Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 06 Маусым, 2026
Павлодардағы арнайы экономикалық аймақта табысты жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның бірі – «KazCenospheres» ЖШС. Халықаралық «Kusto Group» инвестициялық тобының қатысуымен іске асырылған зауыт алюмосиликатты микросфераны, яғни жеңіл күл түйіршіктерін дайындап, шетелге экспорттап отыр.
Аймақтар • 06 Маусым, 2026
Түркістанда 3 мыңнан астам адам баспаналы болды
Түркістан қаласында 512 отбасы, яғни 3 мыңнан астам адам баспаналы болды. Қаладағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінде Мемлекеттік рәміздер күні қоныстойын тойлаған отбасылардың қатарында әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар, көпбалалы отбасылар бар.
Руханият • 06 Маусым, 2026
«Атынан ат үркеді. Ғабит Мүсіреп. Ұлы ақын Александр Пушкиннің туған күнінде дүние есігін ашқан бала. Бас сүйегі, жүріс-тұрысы, дауыс мақамы Әбіш Кекілбайұлына келеді. Жер бетіндегі классиктердің элементтерін бойына жинап алған оның өзіндік ерекшеліктері де көп. Ана сүті, ата күшімен келген туа біткен қасиеттеріне қызықпау мүмкін емес».
Аймақтар • 06 Маусым, 2026
Тараз қаласында көкөніс қоймасы іске қосылды
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы іс-шаралар ешқашан толастаған емес. Әсіресе ел билігі көкөніс қоймаларының тапшылығын жою міндетін жүктегелі бері өңірлерде жұмыс қыза түсті. Бұл бағытта Жамбыл өңірінде де ауқымды шаруалар атқарылып жатыр. Облыс орталығы Тараз қаласында салынған үлкен қойма – соның дәлелі.
Руханият • 06 Маусым, 2026
Кеңшілік десе, менің көз алдыма алпысыншы жылдардың ортасындағы Алматы келеді. Кең-байтақ қазақ жерінің қойын-қолтығынан ағылып, астана босағасын бір-бір арманның жүгін арқалап аттаған бозбала жігіттер, боз көйлекті қыздар еске түседі. Жырдан басқа жүректерінде лыпа жоқ... Өлеңнен өзге өзекті қарыған арман жоқ! Әділет, ақиқат, адалдық, шындық, білік, білім ұлтқа ұран болған, ұрпаққа қағидасыз құран болған, арман қуып алданған үлкен кезеңнің келе-келе көбімізді қырсыз күреске, тиянақсыз тіреске алып барарын ол кезде біз білдік пе? Әділін айту керек, білген жоқпыз. Қырсыздығымыздың төркінінде – адалдық, тиянақсыздығымыздың төркінінде аңғалдық жатқанын да енді-енді танып, біліп отырмыз.
Экономика • 06 Маусым, 2026
Салық төлеуді кейінге қалдырғандар ұтты...
Биылғы 1 қаңтардан бастап елімізде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін қаражатқа жеке табыс салығы салынбайды. Жаңа Салық кодексіндегі бұл өзгеріс қызу талқыланған мәселеге айналды. Себебі кейінгі бірнеше жылда мыңдаған отандасымыз зейнетақы жинағындағы «артық ақшасын» тұрғын үй алуға, ипотека жабуға немесе емделуге пайдаланып, сол кезде 10 пайыз салық төлеген еді. Енді көпшіліктің көкейінде «бұрын төленген салық қайтарыла ма?» деген сұрақ тұр.
Қоғам • 06 Маусым, 2026
Жасөспірімдердің еңбек баспалдағы
Мектеп оқушылары жазғы демалыс кезінде ресми түрде жұмыс істеп, 100 мың теңгеге дейін табыс таба алады. Бұл мүмкіндік 14 жастан асқан азаматтарға арналған. Бос орындар тізімі Enbek.kz платформасындағы «Менің жазғы демалысым» бөлімінде жарияланады.
Технология • 06 Маусым, 2026
Өңірімізде жастардың ғылым мен әлеуметтік жауапкершілікті ұштастырған бастамалары көбейіп келеді. Бірі ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған дамытушы құрал әзірлесе, енді бірі төтенше жағдайда адам өмірін құтқаруға бағытталған робот жасап шығарды. Бұл жобалар жас буынның жаңашыл ойы мен қоғамға пайдалы болуға деген ұмтылысын айқындайды.
Елорда • 06 Маусым, 2026
Дамуы уақытпен жарысқан елорданың негізгі қуаты – жастар. Жасампаз идеяға толы олар Астананың тыныс-тіршілігіне жаңаша серпін беріп келеді. Волонтерлік қозғалыстағы белсенділігімен қатар, шағын және орта бизнестегі үлесі, ғылым мен инновация саласындағы жобалары бас қаланың әлеуметтік-экономикалық тамырына қан жүгіртіп отыр.
Білім • 06 Маусым, 2026
Өңір басшысы Асайын Байханов халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда топ жарған, жүлдегер атанған дарынды оқушылармен кездесті.
Білім • 06 Маусым, 2026
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сәйкес 10 мамырдан басталған негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеу осы уақытқа дейін шамамен 139 мың рет тапсырылған.
Әлем • 06 Маусым, 2026
Басқа басылымдардан: Қазақстан аймақтық серіктестер қатарына қосылды
Қазақстан Орталық Азия, Кавказ, Түркия мен Еуропа арасындағы сауда мен жүк ағынын арттыратын негізгі көлік дәлізі «Баку – Тбилиси – Карс» теміржолының ресми іске қосылуына қатысып, аймақтық серіктестердің қатарынан табылды.
Экономика • 06 Маусым, 2026
Браззавильмен алыс-беріс арта түседі
Қазір Африка елдері елімізбен ынтымақтастық орнатуға ден қойып отыр. Соның бірі – Конго Республикасы. Олар әсіресе Қазақстанның цифрлы жүйесіне қызығушылық танытып, тәжірибе алмасуды көздейді.
Саясат • 06 Маусым, 2026
Еуразия кеңістігіндегі серіктестік бағдары
Өткен аптада Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің елімізге жасаған мемлекеттік сапары екіжақты қатынастар тарихындағы маңызды белестердің бірі болды. Бұл сапар тек дипломатиялық рәсімдер аясындағы кездесу емес, сонымен қатар Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі мазмұнын айқындап, оның болашақтағы даму бағдарларын белгілеген маңызды саяси оқиға ретінде есте қалары сөзсіз.
Экономика • 06 Маусым, 2026
Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 06 Маусым, 2026
C5+1 формат: Мәдени ықпалдастықты ілгерілету бастамасы
Ташкент қаласында Орталық Азия елдері мен АҚШ мәдениет министрлерінің C5+1 форматындағы кездесуі өтті. Жиын барысында тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылап, мәдени мұраны сақтау және креативті индустрияларды қолдау бағытындағы өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін қарастырды.
Саясат • 06 Маусым, 2026
Каспий мен Жайықтың мәселесі талқыланды
Атырауда Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен елімізде Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның XII отырысы өтті. Жиында Каспий теңізі мен Жайық өзенінің су экожүйелерін орнықты басқару мәселелері талқыланды. Сондай-ақ сенаторлар өңір жұртшылығымен, бірқатар әлеуметтік, өндірістік нысандардың еңбек ұжымдарымен кездесті.
Ауа райы • 06 Маусым, 2026
Оңтүстікте аптап ыстық, солтүстікте жаңбыр: 6 маусымға арналған ауа райы болжамы
Елдің оңтүстігінде ауа температурасы 35 градустан жоғары болады деп болжануда, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 05 Маусым, 2026
Азов теңізіндегі дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тапты
Азов теңізінде жүк кемелеріне жасалған ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылы салдарынан бес Әзербайжан азаматы қаза тауып, тағы үш адам жарақат алды. Бұл туралы Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Спорт • 05 Маусым, 2026
Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына шықты
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Франция ашық чемпионатының (Roland Garros) жұптық сайысында финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 05 Маусым, 2026
Шымкентте Ресейден заңсыз әкелінген 11,8 мың жұмыртқа жойылды
Шымкент қаласында Ресейден заңсыз әкелінген тауық жұмыртқаларының ірі партиясын сату әрекетінің жолы кесілді. Заң бұзушылық Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, Шымкент қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен Қазақстан құс өсірушілер одағының бірлескен жұмысы барысында анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 05 Маусым, 2026
Емхана қызметкері болып хабарласқан алаяқтардан сақ болыңыз
Ел тұрғындарына дәрігердің қабылдауына жазылуға қатысты алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 05 Маусым, 2026
Өскеменнің жылу мәселесін жаңа ЖЭО шешпек
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп, өңірдің энергетика саласындағы ахуал мен жүзеге асып жатқан инфрақұрылымдық жобалар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 05 Маусым, 2026
Шорт-трек пен конькимен жүгіруден Ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес Қазақстан командасының бас бапкері ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 05 Маусым, 2026
2030 жылға дейін Астанадағы 197 апатты үйдің мәселесі шешіледі
Елорда мәслихаты тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасын бекітті. Бағдарламаны қабылдауға қала халқы санының қарқынды өсуі себеп болып отыр. Болжам бойынша, 2035 жылға қарай Астана тұрғындарының саны 2,3 миллион адамға жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 05 Маусым, 2026
Ресей мен Украина тұтқын алмасты
«Радио Свобода» басылымының жазуынша, Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасқан. Келісімге Біріккен Араб Әмірліктері арағайын болған, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 05 Маусым, 2026
Сахнаға сұраныс артты: театрларға ағылған көрермен саны 600 мыңнан асты
Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы – мемлекеттік театрлар. Олардың қатарында 11 республикалық және 48 өңірлік театр бар. Бұл көрсеткіш театр өнерінің өркендеп, сахна мәдениетіне деген жұртшылық қызығушылығының арта түскенін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 05 Маусым, 2026
Астананың жаңа әуежайы қаладан 48 шақырым жерде орналасуы мүмкін
Мәслихат депутаттары елорданың Бас жоспарына енгізілген түзетулерді мақұлдады. Құжатта Астана – Көкшетау тасжолы бойындағы, Шортанды кенті маңындағы аумақ жаңа әуежай салуға ең қолайлы орын ретінде көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 05 Маусым, 2026
Қауіпті статистика: елордада балалар қатысқан жол апаттары күрт өсті
Елордада балалардың жол-көлік оқиғаларынан зардап шегу көрсеткіші күрт өскен. Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен 311 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,4%-ға көп. Апат салдарынан 412 бала жарақат алып, екі бала көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 05 Маусым, 2026
Еліміздегі 20 үздік педагог Оңтүстік Кореяда тағылымдамадан өтеді
Астанада алғаш рет ұйымдастырылған республикалық «EduAI: Педагогикалық хакатон» өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған ауқымды білім беру алаңы еліміздің әр өңірінен келген педагогтердің жасанды интеллект негізіндегі инновациялық жобаларын таныстырып, үздік тәжірибелерді анықтауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде 20 үздік педагог Оңтүстік Кореяға тағылымдамадан өтуге жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.