қу
Президент • 31 Мамыр, 2024
Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алуымыз керек - Президент
Мемлекет басшысы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Мамыр, 2024
Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Осы аталған күнге орай жыл сайынғы үндеулерінің бірінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды. Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық», деп атап өткен еді. Аталған жылдарды еске алып, тарихымызға тәу етіп, бүгінгі арқалаған аманат пен ертеңгі келешектің мән-маңызын ұғыну әрбір отандасымыздың басты міндеті.
Балалар • 30 Мамыр, 2024
Қазақстанда қанша бала тұрады?
Қазақстанда балалар саны 6,8 миллионға жетті, ресми дереккөздердің болжамы бойынша, 2027 жылға қарай бұл сан сегіз миллионға дейін артады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 30 Мамыр, 2024
Ақтөбеде көпбалалы ана оқу орталығын ашты
Венера Ардашеваның бұл кәсіпке келуіне Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасы мамандарының ықпалы зор. Себебі бала күтімімен үйде отырған қарапайым ана осыдан бірнеше жыл бұрын елімізде «Бастау-Бизнес» бағдарламасы туралы естіп, мән-жайды білу үшін палатаға келеді. Осы кезден бастап бизнестегі барлық қадамдарын «Атамекенмен» бірге жүзеге асырып келе жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Мамыр, 2024
Астанада мектеп оқушысы суға бата жаздаған баланы құтқарып қалды
Астананың 11-сынып оқушысы Марлен Көшербай ерлігімен көзге түсіп, өзенге бата жаздаған бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2024
Ашаршылық азабы: геноцид пе, әлде большевиктік биліктің қателігі ме?
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бұл күн 1997 жылы арнайы жарлықпен бекітілген еді.
Қоғам • 28 Мамыр, 2024
Қуғын-сүргін құрбандарының туыстары арнайы өтемақы ала алады
Қазақстанның Бас прокуратурасы қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға және олардың туыстарына бірқатар жеңілдік пен өтемақы алу үшін архивтен анықтамаларды алу жолдарын көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Мамыр, 2024
«Қол кісенін шешіп, темекі берген»: Бишімбаевты ұстаған полицейлер жазаланды
Астанада Бишімбаевты ұстаған екі полиция қызметкері қатаң сөгіс алды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Мамыр, 2024
«2 автобуста 22 бала болған»: Полицейлер қайғылы оқиғаның алдын алды
Ақмола облысында патрульдік полицейлер трассада болуы ықтимал қайғылы оқиғаның алдын алды. Патрульдік полиция батальонының командирі Азамат Ахметовтың айтуынша, жазғы лагерден қайтқан 22 бала отырған екі шағын автобус 23 мамырда Бурабай ауданынан шыққан. Оқушылар қауіпсіздігі үшін колоннаны облыстық батальонның 4 взводының қызметкерлері Бүркіт Алшынбаев пен Рыспек Қабдрашев еріп жүрген, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz мәліметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Мамыр, 2024
Алматы-Қостанай пойызында оба жұқтырған жолаушы болған
Оқу-жаттығу тапсырмасына сәйкес оба жұқтырған науқас Алматы-Қостанай бағытындағы №43 жолаушылар пойызының екінші вагонында келе жатқан. «Железнорудный» станциясынан кейін жолаушының жағдайы нашарлаған. Ол жолсеріктен бірнеше рет көмек сұраған, бірақ қызуды басатын дәрілерді қабылдағаннан кейін жағдайы жақсармаған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Мамыр, 2024
Түркістан облысында жоғалып кеткен оқушының мәйіті табылды
Түркістан облысы Сайрам ауданында 10-сынып оқушысының мәйіті табылды, деп жазады Egemen.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Музей • 23 Мамыр, 2024
Жезді кентіндегі Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі музейінде бір жақсы дәстүр қалыптасқан. Мектеп бітіруші түлектер мамыр айының соңғы күндерінің бірінде музейге келіп, осында экскурсия жасайды, қызметкерлермен кездеседі. Кездесу соңында теледидар арқылы осы музейді ұйымдастырған соғыс және еңбек ардагері Мәкен Төрекелдиннің жас ұрпаққа қалдырып кеткен өсиеті жазылған бейнежазбаны тыңдайды.
Мектеп • 23 Мамыр, 2024
Қос министрлік ел мектептерінде бірыңғай сағат ұйымдастырды
Жалпы білім беретін мектептерде Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ғасырлық мерейтойын мерекелеуге арналған бірыңғай сағат өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 22 Мамыр, 2024
Астанада 5 жасар баланы құтқарып қалған оқушы марапатталды
Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде №31 мектеп-гимназиясының 7Д сынып оқушысы Ақан Әкімжанов 5 жасар баланы биіктен құлаудан сақтап қалды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 22 Мамыр, 2024
Биыл 832 мың оқушы үшін «Жазғы мектеп» ұйымдастырылады
27-31 мамыр аралығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі және қыс мезгілінде қашықтан оқу форматы жүргізілген оқушылар үшін «Жазғы мектеп» басталады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2024
Қазақтың десантшы жауынгері Түркияда көк туды желбіретті
Қазақстан десантшылары Түркияда өтіп жатқан EFES-2024 көпұлтты командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Балалар • 21 Мамыр, 2024
Елімізде мектеп оқушылары жазда қалай демалады?
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің мектеп оқушылары жазда қалай және қайда демалатыны айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2024
Су тасқыны болған аймақтың оқушыларына жазғы мектеп ұйымдастырылады
Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бисембаев биылғы оқу жылын қорытындылады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 21 Мамыр, 2024
Тасқыннан зардап шеккен облыстарда оқушылар емтиханнан босатылады
Су тасқынына байланысты Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 3581 оқушы аралық және қорытынды емтихандардан босатылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2024
«Соңғы қоңырау» күні мектептерді полиция бақылайды - ІІМ
Биылғы оқу жылының аяқталуына 5 күн қалды. 25 мамыр күні мектеп түлектері бұл күнді өз бетінше мерекелеу кезінде түрлі төтенше жағдайға тап болып жатады. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін Ішкі істер министрлігі әр мектепке жауапты полиция қызметкері бекітілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 19 Мамыр, 2024
Оқушыға қауіп төнгенде құзырлы органдарға хабарлайтын қосымша әзірленді
Ақтөбе қаласы Ұ.Құлымбетов атындағы №64 мектебінің 10-сынып оқушысы жасанды интеллект тақырыбына қызығушылық танытып, зерттеу жүргізіп, оқушыға қауіп төнгенде құзырлы органдарға хабарлайтын «NazarAI» қосымшасын ойлап тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Мамыр, 2024
Нариман Құрбанов Азияның екі дүркін чемпионы атанды
Спорттық гимнастикадан Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте өтіп жатқан Азия біріншілігінде отандасымыз топ жарды. Гимнастикалық ат снаряды финалында 15.600 ұпай жинаған Нариман Құрбановқа алтын медаль тағылды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 17 Мамыр, 2024
IV Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауы өтті
16 мамыр күні философ-ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттау, шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында Павлодар облысы Екібастұз қаласының Естай атындағы балалар музыкалық мектебінде республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары өтті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 16 Мамыр, 2024
Бүгін сарбаздарға білім гранттары үлестіріледі
Бүгін, 16 мамыр сағат 16:00-де Қорғаныс министрлігі Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздар арасында білім гранттарын үлестіреді. Адалдық пен ашықтықты сақтау мақсатында процесс Qazaq Army YouTube арнасынан көрсетіледі, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 16 Мамыр, 2024
Биыл қанша түлек мектеппен қоштасады?
Оқу-ағарту министрлігі 2023-2024 оқу жылын 3 820 703 оқушы аяқтайтынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 15 Мамыр, 2024
Бакалавриат, магистратура, докторантура. Биыл қанша грант бөлінетіні белгілі болды
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2024-2025 жылдары жоғары білім берудің барлық деңгейлеріне арналған білім гранттарының тізімі мен санын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 15 Мамыр, 2024
Астанада әлемнің үздік жас биологтері бақ сынайды
Қазақстанда биология пәнінен халықаралық IBO-2024 олимпиадасына дайындық жүріп жатыр. Олимпиадаға әлемнің 81 елінен 300-ден астам оқушы және 500-ден астам ғылыми жетекші мен қонақтар келеді деп күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2024
Ақтауда оқушыны зорламақ болған мектеп күзетшісі ұсталды
Ақтаудағы №10 мектептегі оқушылардың ата-аналары күзетшіні балаға тиісіп, зорламақшы болды деп айыптады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Зерде • 14 Мамыр, 2024
Әлемдік ғылыми-инженерлік байқауға елімізден 3 оқушы аттанды
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында 70-тен астам елдің 2 000 оқушысы арасында жүлде қоры 9 млн $ құрайтын Regeneron ISEF 2024 дүниежүзілік ғылыми-инженерлік байқауы 13 мамыр күні ашылды. Оған елімізден 3 жас инженер аттанды. Қазақстан құрама мүшелері биылғы оқу жылының республикалық ғылыми жобалар конкурсы бойынша іріктелді, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 14 Мамыр, 2024
Шымкентте 11 сынып оқушысы суицид жасады
Шымкентте мектеп оқушысы өзіне қол салып, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Otyrar-ға сілтеме жасап.