ми
Қоғам • 28 Ақпан, 2025
Абай облысында екі айдың ішінде үш адам елден қуылды
Абай облысында жыл басынан бері үш адам Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды. Олардың бәрі жауапқа тартылып, елден қуылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2025
Қаржы пирамидасы халықтың қалтасын қағып тұр
Алаяқтықтың алуан түрін меңгергендер қарапайым халықтың қалтасын қағып жүр. Әсіресе жылдар бойы жалғасып келе жатқан қаржылық пирамидалардың қақпанына түсетіндер әлі де азаяр емес. Осы жылдың алғашқы екі айының өзінде құзырлы органдар өңірде төрт қылмыстық іс тіркепті. Оның дені қаржылық пирамиданы заңға қайшы жарнамалау дерегі бойынша, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 27 Ақпан, 2025
Әскери институттардың 50-ден астам түлегі генерал атағын алған
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери институттарының 50-ден астам түлегі генерал атағына ие болды. Бұл туралы Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Мұрат Қуатбекұлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2025
Елімізде екі әскери колледж ашылады
ҚР Қорғаныс министрлігі «Жас ұлан» республикалық мектептерінің базасында екі жаңа әскери колледждің құрылатынын жариялады. Алматы қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы әскери-спорт колледжі, ал Қарағанды қаласында Талғат Бигелдинов атындағы әскери колледж ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Ақпан, 2025
Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Қуанышұлы Әбіл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2025
Қазақстанда алғаш рет жер сілкінісінен цифрлық сақтандыру енгізілді
Бүгін сақтандыру нарығының белді сарапшысы сейсмикалық сілкіністер салдарынан баспана айтарлықтай қирап, мүліктер бүлініп, жоғалған жағдайда сақтандыру төлемдері қалай берілетінін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Ақпан, 2025
Қорғалжын табиғи қорығына апаратын жол жөнделеді
Қорғалжын табиғи қорығына апаратын «Астана – Қорғалжын» автожолында жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Ақмола және Қостанай өңірлеріне жасаған жұмыс сапары аясында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Ақпан, 2025
Перизат Қайраттың «Biz Birgemiz Qazaqstan 2030» қоры жабылады
Бұл туралы Әділет министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Ақпан, 2025
Мемлекет басшысы Олжас Бектеновті қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және Үкімет қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • 26 Ақпан, 2025
Сот шешімдері ЖИ көмегімен орындалады
Бүгін Үкімет отырысында сот шешімдері негізінде мәжбүрлеп орындау институтын жетілдіруге бағытталған бірқатар инновациялық шешімдер талқыланып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Дін • 25 Ақпан, 2025
Ифтар емес ауызашар, сухур емес сәресі - Бас мүфти
Астанада өткен баспасөз мәслихатында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақ тілінің дін саласындағы қолданыс аясы туралы пікір білдірді. Оның айтуынша, ғасырлар бойы мұсылмандық жолды ұстанған бабаларымыз ана тіліміздегі сөздерді қолданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Ақпан, 2025
Мемлекет басшысы Оман Сыртқы істер министрін қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Ақпан, 2025
Президент Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевті қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Ақпан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасарын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Ақпан, 2025
Президент Кувейт Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 25 Ақпан, 2025
Қазақстан Еуропалық Одаққа бал экспорттайды
Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан ресми түрде Еуропалық Одақ елдеріне бал экспорттауға рұқсат алғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 24 Ақпан, 2025
Елімізде жаңа халықаралық әуе бағыты ашылады
«Биылғы жылдың 29 мамырынан бастап «SCAT» әуекомпаниясы Шымкент – Каир әуе жолы бойынша Египетке жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 24 Ақпан, 2025
Еліміз құрылыс жұмыстарының көлемі жағынан көш бастап тұр
Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерін құрылыс жұмыстарының көлемі жағынан басып озды, деп хабарлайды Egemen.kz ТМД елдері департаментінің Еуразиялық экономикалық интеграция бөліміне сілтеме жасап.
Тағайындау • 24 Ақпан, 2025
Төтенше жағдайлар вице-министрі тағайындалды
Үкімет қаулысымен бұрын ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болған Камалов Рамиль Фаткулович ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Сұхбат • 24 Ақпан, 2025
Салық мәдениетін қалыптастырамыз - Серік Жұманғарин
Қаңтар айының соңында Үкімет фискалдық жүйені және бүкіл экономиканы аяққа тұрғызатын бірқатар шараны жүзеге асыруды ұсынды. Расында, бюджетке салық түсімдерін ұлғайту – алдағы реформа шеңберіндегі талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі. Бүгінгі таңда ҚҚС желісі бойынша Үкімет 16% базалық жалпыға бірдей белгіленген мөлшерлемені, басым қызмет түрлері үшін 10% аралық мөлшерлемені және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін нөлдік мөлшерлемені ұсынады. Бұл ретте арнаулы салық режімдерінің саны 364 қызмет түрінен 40-қа дейін қысқаруы мүмкін. Олай болса Үкімет салық жүйесін қалай дұрыс қалыптастырмақшы? Бүкіл кәсіпкер салықты адал төлеуі үшін оларға қандай жеңілдіктер жасауға дайын? Осы және барлық ел азаматтарын толғандырған басқа да сұрақтарға Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жауап берді.
Қоғам • 24 Ақпан, 2025
Этникалық қазақтарға 65 «Ата жолы» картасы берілді
Этникалық қазақтарға Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 24 Ақпан, 2025
Егіншілерге 171 млрд теңге жеңілдетілген несие берілді
«Аграрлық несие корпорациясы» жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2025
Бауырлас елмен экономикалық байланыс нығаяды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев бастаған әулиеаталық делегация Түркия Республикасының Мерсин провициясына барып, инвестциялық форумға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салық • 21 Ақпан, 2025
93 блогердің салық есебі қайта жіберіледі
Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 19 ақпанда 93 блогердің 9,8 млрд. теңге салық төлеу туралы хабарламасы кері қайтарылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 21 Ақпан, 2025
Үкімет экономиканың нақты секторын қаржыландырады
Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және экономикаға инвестициялар тарту туралы тапсырмасы бойынша Үкімет қаржылық даму институттары арқылы ШОБ өңдеу өнеркәсібі және ірі бизнес саласындағы инвестициялық жобаларды қолдаудың ауқымды науқанын бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Ақпан, 2025
Елімізде 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 072 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 20 Ақпан, 2025
Қазақстанның экономикалық моделіне реформа керек - сарапшы
Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскурякова Алматыдағы Women in Business-2025 форумында әлемдік экономикадағы жаһандық өзгерістер өңір елдеріне мүмкіндіктер туғызатынын, бұл үшін бірқатар жүйелі проблемаларды шешу қажеттігін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 20 Ақпан, 2025
Аудан әкімдері де инвестиция тартуға міндетті - Олжас Бектенов
Премьер-министр Мемлекет басшысының еліміздің экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын қарау жөнінде кеңес өткізді. Басты мақсат – ірі инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдету және еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартуға кедергі келтіретін жүйелі мәселелерді шешу, сондай-ақ инвестициялық саясаттың тиімділігін арттыру, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау және капитал тарту жұмыстарын жандандыру үшін ықтимал шараларды қарастыру, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Ақпан, 2025
«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен тұтыну кооперативінің атын жамылған «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Ақпан, 2025
Жеңістің 80 жылдығына арналған ресми логотип бекітілді
Биыл елімізде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кең көлемде аталып өтілмек. Бұл туралы жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында ерекше екшеген еді, деп жазады Egemen.kz.