ыс
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Ақтөбе облысында сегіз ауыл газға қосылады
Ақтөбе облысында биыл төрт мыңға жуық тұрғыны бар сегіз ауыл орталықтандырылған газ құбыры желісіне қосылады. Олардың қатарында Әйтеке би ауданының Ақтасты, Жабасақ, Тымабұлақ, Мәртөк ауданының Полтавка, Ойыл ауданының Ақкемер, Ақшатау, Кемер және Қаракемер елді мекендері бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2026
Азық-түлік шығыны қай өңірде ең жоғары?
Бірқатар экономикалық көрсеткіштер ел тұрғындарының әл-ауқатының төмендеп бара жатқанын байқатады. 2025 жылдың төртінші тоқсанында еліміздегі жұмыс істейтін азаматтардың нақты табысы 2%-ға қысқарған. Сонымен қатар отбасылық бюджеттегі азық-түлік шығындарының үлесі айтарлықтай артқан, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 16 Ақпан, 2026
2027 жылы Астанада «Тельман» газ жылу стансасы іске қосылады
Премьер-министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Астана қаласына барып, ЖЭО-3 нысанын аралады. Сапар барысында Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында жүктеген жаңа қуат көздерін жаңғырту және іске қосу жөніндегі тапсырмалары аясында елорданың энергетикалық инфрақұрылымының жай-күйі тексерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 16 ақпан сағат 12:20-да ауа райының бұзылуына байланысты Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 16 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Сарапшы кімдерді жүлдеге лайық деп санайды?
Италияның Милан және Кортино қалаларында өтіп жатқан ХХV қысқы Олимпиада ойындары бел ортасынан ауды. Турнирлік кестеде қысқы спорт түрлерін шебер меңгерген елдер көш бастап тұр. Десе де төртжылдықтың басты бәсекесінің мәреге жетуіне 6 күн барын ескерсек, қорытынды есеп құбылуы бек мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2026
Жетісуда азық-түлік дүкенінде жарылыс болып, үш адам жараланды
Жетісу облысына қарасты Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде газ-ауа қоспасы жарылды. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға кеше кешкілік уақытта болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 16 Ақпан, 2026
Биыл 90 жаңа мектеп салынады: Қай өңірлерде үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі?
Биыл елімізде шамамен 47 мың оқушыға арналған 90 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Жоспар Оқу-ағарту министрлігінің апатты және үш ауысымда оқытатын мектептердің мәселесін кезең-кезеңімен шешу бағытында атқарып жатқан жүйелі жұмыстары аясында жүзеге асады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2026
Тараздағы тасқын қаупі: ТЖМ мен әкімдік шұғыл іске кірісті
Тараз қаласында қалың қар жауғаннан кейін су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында инженерлік тазарту жұмыстары ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2026
Қорғаныс министрлігі: Әскери басқару органдарына жоспарлы тексеру жүргізіледі
Қарулы Күштердің әскери басқару органдарына және әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізіледі. Осыған орай осы айдың 16-18 күндері аралығында Алматы, Қонаев, Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2026
Ұлытау облысында өңірлік коалиция құрылды
Ұлытау облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Бүгін, 13 ақпан күні Ақтау қаласында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен жылына 100 мың шақыртуға қызмет көрсете алатын, заманау үлгідегі Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының ғимаратының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Қазақстанда мұнай іздеу географиясы кеңеюі мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Қайтарылған активтер: Маңғыстау облысында жаңа медициналық мекеме салынды
Бүгін Ақтау қаласында жаңа облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Нысанның құрылысы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 13 Ақпан, 2026
Жалған диагноз рәсімдеу: Әскерден жалтарғандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Әлеуметтік желілерде «әскерден босату» немесе «ақ билет» алып беру бойынша қызмет көрсету жарнамасы тарап жатыр. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешім ел заңнамасына сәйкес тек шақыру комиссиясы тарапынан қабылданатын ескертіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Инвестиция • 13 Ақпан, 2026
Түркістанда инвесторларға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды
Түркістан облысында инвесторлардың құқығын қорғау мақсатында «прокурорлық сүзгі» жүйесі арқылы былтыр 41 заңсыз әкімшілік істі келісуден бас тартылып, 12 инвесторға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды. Соңғы екі жылда мемлекеттік органдардың 300-ге жуық шешімі зерделеніп, нәтижесінде 62 әкімшілік істі қозғаудан және 21 тексеруді тағайындаудан бас тартылған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Жұмыртқа мен сары май қымбаттаған: Жетісуда бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды
Жетісу облысында Сауда және тұтынушылардың құқықығын қорғау департаменті азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерді анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 13 Ақпан, 2026
Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан 9 адам сотталды
Жетісу облысының прокуратурасы сотта бопсалау мен психологиялық қысым көрсету арқылы қылмыс жасаған топтың кінәсін дәлелдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Патрульдік полицияны жасанды интеллект алмастырды
Ақтөбе облысының Қандыағаш, Алға қалаларында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге арналған кешендер іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Ақпан, 2026
Өткен жылы өндіріс 6,4%-ға артты: Қай салалар оң динамика көрсетті?
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2025 жылды қорытындылауға арналған алдағы кезеңге арналған жоспарлары қаралған алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2026
Қызылордада бойжеткеннің соңынан қалмай, аңдыған өгей әкесі темір торға тоғытылды
Қызылорда қаласында бойжеткенді аңдып, мазалаған азамат қамауға алынды. Полицияға арызданған жәбірленушінің айтуынша, оны өгей әкесі аңдыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
Абай облысында алимент өндіру тетігі күшейді
Абай облысында алимент өндіру мәселесіне қатысты жедел-профилактикалық іс-шаралар жүріп жатыр. Тексеру барысында алимент бойынша берешегі бар азаматтар анықталған. Қарыз көлемі бірнеше мың теңгеден бастап, қомақты қаражатқа дейін жеткен жағдайлар кездеседі, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Қоныс тойы тойланды, тоқтаған құрылыс қозғалды
Өткен аптада облыс әкімі Берік Уәли Абай ауданына жұмыс сапарымен барып, аудандағы бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, тұрғын үй құрылысының барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.
Қысқы спорт • 12 Ақпан, 2026
Могулшы Павел Колмаков жекелей сында жарыс жолынан шығып қалды
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан ерлер арасындағы алғашқы финалдық сайыс өз мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Сәтбаевта қалың қар жауды: Жол тазалауға қанша техника жұмылдырылды?
Өткен жылы Сәтбаев қаласында қоқыс шығару бойынша біраз мәселе туындаған. Биыл 1 қаңтардан бастап қоқыс жинаумен айналысқан «Сәт-Тазалық» компаниясымен келісімшарт тоқтатылды. Жаңа мердігер – «Ұлытау эко сервис» анықталды. Компания бірден жұмысқа кірісіп, күшейтілген режимде қызмет көрсетуге кірісті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Ақпан, 2026
Жамбыл облысында автобус пен көлік соқтығысып, жолаушы қаза тапты
Жамбыл облысындағы «Аса – Ақкөл» тасжолында жол апаты болды. Облыстық полиция басқармасының алдын ала мәліметінше, автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы жолаққа шығып кеткен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2026
Қостанайдағы ішімдіктен бас тартқан ауылда 3 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген
Аталған облысқа қарасты Амангелді ауданының Қабырға ауылдық округінде барлық сауда орындары алкогольдік өнімдерді сатудан ерікті түрде бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Ақпан, 2026
13 ақпанға дейін жол жабық: Қай өңірлерде қозғалысқа шектеу қойылды?
Елдің оңтүстігінде қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 12 Ақпан, 2026
Шығыс Қазақстан жастары референдумды қолдайды
15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында Шығыс жастары ел тағдыры үшін маңызды қадамға үн қосты. Олар үшін болашақ – алыс көкжиек емес, бүгінгі таңдаудан басталатын нақты жауапкершілік. Өйткені мемлекет ертеңі әр азаматтың саналы шешімі мен азаматтық ұстанымына байланысты айқындалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2026
Жамбылды бір-ақ сәтте қар басты: 300-ден астам қызметкер көшелерді қардан тазартып жатыр
Жамбыл облысында ауа-райының күрт бұзылып, қалың қар түсуіне орай өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес жолдарды тазалау және қысқы күтіп-ұстау жұмысы қызды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 12 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындары жалғасып жатыр. Бүгін төртжылдықтың басты бәсекесінде жерлестеріміз спорттың 4 түрі бойынша жүлдеге таласады, деп жазады Egemen.kz.