Облыс
Коронавирус • 08 Маусым, 2020
Ақмола облысында бір отбасы түгел вирус жұқтырды
Облыста 5 адамнан вирус анықталды. Барлығы бір отбасының мүшелері. Олар коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған.
Аймақтар • 07 Маусым, 2020
Атырау облысында коронавирус жұқтырған 6 адам тіркелді
COVID-19 вирусымен 4 адам Құрманғазы ауданында тіркелді. Олардың ішінде үшеуі ЖРВИ симптомдарының бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгінген, ал біреуі бұған дейін коронавируспен ауырған науқаспен байланыста болған.
Аймақтар • 07 Маусым, 2020
Түркістан облысында тас көмірден мұнай өнімдері шығарылады
Түркістан облысында Евро - 5 стандартына сай отандық өнім, АИ-92 маркалы бензин, дизель жанармайы мен бензол, толуол, ксилол және үлгілі мазут өнімдері шығаратын бірегей жоба жүзеге асырылуда. Ерекшелігі сол – тас көмірден мұнай өнімдері шығарылмақ. Ордабасы ауданы, Бадам ауыл округіндегі «Стандарт Ресурсис» ЖШС көмір - химиялық комбинаты жылына 30 мың тоннаға дейін шикізат өндіруге қауқарлы.
Аймақтар • 06 Маусым, 2020
Қарағанды облысы: Осакаров ауданында – оң өзгерістер
Осакаров ауданында 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынатын жобаларға 1 миллиард 562 миллион 718 мың теңге бөлінген. Басты мақсат – жаңа жұмыс орындарын ашу. Мысалы, 36 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру бағытында 364 жұмыс орнын ашу көзделген.
Аймақтар • 06 Маусым, 2020
Алматы облысында жол ережесін бұзған мыңнан астам адам анықталды
Алматы облысында «Қауіпсіз жол» жедел – алдын алу іс-шарасы жол ережесін бұзған 1 мың 300-ден астам құқық бұзушыны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аймақтар • 06 Маусым, 2020
Алматы облысында жер сілкінісі болды
Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісі 6 маусым күні сағат 06:10-да жер сілкінісін тіркеді.
Аймақтар • 05 Маусым, 2020
Оралхан Дәуіт «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып тағайындалды
Әріптесіміз, елімізге белгілі журналист Оралхан Дәуіт бүгін Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып тағайындалды.
Аймақтар • 05 Маусым, 2020
Ақмола облысында тағы 5 адам індет жұқтырған
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ақмола облысында тағы 5 адам індет жұқтырғанын хабарлады.
Медицина • 09 Шілде, 2019
Түркістанда дәрігерлерге 2 млрд 867 млн теңге үстемақы төленді
Түркістан облысында 178 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Оның 45-і инфекциялық және провизорлық госпитальдарға қойылған. Жетісай, Мақтаарал аудандарының кәсіпкер азаматтары демеушілік жасап, 6 ӨЖЖ аппаратын Жетісай қалалық ауруханасына пайдалануға берді. Өңірде жалпы тәуліктік қуаттылығы 650 тестке дейін полимеразды тізбекті реакциясы әдісімен 4 зертхана коронавирусқа қарсы тексеруден өткізуде, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 17 Маусым, 2019
Павлодар облысы әкімдігінің қызметкерлері вирустан аман-есен
Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов және оның орынбасарлары кесте бойынша бейнеконференция режімінде жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz