Ар
Спорт • 28 Наурыз, 2025
Михаил Шайдоров 4-ші жаһандық додасын (2021, 2023, 2024 жыл) жоғары ұпаймен аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
Екібастұзда 9 мың балаға арналған орталық ашылды
Президент тапсырмасымен Екібастұзда ашылған «Самғау» балалар шығармашылығы орталығы есігін айқара ашты. Бұл жаңа орталық 9 мыңнан астам жас талантты, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды да қабылдай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
Жер сілкінісінен үш ғимараттың қабырғасында жарықшақ пайда болған
28 наурыз күні түн мезгілінде Жамбыл облысы аумағында болған жер сілкінісін бірнеше аудан тұрғыны сезінді. Жер дүмпуінің жоғары қарқыны 5 баллды құрады. Өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен облыстық штаб жедел іске кірісті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Наурыз, 2025
Он үш өңірде гидротехникалық құрылыстар жөнделді
Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде гидротехникалық құрылыстарды жөндеу бойынша 13 өңірде 43 іс-шара іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2025
Зайсанда жаңа әуежай құрылысы басталды
Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Зайсан, Қатон-Қарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай салу тапсырмасы аясында жүргізілуде. Көлік министрі Марат Қарабаев Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы жаңа әуежай алаңында негізгі құрылыс жұмыстарының басталу барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Наурыз, 2025
Алматының Медеу ауданында салынып жатқан екі қабатты тұрғын емес ғимаратта өрт шыққан. Оқиға Жәнібеков көшесінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz
Заң • 27 Наурыз, 2025
Президент «Орталық Азия» кооперация орталығы туралы заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 27 Наурыз, 2025
Павлодарлық кәсіпкерлер экономикалық қолдау тетіктерін талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысының бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесу өткізді. Онда Мемлекет басшысының қуатты экономика қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталған отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Наурыз, 2025
Павлодарда кісі өлтірген күдікті Ресейде ұсталды
Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ресей Федерациясының Красноярск өлкесіндегі Шарыпово қаласында кәсіпкерді өлтіргені үшін күдікті ретінде Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Наурыз, 2025
Заң параспортшылардың мүмкіндіктерін шектемеуі керек - Мәулен Әшімбаев
Бүгін сенаторлар дене шынықтыру және спорт мәселелері, сондай-ақ заңнамадағы артық реттеуді алып тастауға қатысты заңды қарады. Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаев осыған байланысты спорттың басым түрлерін анықтау параспортты қаржыландыруға қалай әсер ететіні және заңнамадағы жаңа нормалардың параспортшыларға әсері жөнінде сұрақ қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Наурыз, 2025
Қазақстан футболында миллиардтаған қаржы тиімсіз жұмсалған
Бас прокуратура еліміздің футбол федерациясы мен бірнеше футбол клубтарына жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижесінде басқарудағы тиімсіздік пен 3 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Наурыз, 2025
Павлодар облысында республикалық кеңес өтті
Премьер-министр Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Президенттің энергетика саласына қатысты тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Олжас Бектенов Екібастұзда ГРЭС-1-ді жаңғырту нәтижелерімен, таза көмір технологиясын пайдалана отырып, ГРЭС-2-ні реконструкциялау және ГРЭС-3 стансасы құрылысы жобаларын жүзеге асырудың басталуымен танысты. Мұнда экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктері, жаңа өндіріс орындарын іске қосу және белсенді цифрландыру аясында саланы дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 27 Наурыз, 2025
Президент Арменияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел президенттерінің былтыр Қазақстан мен Арменияға жасаған сапарлары өзара қарым-қатынасты жан-жақты дамытуға айтарлықтай серпін бергенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Наурыз, 2025
Қарағандыда 17 жастағы мотоцикл жүргізушісі көз жұмды
Оқиға Қарағанды қаласындағы Бұқар Жырау даңғылы мен 7-магистральдің қиылысында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Наурыз, 2025
Су қоймаларының қазіргі жағдайы қандай
Тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 27 Наурыз, 2025
Олжас Бектенов Павлодар облысындағы зауыттардың жұмысымен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС және «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС-ға барып, кәсіпорын өкілдерімен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 27 Наурыз, 2025
Алматыда ерекше балаларға арналған бейімдеу орталығы ашылды
«Қамқорлық» атты алғашқы бейімдеу және даму орталығы дамуында ауытқушылығы бар бүлдіршіндердің кеселін ерте бастан емдеп, оңалтуды көздейді.
Оқиға • 27 Наурыз, 2025
Жауғашты әйелдер колониясындағы балалардың улану дерегі расталмады
Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы ресми түрде Жауғашты әйелдер колониясында балалардың жаппай улануы туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 27 Наурыз, 2025
Ердоған экономиканың құлдырауына оппозицияны кінәлады
Түркияда оппозиция өкілі, Ыстамбұл әкімі Экрем Имамоғлы тұтқындалғаннан бері наразылық шаралары аяқталар емес. Оған жемқорлық және терроризм баптары бойынша айып тағылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Наурыз, 2025
Кәсіпкерлер Айша бибі кесенесі маңындағы ғимараттарды заңсыз иемденген
Жамбыл облысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі басшысы Айша-Бибі кесенесі маңындағы жер телімін заңсыз пайдаланған кәсіпкерлерге қарсы сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Наурыз, 2025
Чехиядағы қару-жарақ қоймасында жарылыс болды
Прагадан шығысқа қарай 135 шақырым жерде Поличка қаласының аумағында орналасқан металл өңдеу және оқ-дәрі шығаратын зауыт қоймасында жарылыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.
Театр • 27 Наурыз, 2025
Театр туралы тұлғалар түйген ой
27 наурыз әлемде дүниежүзілік театр күні аталып өтіледі. Өмірдің өзі сахнада жанды сурет болып өрілетін театр - өнердің биік шыңы, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Наурыз, 2025
Қар еруіне байланысты автожолдар жабылды
Бұл туралы ақпарат таратқан «ҚазАвтоЖол» мәліметінше, жолдардағы жағдай – еріген қар суына байланысты болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Наурыз, 2025
Батыс Қазақстан облысында табылған дрондар туралы
2025 жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы, Тасқала және Жәнібек аудандарында бірнеше рет ұшқышсыз ұшатын аппарат табылды. Бұл аудандардың бәрі де Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқан.
Спорт • 26 Наурыз, 2025
Спорт саласында жаңа іріктеу жүйесі заңмен бекітіледі
Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Наурыз, 2025
Наурыздағы ҰБТ-ны 88 мыңдай талапкер тапсырды
Наурыз айындағы ҰБТ-ның үш аптасында (аралық қорытындылар) 88 мыңға жуық адам тест тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Наурыз, 2025
Танысынан 15 млн теңге жымқырған алаяқ алты жылға сотталды
Тараз қаласының тұрғыны танысының атына ғимаратты жазып беру сылтауымен 15 млн теңгесін жымқырған, деп жазады Egemen.kz.
Күрес • 26 Наурыз, 2025
Азия додасында 1 балуан жартылай финалға шықты
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында отандасымыз жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 26 Наурыз, 2025
Сыр бойы өнерпаздары Финляндияда концерт өткізді
Осы айдың 24-27-сі күндері Наурыз мерекесінің тарихи және мәдени маңызын түсіндіру, әлем жұртшылығына таныстыру мақсатында Еуропаның Финляндия, Эстония, Испания мемлекеттерінде Қызылорда облысының өнер күндері өтеді. Өнер сапарын аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың қолдауымен, Қазақстанның аталған елдердегі елшіліктері ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Балалар • 26 Наурыз, 2025
Ерекше балаларды қолдауға бағытталған жоба әзірленді
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру және инклюзивті, арнайы білім беруді жүйелі дамыту мақсатында Оқу-ағарту министрлігі «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау стандартын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.