и
Оқиға • 20 Ақпан, 2025
Елімізде тәуелсіз сарапшылар институты пайда болды
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда медициналық ұйымдар медициналық-әлеуметтік сараптамаға сырттай проактивті форматта жіберетін азаматтарды куәландыру жөніндегі тәуелсіз сарапшылар институты енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Ақпан, 2025
600 мың палестиналық атажұртына қайтты
ХАМАС пен Израиль арасында оқ атпау туралы келісім күшіне енген 19 қаңтардан бері Газа секторына 600 мың палестиналық оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2025
«Қазсушар» филиалдары жаңа техникалармен толықты
Тасқынға дайындық шеңберінде сала министрлігі «Қазсушар» филиалдарын 84 жаңа техникамен қамтамасыз етті, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 20 Ақпан, 2025
Аудан әкімдері де инвестиция тартуға міндетті - Олжас Бектенов
Премьер-министр Мемлекет басшысының еліміздің экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын қарау жөнінде кеңес өткізді. Басты мақсат – ірі инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдету және еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға кедергі келтіретін жүйелі мәселелерді шешу, сондай-ақ инвестициялық саясаттың тиімділігін арттыру, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және капитал тарту жұмыстарын жандандыру үшін ықтимал шараларды қарастыру, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 20 Ақпан, 2025
Елімізде техногендік қалдықтардан минералды ұнтақ өндірілмек
Техногендік қалдықтарды кеңінен пайдалану мақсатында «ҚазжолҒЗИ» мамандары «ERG Recycling» ЖШС және «Qarmet» АҚ компанияларымен бірлесіп, асфальтобетонға арналған модификацияланған минералды ұнтақ өндіру технологиясын әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Ақпан, 2025
Мерген қыздар алтыннан алқа тақты
Нысана көздеуден Азия Кубогінде Қазақстанның қыздар құрамасы кезекті алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 20 Ақпан, 2025
ЖИ бизнестің ойын ережесін қалай өзгертті
Жасанды интеллект (ЖИ) заманауи бизнесті жоғары жылдамдықпен трансформациялап, түрлі салаға еніп келеді және іс жүргізудің дәстүрлі тәсілдерін өзгертіп жатыр. Процестерді автоматтандырудан бастап клиенттік тәжірибені дербестендіруге дейінгі процесте тиімділікті арттырып, компанияның бәсекеге қабілетін күшейтетін басты құралға айналды. Бұл жайында МТАЖО бас инженері Альбина Жалғасова кеңінен түсіндіріп берді.
Қоғам • 20 Ақпан, 2025
1 наурыздан бастап пойыз билеттерінің бағасы өседі
Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов көктемде билеттер қаншалықты қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 20 Ақпан, 2025
Азия додасында елордалық 11 балуан жеңіске жетті
Бангкокта (Тайланд) джиу-джитсудан Азия кубогы U14, Азия чемпионаты U16-U18 жарыстары өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2025
«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен тұтыну кооперативінің атын жамылған «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Ақпан, 2025
Владимир Путин: Украинаны ешкім шеттеткен жоқ
Ресей президенті Владимир Путин Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегациялары арасындағы келіссөздің нәтижелі өткенін жоғары бағалап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2025
Жеңістің 80 жылдығына арналған ресми логотип бекітілді
Биыл елімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтілмек. Бұл туралы жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында ерекше екшеген еді, деп жазады Egemen.kz.
Тағзым • 20 Ақпан, 2025
Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы бастау алды
Биыл Қазақстанның Халық әртісі, күйші-композитор, дирижер, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады. Осыған орай, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Қонаев қалалық мәдениет үйінде өнер тарланының ғасыртойына арналған салтанатты шара шымылдық ашты.
Форум • 20 Ақпан, 2025
Ақтөбеде этномедиация мәселелері талқыланды
Аймақтарда, елдімекендерде туындайтын дау-жанжалдарды шиеленіссіз шешу жолдары, мәмілегерлік институтты дамыту, этномедиаторлар мен этнокеліссөз жүргізушілерді дайындау мәселелері Ақтөбеде өткен «Бірлік пен келісімге 30 жыл» атты республикалық конференцияда талқыланды.
Президент • 19 Ақпан, 2025
Президенттің Иорданияға ресми сапары аяқталды
Мемлекет басшысының Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кино • 19 Ақпан, 2025
«Әбіл» фильмі халықаралық 3 мәртебелі марапатты жеңіп алды
Қазақстан режиссері Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмі 31-Vesoul халықаралық Азия кинофестивалін (Франция) жеңіспен аяқтап, бірден үш бірдей мәртебелі марапатқа ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Ақпан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания музейіне барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Амманға ресми сапары аясында Иордания музейін аралап көрді. Мемлекет басшысын аталған нысанда ханзада Әли бен әл-Хусейн, Иордания музейі Қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары, ханшайым Сумайя бинт Хасан мен музей директоры Ихаб Амарин қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Ақпан, 2025
Иордания Королі «Алтын Қыран» орденімен марапатталды
Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнге Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2025
Қазақстан-Иордания: бірлескен мәлімдеме қабылданды
Келіссөздер аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 19 Ақпан, 2025
Ақмола облысында автобус жүргізушісі оқушы қызды қағып кетті
Ақмола облысында мектеп автобусының жүргізушісі 10 жасар қызды қағып кеткен. Салдарынан жасөспірім қыз оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Ақпан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королімен келіссөз жүргізді
Президент, ең алдымен, Король II Абдалланың билік басына келгеніне ширек ғасыр толуымен құттықтап, оның Иордания халқының өсіп-өркендеуіне және елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету мен халықаралық аренадағы абырой-беделін арттыруға бағытталған жасампаз бастамаларының сәтті жүзеге асырылуына тілектестік білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тарих • 19 Ақпан, 2025
Аттиланы әлемдік деңгейде зерттеуші
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде белгілі қоғам қайраткері, ғалым-тарихшы және қоғамтанушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, белгілі аудармашы, тарих ғылымының кандидаты, Мадрид (Испания) университетінің профессоры Самат Өтениязовтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Әлем әдебиеті мен мәдениетіндегі Аттила тұлғасы» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтеді.
Музей • 19 Ақпан, 2025
Депутат тарихи ескерткіштерді қорғаудағы олқылықты айтты
Мәжіліс депутаты Болат Керімбек тарихи ескерткіштердің мемлекет тарапынан қорғалуы мен музей тұжырымдамалары туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 19 Ақпан, 2025
Елена Рыбакина әлемдік турнирдің үшінші айналымына өтті
Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина БАӘ-де өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2025
Материалдық емес мәдени мұраны сақтау Қазақстан үшін маңызды қадам
Қазақ халқы – ежелден бері өз мәдениеті мен салт-дәстүрін жоғары бағалап, ұл-қызын әдет-ғұрып, жөн-жосық арқылы тәрбиелеп, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Салт-дәстүр – елдің тәрбиесі мен мәдениетінің айнасы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік» деген. Бұл халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған рухани мұрасының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Марапат • 19 Ақпан, 2025
Әзербайжанның Бас консулы құтқарушыларды марапаттады
Әзербайжан Республикасының Бас консулы Айхан Сүлейманлы Ақтау қаласында «Әзербайжан әуе жолдары» ұшақ апатының салдарын жойғаны және құтқару операциясына қатысқаны үшін қазақстандық құтқарушыларға «Ынтымақтастық үшін» төсбелгісін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Ақпан, 2025
Мемлекет басшысы Әл-Хусейния сарайына барды
Әл-Хусейния сарайында Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Еліміздегі алты әуежайға тексеру жүргізілді
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әуежайларды әуеайлақтардың техникалық жай-күйі мен ұшуларды қамтамасыз ету қажеттілігі тұрғысынан тексеру нәтижелері туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 19 Ақпан, 2025
Алматы әуежайы халықаралық хабқа айналады
Елімізге табан тіреген туристер үшін Алматы Қазақстанның әуе қақпасы. Мемлекеттің бет-бейнесін танытатын шаһардағы әуе саласының әлеуетін уақыт талабына сай жетілдіру маңызды міндет. Бұл туралы Халықаралық Алматы әуежайының президенті Гокер Косе мен Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогенің кездесуі барысында айтылды.
Әлем • 19 Ақпан, 2025
Бразилияның экс-президентіне ауыр айып тағылды
Сейсенбі күні Бразилияның бас прокуроры бұрынғы президент Жаир Болсонаруды мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деп ресми түрде айыптады, деп хабарлайды Egemen.kz NBC News арнасына сілтеме жасап.