ыс
Жұмыс • 25 Маусым, 2024
Биыл 353 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында елімізде тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бағытындағы шаралар пысықталды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының биыл 1 млн-ға жуық ел азаматын жұмысқа орналастыру жөніндегі міндетінің орындалуы туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 25 Маусым, 2024
ҚМА-ның Ұлытау облысындағы департаментіне жаңа басшы келді
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Агенттік Төрағасының бұйрығымен Битанов Ерлан Жанғазыұлы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2024
Қазақстанда жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін
Елімізде уақыт белдеуінің ауысуына байланысты жұмыс уақыты бір сағат ерте басталуы мүмкін, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 25 Маусым, 2024
Ақмола облысында кәсіпорынның сейфін ұрлағандар ұсталды
19 маусымға қараған түні Ақмола облысында орналасқан кәсіпорынның бірінен сейф ұрланды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Маусым, 2024
Мемлекет басшысы Словенияның Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Словенияның Ұлттық күніне орай Президент Наташа Пирц Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Маусым, 2024
Шетелде жұмыс істеу: Қазақстанда арнайы орталықтар ашылады
Шетелде жұмыс істеуге ниет білдірген Қазақстан азаматтары елде тағылымдамадан өтеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Маусым, 2024
«Таза-Талас» коммуналдық кәсіпорын басшылары 7 жылға сотталды
Жамбыл облысындағы «Таза-Талас» коммуналдық кәсіпорнының басшылығы мемлекет мүлкін ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz
Үкімет • 25 Маусым, 2024
Үкіметте жылыту маусымына дайындық пысықталды
Бүгін өткен Үкімет отырысында жылумен жабдықтау объектілерін дайындау мәселесі талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 25 Маусым, 2024
Маңғыстаудағы мұнай кәсіпорындары миллиард теңгені жымқырды
Маңғыстау облысының прокуратурасы экономикалық тергеу департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп мұнай-газ саласының 5 кәсіпорнында тексеру жүргізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Маусым, 2024
Халықаралық жарыстар: Өткен оқу жылында оқушылар 603 медаль алды
Өткен оқу жылы қорытындысы бойынша Қазақстан оқушылары 12 халықаралық олимпиада мен ғылыми жарыстарға қатысып, әр екінші қатысушы жүлдеге ие болған, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.
Спорт • 24 Маусым, 2024
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының медальдары таныстырылды
V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын ұйымдастыру және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында медальдарды таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Маусым, 2024
Таразда болған жарылыстың себебі анықталды
Төтенше жағдай 22 маусым күні сағат 21:41-де «Қарасу» ықшам ауданындағы 26-үй аумағында болған. Үй кіреберістерінің бірінде асфальт жабыны жарылып, салдарынан электр энергиясы өшіп қалған еді. Тараз қаласының әкімдігі жарылыс себебі анықталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 24 Маусым, 2024
Қазақстанда 46 градусқа дейін ыстық болады
Синоптиктер Қазақстанда 25, 26, 27 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 24 Маусым, 2024
Астанада екі көше қиылысы уақытша жабылды
Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа-Ә.Жангелдин көшелері қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Маусым, 2024
Дағыстанда алдағы үш күн аза тұту күні болып жарияланды
Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалды. Салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлері қаза болды. Осыған байланысты Дағыстан аумағында үш күн аза тұту күні болып жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге көңіл айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Маусым, 2024
Өзінің екі баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген әйел туралы жаңа деректер шықты
Түркістан облысында өзінің екі баласын тұншықтырып өлтіріп, 15 жылға бас бостандығынан айырылған әйел туралы жаңа деректер пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Аймақтар • 23 Маусым, 2024
Ақтөбе облысында дәрі тиеген жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті
Ақтөбе облысында дәрі-дәрмек тиелген жүк көлігінің жүргізушісі тірідей жанып кете жаздады. Оны көлігінің салонынан сол маңға тоқтаған өзге жүргізушілер шығарып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2024
Тараз қаласында күшті жарылыс болды
Тараз қаласының Қарасу шағын ауданында жарылыс болды. Жауапты қызмет оның себептерін анықтап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Қоғам • 22 Маусым, 2024
ҰБТ тапсыруға келген: Алматыдағы университет аумағында қаза тапқан жігіт туралы жаңа дерек шықты
Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында қаза тапқан жігіт ҰБТ тапсыруға келген түлек екені белгілі болды. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек талапкердің қазасына пікір білдіріп, мән-жайдың қалай болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 22 Маусым, 2024
«Нархозға» Тұрар Рысқұловтың есімі қайтарылады
Бұл жаңалық Премьер-министр Олжас Бектеновтың депутаттарға берген жауабында жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 22 Маусым, 2024
Түркістан облысында білім бөлімінің басшылығы туыстарына 4 млрд теңге аударып жіберген
Жетісай ауданының білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Энергетика • 21 Маусым, 2024
Өзбекстанның Энергетика министрі АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді
Өзбекстанның Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов Қазақстан шекарасына жақын АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 21 Маусым, 2024
Киевтегі қазақ журналисіне жасалған қастандыққа байланысты тергеу басталды
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Президент тапсырмасы бойынша Киевте қазақ журналисіне жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын бастады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 21 Маусым, 2024
Қостанай облысында суға кеткен екінші қыздың денесі табылды
Қостанай облысында өзенге батып кеткен 16 жастағы екінші қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Маусым, 2024
Астанада жүк көлігінің салмағын өлшейтін жүйе орнатылады
Астанада 23 маусымда Өндіріс тас жолының бір бөлігі жабылып, жүк көлігінің салмағын өлшейтін жүйе орнатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Маусым, 2024
Құрбан айт: Министр 17 маусымда неге демалыс берілмегенін түсіндірді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Құрбан айттың алғашқы күні не себепті 17 маусымнан 16 маусымға ауыстырылып, ел азаматтарына неге демалыс берілмегенін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Маусым, 2024
Екі баласын тұншықтырып өлтірген анаға сот үкімі шықты
Осы жылдың ақпан айында Түркістан облысындағы жалдамалы пәтерде екі баланың мәйіті табылған еді. Қылмысты марқұмдардың анасы жасағаны анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 21 Маусым, 2024
Бүгін еліміздің жеті облысында аптап ыстық күтіледі
Бүгін күндіз Атырау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының батысында, Түркістан облысының оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Ұлытау облысының батысында, орталығында қатты ыстық сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Маусым, 2024
Сүті мен етінен дәрі жасайды: Қытайлық инвестор 10 мың есек бағуға 10 мың гектар жер сұрап отыр
Жамбыл облысында жайылымда 2,5 мыңға жуық есек жүр. Жұртшылық олардың қайдан келгенін, қалай көбейгенін білмейді, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.