Ар
Президент • 25 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 25 Желтоқсан, 2024
Білім сапасын арттырудағы маңызды қадам: жаңа мектептер мен балабақшалар
Тәуелсіздік күні қарсаңында елімізде бірнеше жаңа оқу орындары ашылды, бұл білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі оқиғалардың бірі болды. Бұл нысандар Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Жаңадан бой көтерген білім нысандары оқушылардың оқу жағдайларын жақсартуға және мәдени, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.
Спорт • 25 Желтоқсан, 2024
Елдос Сметов ағылшын тілін үйрену үшін шетелге аттанады
24 желтоқсан күні Астана қаласында 2024 жылы өткен спорттық додаларда байрағымызды биікте желбіреткен үздіктер бас қосты. Туризм және спорт министрлігі спортшылар мен бапкерлерге қолдау көрсету мақсатында өткізген іс-шарада Париж олимпиадасының жеңімпазы, Рио-де-Жанейрода өткен ХХХІ Олимпиданың күміс жүлдегері, Токиода өткен ХХХІІ жазғы Олимпиаданың қола жүлдегері Елдос Сметов жылдың үздік спортшысы атанды. Тәуелсіздік тарихында дзюдодан Қазақстан қоржынына алғаш болып «алтын» салған Елдос Сметовпен тілдесіп, алдағы жоспарларын сұрадық.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2024
Қаңтар айында ел азаматтары қалай демалады
2025 жыл қазақстандықтар үшін жаңа жылмен қатар ұзақ мерзімді келген демалыс күндерінен басталады. Мереке күндерін және тұрақты демалыс күндерін қоса санағанда бұл айда барлығы 11 күн демалыс берілген, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 25 Желтоқсан, 2024
Биыл 2172 бала ел ішінде тегін саяхаттады
Биыл Kids Go Free мемлекеттік бағдарламасы аясында ел ішінде 2172 бала тегін саяхаттаған. Туроператорлар балалар әуе билетінің құнын қоспағанда, 415,6 миллион теңгеге тур сатқан. Мемлекет тарапынан 114,5 миллион теңге көлеміндегі әуе билетінің құнын өтеген, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 25 Желтоқсан, 2024
Жыл қорытындысы: Қарулы Күштер ұшқышсыз ұшу аппараттарын өрістетті
Мемлекет басшысының – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы шеңберінде Қазақстан армиясын жоғары дәлдікті және жоғары технологиялық қару-жарақпен, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жабдықтау басым бағыттардың бірі болып табылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 25 Желтоқсан, 2024
Тұп-тура бір ғасыр бұрын Алаш қайраткерлерінің ұжымдық еңбегі нәтижесінде «Алқа» атты әдеби ұйым дүниеге келді. Бұл ХХ ғасыр басындағы рухани бұлағай шақта, әдебиеттің қай бағытта дамуы керек екендігі дүдәмал тұста жасалған қазақ қаламгерлерінің тұғырлы тұжырымдамасы. Мұнда ел зиялылары боз жусан болмысы бұлдырап, ұлттық келбеті айғыздала жаздап тұрған қазақ әдебиеті һәм мәдениетіне жаны ашитын қаламгерлерді бір мүддеге біріктіруді, талантты жастарға байыпты бағдар көрсетуді мақсат тұтты. Алаш ардақтыларының осынау еңбегін зерделеп, ондағы түйткілді түйіндерді талқыға салу мақсатында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ұйымның 100 жылдығына арналған ғылыми семиниар өтті.
Қоғам • 25 Желтоқсан, 2024
Адал адам - әділетті қоғам тірегі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы наурыз айында өткен Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты отырысында жасампаздық және жаңашылдықты басты құндылықтарымыздың бірі екенін атап көрсетті. Президенттің айтуынша, бұл құндылықтарды басты назарда ұстау бүгінгі өзгермелі әлемде ұлтымыздың мерейін өсіріп, жаһандық бәсекеге қабілетті болуымызға мүмкіндік береді.
Ауа райы • 25 Желтоқсан, 2024
Үшарал-Достық автожолының бір бөлігі жабылды
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2024
Құтқарушы, чемпион, домбырашылар рекорды: 2024 жылы елді елең еткізген оқиғалар
2024 жылы қоғамды елең еткізген көптеген оқиғалар болды. Олардың дені көпшілікті сүйсіндірді, адамдардың алғысын алды, үлгі болды. Egemen.kz тілшісі солардың бірсыпырасына тоқталады.
Экспорт • 24 Желтоқсан, 2024
Қазақстан енді Арменияға ет экспорттайды
Ереванға мұздатылған шошқа етінің алғашқы 20 тоннасы экспортталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Құқық • 24 Желтоқсан, 2024
Ашық сот жүйесі жұртшылықтың сот саласына деген сенімін күшейтті
Әділетті Қазақстанның іргесі берік, еңсесі биік болуының басты кепілі – ашық сот жүйесі. Өйткені, ел азаматтары ең бірінші әділдікті соттан күтеді, сенім артады. Әділетті қоғамның негізгі өлшемі заң мен тәртіп болғандықтан, заң алдында барлық адам тең құқылы болуы тиіс. Сол себепті сот органдары халықтың басты қорғаны болуы керек. Мемлекет басшысының сот саласындағы ашықтыққа айрықша мән беруінің нәтижесінде елімізде бұл саладағы барлық реформа бұқараның көз алдында өтіп жатыр. Заманның ағымына сай, еліміздің сот жүйесіне енгізілген жаңашылдықтар жұртшылықтың сот саласына деген сенімін күшейтіп келеді.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2024
Қарағандыда кибералаяқтық схемасы әшкереленді
ҚР Ішкі істер министрлігі киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мен Қарағанды облысы полиция департаменті жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жақын шет елдердің бірінің 22 жастағы азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2024
Көшпелілер ойындары - спорт пен салт-дәстүрдің жарқын үйлесімі болды
Биыл қыркүйектің 8-13 аралығында Астанада көшпелілер әлемін біріктірген бірегей дода - V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтті. Бас қаланың сән - салтанаты мен ұлтымыздың салт-дәстүрін, түркі жұртына ортақ ұлттық спортты бір арнаға тоғыстырған бәсеке осы жылдың айтулы оқиғасы болды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Желтоқсан, 2024
Биылғы ҰҚШҰ саммиті қандай маңызды шешімдермен қорытындыланды
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы 28 қарашада Астанада Тәуелсіздік сарайында өтті. Еске салайық, шағын және кеңейтілген құрамдағы сессия отырыстарына Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысты.
Президент • 24 Желтоқсан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 24 Желтоқсан, 2024
Түркияның қару-жарақ зауытында жарылыс болды
Түркияның батысындағы Балыкесир қаласында жарылғыш заттар шығаратын зауытта күшті жарылыс болды. Жарылыс салдарынан 12 адам қаза тауып, кәсіпорынның тағы 5 қызметкері зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Желтоқсан, 2024
Париж Олимпиадасындағы жарқын жетістіктер
Биыл еліміз үшін маңызды додалардың бірі – Францияның бас шаһары Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпия ойындары. Халық болып тақым қысып, спортшыларымыздың амандығын тілеп, олармен бірге татамиде жүлдеге таласып отырғандай күй кешкеніміз анық. Жарыс жолындағы спортшыларымыздың бірі жеңіліс тапса, енді бірі туымызды желбіретіп олжамен оралып еді.
Бокс • 24 Желтоқсан, 2024
Теміртас Жүсіпов 8 рет Қазақстан чемпионатының «алтынын» иеленді
Қарағандыда бокстан еліміздің бірінші нөмірлі былғары қолғап шеберлерін анықтайтын біріншіліктің финалдық кезеңі басталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2024
ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің директоры тағайындалды
Танымал футбол маманы Ғани Қайназаров QFL президенті қызметінен кетіп, ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2024
«Ұлттық қор - балаларға»: Бағдарлама қалай іске асып жатыр
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор - балаларға» жобасы іске қосылды. Өскелең ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге арналған бұл жоба бүгінде қалай іске асырылып келеді? Балалар пайдасын көріп отыр ма? Осы және өзге де сұрақтарға Egemen.kz жауап іздеп көрді.
Технология • 24 Желтоқсан, 2024
Жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары әзірленеді
Бүгін Үкіметтің көшпелі отырысында Премьер-министр Жасанды интеллектіні дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын күшейтуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Желтоқсан, 2024
«Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында 271 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2024
Шетелдіктер Астанадағы ломбардты тонап кеткен
Астанада өзге елдің 5 азаматы қылмыстық схема құрып, ломбардты тонап кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2024
Қарағандыда туристік фирманың басшысы 24 млн теңге ұрлаған
Туристік фирманың басшысы 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың тамызына дейін 21 клиентті алдаған, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2024
Арқалықта жедел жәрдем көлігі науқасқа жете алмай қалған
Бүгін Арқалық қаласында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып, науқасқа жете алмай қалған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Желтоқсан, 2024
Қарағандыда автобус өртеніп кеткен
Қарағанды қаласының Ермеков көшесінде автобус отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2024
Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Желтоқсан, 2024
Жітіқарадағы қайғылы оқиғаның себебі айтылды
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Жітіқарадағы бес баланың өліміне себеп болған өрт туралы тың дерек айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Желтоқсан, 2024
Александр Лукашенко президенттікке кандидатурасын ұсынды
Беларусь Орталық сайлау комиссиясы қазіргі президент Александр Лукашенконы алдағы президент сайлауына үміткер ретінде тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.