Ет
Аймақтар • 17 Ақпан, 2024
Көкшетауда апат болып, 20-ға жуық үй сусыз қалды
Көкшетауда су құбыры жарылып, 20-ға жуық үй судан ажыратылды. Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Ақпан, 2024
Петропавлда тұрғын үйден өрт шығып, екі адам ауруханаға түсті
Петропавлда 2 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы 70 шаршы метр аумақтан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2024
Ұлттық ұлан сержанты қарияны құтқарып қалды
Оқиға 15 ақпан күні сағат 11:00 шамасында болды. Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің 1 атқыштар ротасы бақылаушыларының 2 взводының маманы бақылаушы сержант Болат Ысқақов Қостанай қаласының Қайырбеков көшесі, 385 мекенжайы бойынша орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердің бірінен шыққан түтінді байқаған.
Қоғам • 16 Ақпан, 2024
«Зорлық-зомбылық жоқ қоғам»: Балалар өмірді бейнеледі
Алматыдағы БҰҰ кеңсесінде «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» қоғамдық маңызды жоба басталды. Бастамашы топ қоғамды алаңдатып отырған түйткілді мәселенің алдын алу мақсатында республикалық балалар суреттерінің байқауын ұйымдастырды. Алты айға созылатын іс-шара аясында іріктеу кезеңінен өткен жұмыстар Аустрияның астанасы Вена және Алматы қаласында өтетін көрмеге қойылады.
Мәдениет • 16 Ақпан, 2024
Түрікменстанда Қазақстанның мәдени күндері өтеді
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Реджеппен кездесті. Жүздесуде Қазақстанның Түрікменстанда өтетін мәдени күндерінің жоспары талқыланды, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 16 Ақпан, 2024
Жұмыртқа құнына шекті баға қою ұсынылды
Сауда комитеті нарықтағы қымбатшылықтың алдын алу мақсатында жұмыртқаға шекті баға қоюды ұсынды. Мамандар осы мақсатта құс өсірушілер одағы мен еліміздің жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының, құс фабрикаларының басшыларымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Ақпан, 2024
Президент Қатарға жасаған алғашқы жұмыс сапарын қорытындылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісіндегі парақшасында Қатар Мемлекетіне жасаған алғашқы сапарының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 15 Ақпан, 2024
Төрт жастағы бала да Тik-Тok көреді – сенатор
Сенат отырысында депутат Әлішер Сатыбалдиев Тik-Тok желісі алаңында жағымсыз көріністердің таралып жатқаны туралы мәселе көтерді, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 15 Ақпан, 2024
Жошы кесенесінің жанына қалталы жақынын жерлеген. Бекет ата - жекенің меншігінде - Дархан Қыдырәлі
Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі еліміздегі тарихи-мәдени мұраларды сақтау, қорғауды жүзеге асыратын заң қауқарсыз екенін айтып, депутаттық сауал жолдады. Ол қауқарсыз құжат салдарынан құндылықтарымызды қорғау қиын болып тұрғанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Ақпан, 2024
«Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылады
Қазақстанда «Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылып, барлық материалдар Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдерінде, сондай-ақ қазақ және түрік тілдерінде ұсынылады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 15 Ақпан, 2024
Мемлекеттік қызметшілер көшбасшылық бағдарламалар бойынша оқытылады
БАӘ-мен үкіметаралық келісім аясында еліміздің мемлекеттік қызметшілері көшбасшылық бағдарламалар бойынша оқытылатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz МҚІА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 15 Ақпан, 2024
Полиция 6 миллион теңге жымқырған күдіктіні ұстады
Батыс Қазақстан облысында полиция супермаркеттен 6 миллион теңге ұрлаған қарақшыны ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2024
Жетісу облысында алғашқы үшем дүниеге келді
Талдықорған қаласының 28 жастағы тұрғыны үшем дүниеге әкелді. Бұл – Жетісу облысы жаңадан құрылғаннан бері өмірге келген алғашқы үшем. Сәбилеріне Зейнеп, Зейін, Зейнұр деген есім берген Дүмбергеновтердің тұңғышы қазір 10 жаста. Сөйтіп жас отбасы көпбалалы атанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2024
Көкшетау полицейлері тұғындарды өрттен құтқарды
Көкшетау қаласының полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарды өрттен арашалап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Үкімет • 14 Ақпан, 2024
Үкімет басшысы Қарағанды облысының өндірістік кәсіпорындарын аралады
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, бірқатар негізгі өндірістік кәсіпорынды аралады, сондай-ақ өнеркәсіп секторының өзекті мәселелерімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Ақпан, 2024
ҚазҰУ студент қыздардың жеке деректерін кім таратқанын анықтады
Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті әлеуметтік желіде университетте оқитын студент қыздардың жеке, медициналық деректерінің таралып кетуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Ақпан, 2024
Әлемдік Гран-при жарысы: Параспортшылар үш медаль жеңіп алды
БАӘ-нің бас қаласы Дубайда пара жеңіл атлетикадан «Fazza» әлемдік Гран-при жарысының алғашқы күнінде Қазақстан спортшылары 2 күміс пен 1 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Ақпан, 2024
Айтуар Қошмамбетов Мәжіліс депутаты атанды
Бүгін Айтуар Қошмамбетов Мәжіліс депутаты ретінде ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Ақпан, 2024
«Өзіне оқ атқан». Көкшетауда 1-курс кадеті көз жұмды
Кеше Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледждің 1-курс кадеті көз жұмды. Оқыс оқиға болғанын Қорғаныс министрлігі де растады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 13 Ақпан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барды
Қазақстан Президентін Дохадағы «Хамад» халықаралық әуежайынан Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 13 Ақпан, 2024
Елімізде 110 су шаруашылығы нысаны жөндеуден өтеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі вегетациялық кезеңге дайындық шеңберінде 110 су шаруашылығы нысанын жөндеуден өткізуге ниетті. Бұл тасымалдау кезіндегі су шығынын азайтуға және суармалы алқаптарды сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2024
«ҚазАзот» өнімі алғаш рет Ақтау порты арқылы әлемдік нарыққа шығарылды
13 ақпан күні «ҚазАзот» зауыты өнімінің жөнелтілімі алғаш рет Каспий теңізі және Әзербайжан аумағындағы Говсан порты арқылы Грузиядағы Батуми теңіз портында ауыстырып тиеумен жүзеге асырылды. Сондай-ақ алдағы уақытта жергілікті жерде өндірілген аммиак селитрасы көлік-логистикалық тізбек нәтижесінде бүкіл әлем бойынша соңғы тұтынушыларға жөнелтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық Коммуникация орталығы «КазАзот» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 13 Ақпан, 2024
Атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгереді
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жүйесі өзгереді. Көмек енді шын мұқтаж отбасыларға ғана беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бағытта жемқорлық тәуекелдері болмауы үшін қаржылай көмек тағайындау процесі цифрландырылатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Ақпан, 2024
Астанада алғаш рет пара үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді
«ITTF fa20 Astana para open 2024» халықаралық турниріне 19 елден 150-дей пара спортшы қатысады. Аталған байрақты бәсеке наурыз айының 1-3 күндері аралығында «add Table Tennis Center Astana» үстел теннисі орталығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Ақпан, 2024
Қазақстанда Саха республикасының мәдени күндері өтеді
Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Саха Республикасының Мәдениет және рухани даму министрі Афанасий Ноевпен кездесіп, ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2024
«ҚазАвтоЖол» қызметкері міндетін атқару кезінде қайтыс болды
Қайғылы оқиға 10 ақпан күні Самара-Шымкент тас жолының 1285 шақырымында болған. Қызылорда қаласындағы «ҚазАвтоЖол» филиалының қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 13 Ақпан, 2024
Жаңадан тағайындалған министрлер ант берді
Бүгін Үкімет құрамындағы жаңа министрлер ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 13 Ақпан, 2024
Жаңақорғанда білім беру саласының қызметкерлері сотталды
7 ақпанда Жаңақорған аудандық соты «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Б. Ибрагимовқа, бас бухгалтері К. Аязбаеваға және 24 мектептің бухгалтерлеріне қатысты үкім шығарды. Олар жалпы сомасы 1 млрд теңгеден аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар қатаң жазаланады
Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау оқиғалары жиілеп кетті. Осыған байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілеріне шабуыл жасау фактілері бойынша айып тағылған тарапты жауапкершілікке тартуды қатаңдату керектігін алға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 12 Ақпан, 2024
Үкімет басшысы мемлекеттік сатып алу үдерісін жеңілдетуді тапсырды
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында отандық тауарлардың үлесін арттыра отырып, оларды түбегейлі жеңілдетуді және жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.