оқиға • 23 Желтоқсан, 2024
Көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды
Елордалық прокуратураның шараларымен көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2024
Ауа райына байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды
«ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ» көлік жүргізушілеріне бірқатар облыстардағы тас жолдарда ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 22 Желтоқсан, 2024
Министр Қостанайда фельдшердің соққыға жығылуына қатысты пікір білдірді
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желідегі парақшасында Қостанайда жедел жәрдем фельдшерінің соққыға жығылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Архив • 22 Желтоқсан, 2024
22 желтоқсан – архив саласы қызметкерлерінің мерекесі
Бүгін, 22 желтоқсан, ел тарихын сақтап, ұрпаққа мұра етіп қалдыруға зор үлес қосып жүрген архив саласының мамандары күні, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 21 Желтоқсан, 2024
Риддер жылу орталығында жарылыс болып, алты адам зардап шекті
Риддер қаласындағы жылу-электр орталығында (ЖЭО) жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Риддер қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 21 Желтоқсан, 2024
Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды
Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі атанды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Қылмыс • 21 Желтоқсан, 2024
Атырауда зейнеткерді ұрып өлтірген азаматқа сот үкім шығарды
Атырауда көлігін абайсызда сырып кеткен зейнеткерді ұрып өлтірген азаматқа сот үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 20 Желтоқсан, 2024
Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған конференция өтті
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы заманауи психологиялық көзқарастар: теория және тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Ғылым • 20 Желтоқсан, 2024
Ұлттық ғылым академиясы жаңадан сайланған академиктерді таныстырды
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында жаңа сайланған академиктерді таныстыру рәсімі өтті.
Сенат • 20 Желтоқсан, 2024
Ауылдық жерлердегі әйелдердің экономикалық белсенділігі әлі де төмен - Сенат төрағасы
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен Палата жанындағы Сарапшылар клубының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 20 Желтоқсан, 2024
Дәрігер мен науқас арасындағы өзара байланыс қайтсе нығаяды
Дәрігерлік тәжірибе – ғылым мен технология ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас жасау өнері. Дәрігер мен науқас арасындағы өзара байланыстың сапасы көп жағдайда емдеу нәтижесін айқындайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 20 Желтоқсан, 2024
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан футбол федерациясының ХХVІ кезектен тыс конференция отырысы өтті. Іс-шара барысында федерацияның жаңа президенті сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.