Қаз
Қазақстан • 01 Ақпан, 2023
Қазақстан Германияға мұнай жөнелте бастайды
Қазақстан ақпанның бірінші жартысында жоспарланған 300 мың тонна мұнайдың алғашқы 20 мың тоннасын Германияға жөнелтеді. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Ақпан, 2023
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 765 004 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 01 Ақпан, 2023
Алдағы үш күнде әлі де аяз сақталады
Алдағы үш күнде республиканың солтүстік жартысы әлі де жоғары қысымды өрістің ықпалында болады. Сол себепті елдің басым бөлігінде аязды, желсіз және жауын-шашынсыз ашық ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Ғылым • 01 Ақпан, 2023
Қазақстанда радиациялық модификацияланған кабельдер шығарылады
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Ядролық технологиялар паркі» АҚ өндірушілермен бірлесе радиациялық-модификацияланған оқшаулау қабаты бар мұнай-суасты және фотовольтаикалық кабельдердің алғашқы қазақстандық өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 01 Ақпан, 2023
«ҚазМұнайГазда» кадрлық өзгерістер болды
Қуаныш Құдайбергенов пен Дәулетжан Хасанов «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz «Самұрық-Қазына» қорының Telegram арнасына сілтеме жасап.
Тағайындау • 01 Ақпан, 2023
Серікқали Брекешев жаңа қызметке тағайындалды
Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол газ жобаларының дамуын қадағалайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 01 Ақпан, 2023
Қар,тұман: Бүгінгі ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің солтүстігі, шығысы солтүстік циклонның ықпалында болады, соған байланысты қар жауып, тұман күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Ғылым • 01 Ақпан, 2023
Қазақ ғалымы ерекше әдістеме ойлап тапты
Қазақстанда теңдесі жоқ ерекше әдістемені Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ «Dana bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жоғары білікті логопед-дефектологы Рауан Байчинов әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Қаңтар, 2023
Хоккейден Қазақстан құрамасы Эстонияны жеңді
18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Эстонияны жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2023
Қазақстан мен Эстония екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультацияларға қатысу үшін Астанаға сапармен келген Эстония Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия департаментінің Бас директоры Марге Мардисалу-Кахар бастаған эстондық делегациямен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 31 Қаңтар, 2023
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ашық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 31 Қаңтар, 2023
Елімізде 49 адам індет жұқтырды
Өткен тәулікте елімізде 49 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2023
Түрікменстан елшісі «Егемен Қазақстанға» келді
Бүгін «Егемен Қазақстан» редакциясына Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Батыр Реджепов келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Қаңтар, 2023
Қазақстан-Эстония арасында саяси консультациялар өтеді
2023 жылғы 31 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Эстония Республикасының сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2023
Өзбекстанда «Сергек» жүйесі іске қосылды
«Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігінің зияткерлік жүйесі Өзбекстан Республикасындағы Наманган қаласында енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 30 Қаңтар, 2023
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2023
Қазақстанда жемқорлыққа қарсы университет бағдарламасы қабылданады
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басқарма төрағасы – ректор, ҰҒА академигі Ақылбек Күрішбаев студенттермен кездесіп, жоғары оқу орнындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қадамдар жайын талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қаңтар, 2023
Астана мен Пекин арасында тікелей рейстер жанданады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қытай Халық Республикасының авиациялық билігімен бірлесіп Қазақстан мен Қытай астаналары арасында тұрақты рейстерді қайта жаңғырту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 30 Қаңтар, 2023
Мәслихат сайлауы: «Қазақстан халық партиясы» үміткерлерін ұсынды
«Қазақстан халық партиясы» елорда мәслихатының депутаттығына үміткерлерін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 30 Қаңтар, 2023
Қазақстанда пияз экспортына шектеу қойылды
2023 жылдың 28 қаңтарынан бастап елден пияз әкетуге тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2023
Екібастұздағы ЖЭО-да сегіз қазандық жаңғыртылады
Екібастұзда қаланы жылумен қамту бойынша жедел штабтың отырысы өтті. Облыс әкімі Асайын Байханов ЖЭО жабдықтары мен коммуникацияларының қалай жөнделіп жатқанын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 29 Қаңтар, 2023
Хоккей: Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
Қазақстан құрамасы Софияда шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы 2018 жылғы әлем чемпионатында ІІ дивизионның В тобында Жаңа Зеландия құрамасын ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Коронавирус • 29 Қаңтар, 2023
Қазақстанда коронавирус жұқтыру деңгейі азайды
Қазақстанда өткен тәулікте 27 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 29 Қаңтар, 2023
Елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Қазгидромет 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 28 Қаңтар, 2023
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтады
Будапешт қаласында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Мажарстан үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 28 Қаңтар, 2023
Лондонда екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Ұлыбританияға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2023
Су тасқынына дайындық жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметтің цифрлық кеңсесінде өткен кеңесте су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жедел шаралар қабылдау мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2023
Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезек енгізілді
Мемлекеттік шекара арқылы жүк көлік құралдарының өтуін ыңғайлы ету және цифрландыру үшін Мемлекеттік кірістер комитеті «Нұр Жолы» өткізу бекетінде 2022 жылғы 10 наурызынан бастап 31 желтоқсанына дейін «E-border.kz» платформасы базасында электронды кезекті енгізу жөніндегі қанатқақты жобасын жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Қаңтар, 2023
«ҚазМұнайГаз» шетелдік активтерінің тиімділігін арттырады
26-27 қаңтар күндері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Румынияның Бухарест қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Қаңтар, 2023
Қазақстан елшісі Болгария президентіне сенім грамоталарын табыстады
Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгария президенті Румен Радевке сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.