ас
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2024
Су тасқынын болжау: Ғарыш мониторингі жүргізіледі
Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев еліміздегі су тасқыны жағдайын ғарыштан зерделеу үшін арнайы ақпараттық жүйе әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2024
Тасқыннан кейін 233 жол учаскесі қалпына келтірілді
Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Қыркүйек, 2024
Абай мектебінің оқушылары ұялы телефоннан бас тартты
Аталған білім ошағы – Астана қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясы, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қыркүйек, 2024
Су тасқынынан зардап шеккендерге 2 576 үй салынды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан зардап шеккен ел азаматтарына арналған 2 576 үйдің құрылысы аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Қыркүйек, 2024
Астанада қарақшылық жасаған шетелдік Испанияда ұсталды
Астанада қарақшылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған Ресей азаматы ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша Испанияның Аликанте қаласында ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Биыл Астанада тағы 9 жаңа мектеп ашылады
Елордада жыл соңына дейін жаңа 9 мектеп ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Алматыда жасөспірім көпқабатты үйден секіріп, көз жұмды
Алматының Әуезов ауданында 18 жастағы жасөспірім көпқабатты үйден секіріп, қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Қарағандыда қарт анасын ұрған ер адам үш жылға сотталды
Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында ер адам 78 жастағы анасына қол көтергені үшін сот шешімімен үш жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 23 Қыркүйек, 2024
Олжас Бектенов: АӨК-тің тұрақты дамуы – азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі
Премьер-министр Олжас Бектенов өңірлердегі отандық агроөнеркәсіп кәсіпорындары өкілдерімен кеңейтілген форматта кездесу өткізді. Онда ауыл шаруашылығы саласын қолдау мәселелері және астық жинау науқанының барысы талқыланды. Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Павлодар облысында ұйым басшысы жалған оқу куәлігін берген
Павлодар облысы Ақсу қаласындағы кәсіпорын басшысы «Электро-газбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша оқудан өткені туралы жалған куәлік бергені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Бүгінгі таңда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне 139 әлеуметтік нысан қосылған. Алайда тұрғын үйлерге жылу қашан қосылатыны әзірге белгісіз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2024
Нархоз университетінде әлеуметтік бағытта «Заң клиникасы» ашылды
Құқық және мемлекеттік басқару мектебі базасында Заң клиникасының кеңсесі ашылды. Ашылу салтанатына сот және заң практикасы, адвокаттық және нотариаттық қызмет пен БАҚ-тың жетекші өкілдері, студенттер, магистранттар, PhD-докторанттар мен университет қызметкерлері қатысты.
Спорт • 23 Қыркүйек, 2024
Үстел теннисі: Азия чемпионатында сайысатындар анықталды
Дүбірлі дода қазан айының 6-13 күндері аралығында Астанада өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 23 Қыркүйек, 2024
Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Теміртау қаласының бұрынғы әкімі Ораз Таурбеков Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Қыркүйек, 2024
Көшеде кіші дәрет сындырған елордалық 30 тәулікке қамалды
Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бір жыл ішінде ұзақ бұзақылықты екі рет қайталаған ер адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Қыркүйек, 2024
Астанада LRT бағаналары толықтай салынып бітті
Астанада жеңіл рельсті көліктің (LRT) 22 шақырымдық эстакадалық жолының құрылысына қарастырылған барлық 799 тірек салынып бітті, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 21 Қыркүйек, 2024
Атырау облысында бірнеше рет пара алған шенеунік сотталды
Атырауда ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы жеке кәсіпкерлік директорынан бірнеше рет пара алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Қыркүйек, 2024
АЭС: Халықтық штаб Саран қаласының еңбек ұжымдарымен кездесті
Мәжіліс депутаттары Шапақ Үнзила мен Адамбеков Тілектес Қарағанды облысына қарасты Саран қаласында «Silk Road Electronics» зауытының, «Galex Plus» ЖШС және «Саранькоммунсервис» КМҚК қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 20 Қыркүйек, 2024
Бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлер құрамы жасақталды
Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі ұлттық құраманың жаңарған бапкерлер құрамын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Білім • 20 Қыркүйек, 2024
Ел мектептерінде білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тексеріс жүргізіледі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті 2024 жылдың соңына дейін профилактикалық бақылау жүргізу үшін 2487 білім беру ұйымын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Қыркүйек, 2024
Астана су қоймасына жер снарядтары түсірілді
Аталған жұмысты Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 20 Қыркүйек, 2024
Олжас Бектенов Ақтөбе облысының дамуы барысымен танысты
Премьер-министр Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өнеркәсіптік бірқатар кәсіпорынның өндірістік қуатымен танысып, олардың мысалында отандық бизнесті қолдау шараларының тиімділігін және Жолдауда Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің жүзеге асырылу барысын тексерді. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, көлік-логистика саласы мен АӨК назарға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 20 Қыркүйек, 2024
Олжас Бектенов: Елімізге энергияның орнықты балама көзі қажет
Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын іске асыру барысын тексерді. Атап айтқанда, Бадамша ауылындағы бірқатар нысандарды көріп, Үкімет басшысы энергетика секторындағы инфрақұрылымдық мәселелерді шешу және білім беру сапасын жақсарту ісімен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 20 Қыркүйек, 2024
Астанада есірткі зертханасы анықталды
Елорда прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті орган есірткі зертханасын анықтаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша үш адам сотқа берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аңдатпа • 20 Қыркүйек, 2024
«Қазақ газеттері» сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді
«Қазақ газеттері» ЖШС «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және 2024 жылға №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру жобаларының картасы шеңберінде 2024 жылғы 7 қазаннан 6 қарашаға дейін өз қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 20 Қыркүйек, 2024
Астанада бірнеше автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше автобустың қозғалыс бағыты өзгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 20 Қыркүйек, 2024
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 20 Қыркүйек, 2024
Никол Пашинян: АЭС бойынша стратегиялық шешім қабылданды
Бұл туралы Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Ереванда өтіп жатқан Дүниежүзілік армян саммиті барысында мәлімдеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Қыркүйек, 2024
Көшбасшылар дағдарысқа алып келетін қиындықтарды қалай жеңеді? Сарапшы жауабы
Жаһандық белгісіздік және ұдайы өзгерістер жағдайында дағдарыстық басқару заманауи көшбасшылар үшін маңызды дағдыға айналып келеді. Зерттеу дерегінше, дағдарыстарға дайындалған көшбасшысы бар компаниялар экономиканың құлдырауы немесе пандемия сияқты дағдарыстарға өзгелерге қарағанда 2,5 есе тұрақтылық танытып, сәтті қалпына келе білген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қыркүйек, 2024
Шетелдік әйел асырап алған Жәнібек Бельгиядан көшетінін мәлімдеді
Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек анасы қайтыс болған соң басқа елге көшуге бел буғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.