АҚ
Оқиға • 11 Қаңтар, 2024
Елдің оңтүстігінде жер сілкінді
Жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстігінде сезілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2024
3 миллион азамат алғашқы медициналық көмек ала алмай отыр - сенатор
3 миллионға жуық халық алғашқы медициналық-санитарлық көмектен тыс қалып келеді. Сенатор Ақмарал Әлназарова өзінің депутаттық сауалында МСАК көрсетуге байланысты проблемалар туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 11 Қаңтар, 2024
Қостанай облысының әкімі Президентке есеп берді
Мемлекет басшысы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловты қабылдады. Президентке Қостанай облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 11 Қаңтар, 2024
Декреттік төлем мен балаға берілетін жәрдемақы көлемі артты
Осы жылдан бастап декреттік төлем мен бала тууға байланысты берілетін бір реттік және 1,5 жасқа дейін төленетін жәрдемақы көлемі артты. Төлемдердің өсуіне айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) артуы негіз болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 11 Қаңтар, 2024
Қазақстанда ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында жаңа ақпараттық жүйе таныстырылды. Аталған ұлттық цифрлық инвестициялық платформа биыл іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 11 Қаңтар, 2024
Азия чемпионатына қатысатын ауыр атлеттер анықталды
Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамы анықталды. Бұл туралы @sportqazaq баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қаңтар, 2024
9 қаңтардан бері хабарсыз кеткен бала іздестіріліп жатыр
Ақтөбе облысының полиция департаменті 2011 жылы туған Назенов Әділ Қайратұлын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 11 Қаңтар, 2024
Полиция машинасын соққан. Жүргізуші бопсалаушылардан ерекше амалмен құтылды
Қостанай облысында жүргізуші өзін бопсалаушылардан құтқару үшін полиция машинасын әдейі қағып кеткен. Өңірдегі полиция департаменті оқиғаның мән-жайын баяндап берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Цифрландыру: Су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесі жасалады
Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясымен бірлесіп су ресурстарының бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Мемлекет басшысы жастарға ерекше сенім артып отыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында «Egemen Qazaqstan» газетіне берген көлемді сұхбатынан ел болашағына қатысты біраз нәрсені пайымдауға болады. Негізінен сұхбатта мемлекеттің әсіресе жастарды заман талабына сай жаңа дағдылар мен мамандықтарды игеруге шақыруы уақыт талабын дәл баса отырып айтылған ой деп айтуға болады. Ол осы сұхбатында жастарға деген ерекше сенім артып отырғанын байқатты.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Білім мен ғылым – ел дамуының негізі
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбаты жалпы халық көкейінде жүрген сұрақтарды қамтып, соңғы жылдар ішінде сыртқы саясат пен ішкі іс-шаралар туралы қорытынды-есеп ретінде жүргізілген екен. Оқтын-оқтын әлеуметтік желілер мен жаңалық порталдарынан көріп-естіп жүрген ақпарат болса да, барлығы бір сұхбат барысында жинақты баяндалғандықтан Президенттік міндетін атқару барысында көптеген оң шаралар жүзеге асырылды деп айтуға толық негіз бар.
Әдебиет • 10 Қаңтар, 2024
«Қазақ әдебиеті» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды
Қазақстан жазушылар одағының органы ретінде тұңғыш саны 1934 жылдың қаңтарында жарық көрген «Қазақ әдебиеті» газетіне - 90 жыл. Ғасырға жуық уақыт аралығында оқырманын әдебиеттің әр буынындағы жазушылардың жауһар шығармаларымен қауыштырып жүрген газет ұжымын Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мерейтойымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Саналы ұрпақ жарқын болашақтың көрінісі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында қазірге дейінгі атқарылып келе жатқан және болашақта атқарылатын елдегі өзекті мәселелерге тоқталды.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2024
Қомақты қаржы талап еткен бопсалаушылар ұсталды
Қызылорда облысында полицейлер бопсалау қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Экономика • 09 Қаңтар, 2024
2025 жылы елімізде ауыл шаруашылығы санағы өтеді
Ел Үкіметі 2023 жылдың 29 желтоқсанында «2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы» қаулы қабылдаған еді. Қаулы осы жылдың 19 қаңтарында күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 09 Қаңтар, 2024
Қазақстанға туристер қай елден көп келетіні айтылды
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында елімізге 834,9 мың шетелдік турист саяхаттаған. 2022 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 225 мың адамға артқан. Яғни былтыр елімізге қыдырып келген туристер қатары 37% көбейген, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Банк • 09 Қаңтар, 2024
200 теңгелік банкноталардың тағдыры не болмақ?
Елімізде 200 теңгелік банкноталар іс жүзінде айналымнан шығып қалғанын байқауға болады. Ұлттық банк мұндай номиналдағы жаңа банкноталар енді шығарылмайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 09 Қаңтар, 2024
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Синоптиктер 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Қаңтар, 2024
Теле-радио арналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өтеді
Мәдениет және ақпарат министрлігі телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-радио арналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды. Конкурс Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 494 бұйрығымен бекітілген Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді телерадио арналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өткізіледі.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2024
Ақмола облысында қаржы пирамидасын құрған алаяқ сотталды
Qnet қаржы пирамидасының басшысы Степногорск, Щучинск, Атбасар, Көкшетау қалаларында және Ақмола облысының Шортанды кентінде қаржы пирамидасын құрған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2024
Қазақстанда кейбір теміржол станцияларының атауы өзгереді
«Ашық НҚА» порталында Көлік министрлігінің бірнеше теміржол стансасы мен разъездің атауларын өзгерту туралы қаулы жобасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Қаңтар, 2024
Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановты бірнеше ел қызметке шақырған. Бұл жайында Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Әзиз Қожамбетов «Бірінші бол» ютуб арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 08 Қаңтар, 2024
Астанада екінші ауысымдағы оқушылар қалай оқитыны белгілі болды
Бүгін Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 08 Қаңтар, 2024
АҚШ жыл соңында НЛО-ға қатысты қандай заң қабылдады?
2023 жылдың соңында Америка конгресі белгісіз ұшатын нысандар туралы ақпараттарды құпия ұстамау туралы заң жобасын қабылдаған. Бұл туралы Egemen.kz New York Times-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2024
Елімізде оң жақ рульді көліктерді әкелуге уақытша тыйым салынды
Қазақстанда оң рульді көліктерді әкелуге уақытша тыйым салынды. Тиісті бұйрық «Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі стандартты бақылау банкі» порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2024
Қалың қар, көктайғақтан республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Қолайсыз ауа райы салдарынан 4 облыс пен Астана маңындағы республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесі жабылды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Қаңтар, 2024
Елена Рыбакинаның қанша сыйақы алғаны белгілі болды
Австралияның Брисбен қаласында өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жеткен отандасымыз Елена Рыбакинаға жеңісі үшін қанша сыйақы берілгені айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2024
Жасөспірім қыз сырғанаймын деп қайтыс болды
Батыс Қазақстан облысында капотқа мініп сырғанаған қыз көз жұмды. Ол екі досының көлігіне ескі машина жабдығын тіркеп сырғанаған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2024
Щучинскіде тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды
Бурабай ауданы Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Өрт екі адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қаңтар, 2024
Ақтауда қырылған аққулар саны 600-ден асты
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында 601 аққудың қырылғанын растады. Мамандар аққулардың жаппай қырылуына құс тұмауы себеп болуы мүмкін екенін жеткізді, деп жазады Egemen.kz.