Қала
Аймақтар • 13 Маусым, 2022
Қонаев қаласындағы казиноны жабу мәселесі талқыланады - министр
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ведомство Қонаев қаласындағы казиноның жұмысы туралы мәселені қарастыратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Маусым, 2022
Ақтауда кәріз құдығынан шала туған шақалақ табылды
Мерзімінен ерте туған шақалақ қаладағы кәріз құдығының бірінен табылған, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 26 Мамыр, 2022
Алматы қаласы Спорт басқармасының жаңа басшысы тағайындалды
Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы болып Ерден Рашидұлы Хайруллин тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Мамыр, 2022
Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады
Шымкенттік полицейлер киберқылмыскерлердің тобын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 17 Мамыр, 2022
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Нұр-Сұлтандағы құрылыс алаңында мұнара кранының тросы үзіліп, бір жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мәлім етті.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2022
Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті
Бақытжан Позилов Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2022
Балалар жылына орай Шу қаласында спорттық жарыстар өтті
Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшелері волонтерлік бастама ретінде Жамбыл облысының Шу қаласында үстел теннисінен республикалық турнир ұйымдастырып, Балалар жылына арналған жасөспірімдер арасында баскетболдан ашық аудандық турнир өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Сәуір, 2022
Петропавл әкімі қала атын өзгерту туралы петицияға пікір білдірді
Петропавл әкімі Болат Жұмабеков Солтүстік Қазақстан облысының орталығын Қызылжар деп атау ұсынылған петицияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фотогалерея • 07 Сәуір, 2022
Орал қаласында жаңа әуе терминалы ашылды
Орал халықаралық әуежайына Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілгенін айтып, сүйінші сұрағанымыз кеше ғана еді. Енді міне, батыр қыздың есімін иемденген әуежайдың су жаңа ғимараты әуе жолаушыларына есігін айқара ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 24 Наурыз, 2022
Қостанай қаласына жаңа әкім тағайындалды
Қостанай қаласына жаңа әкім келді, деп хабарлайды Egemen.kz Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 24 Наурыз, 2022
Алматыда заңсыз сатылған кәсіпорын мемлекетке қайтарылатын болды
Алматы әкімдігі «Алматы қала жарық» кәсіпорнын қала меншігіне қайтару шарларын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Наурыз, 2022
Әлемдегі ауасы ең лас қалалар анықталды
Төрткүл дүниедегі ауасы ең лас қаланың аты белгілі болды. 2021 жылдың қорытындыларын шығарған швейцариялық IQAir зерттеу ұйымы Үндістан астанасы Нью-Дели шаһарын жаһанның ең лас қаласы санайды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Тағайындау • 17 Наурыз, 2022
Ақсу қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Нұрлан Дүйсембиновты Ақсу қаласының жаңа әкімі ретінде таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 16 Наурыз, 2022
Қазақстанда құрылыс жүргізудің жаңа стандарттары енгізіледі
Халықаралық тәжірибені ескере отырып, қалаларды кешенді салудың жаңа стандарттары енгізілетін болады. Стандарт бос учаскелерде жаңа құрылыс салуды қалыптастыру, қалыптасқан құрылысты қайта құру және қала аумағын абаттандыру мәселелерін қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 14 Наурыз, 2022
Алматы қаласы ҰҚКД басшысы қамауға алынды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды. Бұл туралы Мәжіліс отырысында бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 13 Наурыз, 2022
Құтты қоғам қандай болуы керек?
Бұл сұраққа әркім әрқилы жауап беруі мүмкін. Әйтсе де, оның барлығының ортақ жауабы еліміздің өркендеуіне, көркеюіне, өркениетті әлемде өзіндік орнын алуына барып тірелетіні сөзсіз. Жаңа реформа бағзыдағы Асан қайғы бабамыздың мына дүниенің жұмағы іспеттес Жерұйығын іздеуі, болмаса екі жыл бұрын ғана 1150 жылдығын тойлаған Әл-Фараби бабамыздың қайырымды қала туралы трактатының жазылуы немесе әз Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғының» қабылдануы, осыдан бір ғасыр бұрынғы Алаш қайраткерлерінің Алашорда үкіметін жасақтаудағы бағдарламасы сияқты Ұлы даланы мекендеген жұрттың «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда» өмір сүруіне жасалған ұмтылысының жалғасы деп бағалауға болар.
Тағайындау • 11 Наурыз, 2022
Кентау қаласының әкімі тағайындалды
Түркістан облысы, Кентау қаласының әкімі тағайындалды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен және Президент Әкімшілігінің келісімімен бұл қызметті Рашид Аюпов атқаратын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 07 Наурыз, 2022
Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын тағы бірнеше автобус бағдары жүрмей қалды
Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын тағы бірнеше автобус бағдары жүрмей қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 04 Наурыз, 2022
Атырау қаласына жаңа әкім тағайындалды
Мейірім Қалауи Атырау қаласының әкімі болып тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz atpress.kz сайтына сілтеме жасап.
Экономика • 01 Наурыз, 2022
Күмәнді аударым қалай анықталады?
Қазақстандық банктерге тағы бір міндет жүктелуі мүмкін. Ол – кәсіпкерлік қызмет түрінен түскен табысқа ұқсайтын жеке тұлғалар аударымдары жайлы мемлекеттік кірістер комитетіне хабарлап отыру. Осы мәселені негіз еткен құжат «Ашық үкімет порталында» жария етілді. Қоғамдық талқылау 2 наурызға дейін жалғасады.
Коронавирус • 01 Наурыз, 2022
«Сары» аймақтағылардың саны азайды
1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 28 Ақпан, 2022
Досаевтың жаңа орынбасары тағайындалды
Ерболат Досаевтың өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Әлішер Елісұлы Әбдіқадыров тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2022
Шымкент әкімі тұрғындардың мәселесін тыңдады
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Таскен және Мәртөбе тұрғын алабының халқымен жүздесіп, мәселесін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Ақпан, 2022
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімін қабылдады
Мемлекет басшысына Алматы қаласының дамуы мен биылғы қаңтар айындағы қысқамерзімді экономикалық индикатордың өзгергені туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2022
Семей қаласының тұрғыны 9 қабаттан секіріп кетті
Оқиға 2022 жылдың 16 ақпанында Семейдегі 1 шағын ауданда болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Ақпан, 2022
«Алаш зиялыларының әдістемелік мұраларын «Сатылай кешенді оқыту» технологиясымен сабақтастыру – ұлттық мектептің темірқазығы». Дәл осындай тақырып аясында елордадағы Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында қалалық семинар өтті.
Тағайындау • 14 Ақпан, 2022
Тараз қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Бақдәулет Сариев Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2022
Шымкент әкімі Отырар шағын ауданының тұрғындарымен кездесті
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Отырар және «Айқап Түркістан» шағын аудандарындағы атқарылған жұмыстарды көріп, тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 08 Ақпан, 2022
Бейжің Олимпиадасында Абайдың әні шырқалды
Бейжіңде өтіп жатқан Олимпия ойындарында Абайдың «Айттым сәлем, қаламқасы» шырқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 04 Ақпан, 2022
Қайрат Дәлбеков Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы болды
Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы болып, полиция генерал-майоры Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.