и
Қазақстан • 01 Қараша, 2024
Мәжіліс спикері Қырғызстан Президентімен кездесті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бүгін Қырғызстанға ресми сапарының екінші күнінде Президент Садыр Жапаровпен кездесіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ Садыр Жапаровтың бауырлас халықтар арасындағы достық пен одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 01 Қараша, 2024
Ақордада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Ақордада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдерге қатысты құқықбұзушылықтардың алдын-алу және оның жолын кесу мәселелеріне арналған жиын өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Франция елшісін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция елшісі Сильван Гиогені жаңа қызметімен құттықтап, оның дипломатиялық миссиясы екіжақты қатынастардың өте белсенді даму кезеңімен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 01 Қараша, 2024
Қазақстан құны 7 миллиард долларды құрайтын 32 құжатқа қол қойды
Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық инвестициялар бойынша VII Қазақстандық дөңгелек үстелге қатысты (KGIR-2024). Алаңда ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, энергетика және тау-кен өндіру салалары, қаржы секторы салаларындағы жетекші халықаралық және қазақстандық компаниялар басшыларымен бірге 500-ден астам бизнес өкілі, сондай-ақ отандық кәсіпкерлік сала өкілдері, инвесторлар жиналды. Пленарлық сессия «Жаһандық инвестициялық үрдістер: болашаққа көзқарас» тақырыбына арналды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 01 Қараша, 2024
Оқушылар арасында V республикалық шешендік өнер байқауы өтті
Елімізде желілік «Абай мектептерінің» оқушылары арасында V республикалық «Іші - алтын, сырты - күміс сөз жақсысы» шешендік өнер байқауы өз мәресіне жетті. Оған әр өңірдегі Абай мектептерінен 30-ға жуық білім алушы қатысып, ойдың ұшқырлығы, тілдің шешендігі бойынша өзара бәсекеге түсті. Биыл республикалық байқаудың қорытындысы Ақмола облысында шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Қараша, 2024
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 01 Қараша, 2024
Адамдар динозаврлардың күйін кешуі мүмкін - Илон Маск
Бұл туралы SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маск АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трампты қолдау іс-шарасында Ланкастерде (Пенсильвания) сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Қараша, 2024
Қытайлық компания Ақмола облысында бидай өңдейтін зауыт салады
Қытайлық Fufeng Group компаниясы Ақмола облысында бидайды терең өңдейтін зауыт құрылысына 650 миллион доллар инвестиция салып жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 01 Қараша, 2024
Бүгін - дүниежүзілік вегандар күні
Дүниежүзілік вегандар күні — 1994 жылы 1 қарашада Вегандар қоғамы өзінің 50 жылдығын тойлау тұсында пайда болған мереке. Веган сөзін Дональд Уотсон ағылшынша «vegetarian» (қазақша «вегетарианшыл») сөзінің алғашқы үш, соңғы екі әрпінен алып құраған. Бұл термин 1994 жылы 1 қарашадан бері Лондонда Вегандар қауымдастығында атала бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 01 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Алжир Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Қараша, 2024
Бірнеше өңірде электр қуатының тарифі өседі
1 қарашадан бастап бірнеше өңірде электр қуатының тариф өседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 01 Қараша, 2024
Әлем чемпионаты: Он боксшымыз қола жүлдеге ие болды
Жастар арасындағы Әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілген 10 боксшымыз қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 01 Қараша, 2024
Жанкүйерлер Жәмила Бақбергенованы қошеметпен қарсы алды
Еркін күрестен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Жәмила Бақбергенова күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақта өткен әлем біріншілінің күміс медалін жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 01 Қараша, 2024
Әлем чемпионаты: 7 боксшымыз алтынға таласады
Жастар арасындағы әлем чемпионатында 7 отандасымыз финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 01 Қараша, 2024
Шу қаласында электровозға техникалық қызмет көрсететін орталық салынады
Премьер-министр Олжас Бектенов Жаһандық инвестиция жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел аясында ірі халықаралық компаниялардың басшыларымен – теміржол машинасын жасау саласының әлемдік көшбасшыларымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 01 Қараша, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 01 Қараша, 2024
Динара Каиргожа музыканың құдіреті туралы айтты
Кең байтақ жеріміздің әр өңірінің өзіндік әншілік мектебі қалыптасқан. Ән өнерін қатты құрметеген халқымыз небір тамаша әндерді тудырды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Мәселе • 01 Қараша, 2024
Квадробика еріккеннің ермегі ме?
Осыдан тоғыз жыл бұрын Жапонияда пайда болып, кейін әлемнің бірқатар мемлекетінде тарала бастаған квадробика, яғни жануарларға еліктеушілер қозғалысы біздің елге де жетті. Бетіне аңның немесе малдың жүзі бейнеленген маска тағып, үстіне сол жануардың денесіне ұқсатып тіктірген костюм киіп, көшеде төртаяқтап жүрген квадробер-жеткіншектерді Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Орал, Тобыл қалаларында көргендер бар.
Ауа райы • 31 Қазан, 2024
1 қарашада кей өңірде жаңбыр және қар жауып, көктайғақ болады
Синоптиктердің болжамына қарағанда, 1 қараша, жұма күні еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады және кей өңірде нөсер жаңбыр, қар жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Қазан, 2024
Маңғыстауда қырылған итбалықтардың саны 300-ге жуықтады
Маңғыстауда Каспий теңізінің Түпқараған ауданы аумағында қырылған итбалықтардың саны әлі артуы мүмкін, мамандар тексеру жұмысын толығымен аяқтап болған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 31 Қазан, 2024
Президент Испания Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 31 Қазан, 2024
XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтеді
2024 жылғы 24-30 қараша аралығында Алматы қаласында XVII «Еуразия» халықаралық кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 31 Қазан, 2024
Президент Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасымен кездесті
Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 31 Қазан, 2024
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселелері талқыланды
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың басшылығымен сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оның қызметін бюрократиядан арылту мәселелері бойынша Консультативтік-сараптамалық топтың отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 31 Қазан, 2024
Назарбаев университеті жаһандық жобаға қосылды
Назарбаев университеті жасанды интеллекттің жоғары білім беру саласындағы рөлін зерттеуге арналған жаһандық консорциумның құрамына енді. Зерттеу Африка, Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америкада жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 31 Қазан, 2024
Қар басу қаупі бар учаскелерде ағаш қалқандар орнатылады
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 31 Қазан, 2024
Дзюдо федерациясының президенті елордадағы спорт нысандарын аралады
Қазақстанға ресми сапармен келген Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер елордадағы спорт нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 31 Қазан, 2024
Президент Solidcore Resources plc компаниясының директорын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Solidcore Resources plc компаниясының бас атқарушы директоры Виталий Несисті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 31 Қазан, 2024
Мемлекет басшысы Мишель Симмонсты қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Microsoft компаниясының Орталық Еуропа мен Орталық Азиядағы президенті Мишель Симмонсты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 31 Қазан, 2024
Шерзат Болаттың ісі: Қандай сараптамалар жүргізіліп жатыр
ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша қандай сараптамалар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.