Аға
Оқиға • 10 Желтоқсан, 2024
Астана тұрғыны лифтте әйелге шабуылдаған
Астанада ер адам лифт ішінде әйелге пышақпен шабуыл жасаған. Тұрғын үй кешендерінің бірінде болған оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 10 Желтоқсан, 2024
Азық-түлік инфляциясын тежеу үшін аймақтарда көкөніс қорлары пайдаланыла бастады
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте 11 айдағы инфляция қорытындылары мен 2024 жылғы болжамдар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2024
Оқушылар қысқы каникулда 10 күн демалады
Елімізде қысқы каникул кезеңі 2024 жылдың 30-желтоқсаны мен 2025 жылдың 8-қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 10 Желтоқсан, 2024
Қазақстанда жаңа үйлердегі пәтер бағасы көтерілді
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қараша айында жаңа үйлердегі пәтерлердің бағасы қазанмен салыстырғанда 0,4%-ға өскен. Алайда баға тек бірнеше қалада өзгерген. Көптеген өңірлерде жағдай тұрақты, деп хабарлайды Egemen.kz Krisha.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2024
«12 миллион теңге шығын»: Жетісу облысында алаяқ әйел 7 жылға сотталды
Жетісу облысында бірнеше мәрте алаяқтық жасаған әйел 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2024
Қарағанды облысында адасып кеткен туристер табылды
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында төрт турист «Шайтан көлі» бағытына бет алып, сол күйі адасып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024
Сүйінші, жолаушы қауым! Елдің күткені – автобанның біткені еді. Сол көп күттірген күрежолдың құрылысы аяқталды. «Қарағанды – Балқаш» тасжолының төрт жолағы толығымен ашылды. Бұл бағыттағы автобан құрылысының сағызша созылғаны, мерзімінен не себепті кешіктірілгені аз жазылмаған еді. Газетіміздің 27 ақпан күнгі санында жауапты органның «жолды жыл соңына дейін тапсырамыз» деген уәдесін берген едік. «ҚазАвтоЖол» уәде үдесінен шықты. Сөйтіп төрт жолақты жолды салтанатты түрде тапсырды.
Қылмыс • 07 Желтоқсан, 2024
Қарағандыда қылмыскер араққа уланып қайтыс болды
Қарағанды қаласында екі адамды өлтірген тұрғын қылмыстан кейін алкогольден уланып қайтыс болды. Оқиға Ержанов көшесіндегі пәтерде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Желтоқсан, 2024
Президент Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2024
Қарағандыда жаңа жабық стадион салынады
Қарағандыда жаңа көпфункционалды спорт кешені үшін 70 гектардан астам жер бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Желтоқсан, 2024
Шымкентте шенеуніктер 1,1 миллиард теңгеден астам ақша ұрлаған
Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық жолмен алынған 358 миллион теңгеден астам қаражатқа сатып алынған жылжымайтын мүлікті мемлекет кірісіне тәркіледі, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 02 Желтоқсан, 2024
Талғар полициясы бастығының міндетін атқарушы тағайындалды
Аталған лауазымға Айдар Омаров тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 02 Желтоқсан, 2024
Петропавл қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің өкімімен Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары болып Сергей Мелехов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 02 Желтоқсан, 2024
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен бұл қызметке тағайындалған генерал-майор Ержан Ибраев жуырда офицерлер мен әскери қызметкерлерге таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Желтоқсан, 2024
Қарағандыда екі көлік соқтығысты
Қарағанды облысындағы тас жолда екі көлік соқтығысып, жол апаты салдарынан жасөспірім зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2024
Қарағандыда ірі есірткі арнасы жойылды
Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласындағы аудандардың бірінде есірткі зертханасын жою бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Желтоқсан, 2024
Полицейлер өзін ІІМ қызметкерімін деп таныстырған алаяқты әшкере етті
Қарағанды облысында полицейлер өзін ішкі істер министрлігінің қызметкерімін деп таныстырған алаяқпен әңгімені видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Қараша, 2024
Келесі жылдан бастап денсаулыққа қауіпсіз алкоголь сатылады
2025 жылдың қаңтар айынан бастап Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 31 қазандағы №761 бұйрығымен бекітілген «Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» жаңа техникалық регламент күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 29 Қараша, 2024
«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің басшысы тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің басшысын тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 29 Қараша, 2024
Қарағандыда жаңа маркетплейс жұмысын бастады
Қарағандыда жаңа Teez маркетплейсі өз жұмысын бастады. Оның негізгі артықшылығы - тапсырыстарды бір күн ішінде жеткізу. Тапсырыс беру пункттері елдің 24 өңірінде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Қараша, 2024
«Жайлы мектептердің» 40 пайызы ауылдарда салынған
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Кезекті 36-шы мектеп Алматы облысының Көкөзек ауылында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 27 Қараша, 2024
Қазақстан-Қытай білім саласындағы ынтымақтастықты арттыруға мүдделі
ҚР Премьер-министрінің техникалық және кәсіби білім беру жүйесіндегі студенттерге қолдау көрсету және саланы дамыту үшін елімізде Ұлттық құзыреттілік орталығын құру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Министр техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибелермен танысып, қытайлық әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Қараша, 2024
Астанада кәмелетке толмағандар арасында 150 құқық бұзушылық тіркелген
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында елорданың бес ауданында тұрақты негізде «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шаралары өткізіледі. Рейдтік іс-шаралар басталғалы бері 150-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша 109 факт тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 27 Қараша, 2024
Серік Сәпиев жаңа қызметке келді
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндеттерін орындауға атақты боксшы, Олимпиада чемпионы және Вэл Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 26 Қараша, 2024
Мәулен Әшімбаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесті
Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Португалия Республикасына сапары аясында БҰҰ Өркениеттер альянсының 10-шы Жаһандық форумына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 26 Қараша, 2024
Павлодар облысы спорт басқармасына жаңа басшы келді
Облыс әкімінің өкімімен Азамат Имашев Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 26 Қараша, 2024
Құрлық әскерлерінің жаңа бас қолбасшысы тағайындалды
Бұндай бірқатар ауыс-түйістер туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 25 Қараша, 2024
Ақтөбе облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды
Аталған қызметке бұған дейін Алға ауданының әкімі қызметін атқарған Нұрбол Ержанов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Сенат • 25 Қараша, 2024
Сенат төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының отырысына қатысты
Санкт-Петербург қаласында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 57-пленарлық отырысы өтті. Оған Достастыққа мүше мемлекеттердің Парламент Палаталарының төрағалары қатысты. Қазақстан делегациясын Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаев бастап барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Патриарх Кириллді Астанаға шақырды
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей Федерациясына сапары аясында Мәскеуде Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллмен кездесті. Іс-шара барысында Палата Спикері оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне шақыруды табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz.