Ар
Есірткі • 28 Ақпан, 2024
Қарағандыда есірткі сатқан жігіт абақтыға тоғытылды
Қарағандыда синтетикалық есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Президент • 28 Ақпан, 2024
Президент теміржол саласының ардагерлерімен жүздесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының инновациялық бастамаларымен танысқаннан кейін, теміржол саласының ардагерлерімен жүздесті. Олардың қатарында Қалтай Сәмбетов, Борис Есенаманов, Марат Хамзин, Болатбек Дүйсемәлиев, Қуаныш Котырев, Ескендір Рахметжанов, Оразғали Ахметбаев сияқты құрметті теміржолшылар болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 28 Ақпан, 2024
«JOLTAP» әлеуметтік жобасы: 1 000 астам азамат жұмысқа орналастырылды
Елордада жүзеге асырылып жатқан «JOLTAP» жобасы шеңберінде қала тұрғындары жұмысқа орналасуға көмек, 52 мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес ала алады және 13 мамандық бойынша қысқа мерзімді оқуға жазыла алады. Келушілер мен жұмыссыз жастарға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
Рамазан айын пайдалы өткізудің 5 амалы
Алдағы наурызда мұсылман қауымы асыға күтетін, ораза ұстаған жанға Алланың сауабы төгілетін, қасиетті Рамазан айы басталады. Айлардың сұлтанына баланған бұл Рамазанға алдын ала рухани және физикалық дайындалудың маңызы зор. Жүйелі жасалған қам-қарекет Оразаны пайдалы, қиындықсыз өткізуге септеседі. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлдан ораза ұстау мен ауызашар беру әдебін сұрадық, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2024
Қарағандыда «Алғысымыз шексіз» акциясы басталды
Көрікті көктемнің алғашқы мерекесі Алғыс айту күніне орай Қарағандыда «Алғысымыз шексіз» акциясы басталды. Акция аясында Қарағанды Жастар ресурстық орталығының өкілдері мен Тәттімбет атындағы колледж студенттері облыс тұрғындарын ерекше құттықтады.
Аймақтар • 28 Ақпан, 2024
Төтенше жағдайлар департаменті қызметкеріне үкім жарияланды
Ақтөбе қаласының №2 соты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жедел кезекшісінің көмекшісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 28 Ақпан, 2024
Ең жүйрік ат иесіне миллион дирхам беріледі: Жарысқа Қазақстанның «Кабирхан» арғымағы қатысады
1 наурызда Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін дәстүрлі Dubai Racing Carnival жарысына әлемге әйгілі Қазақстан тұлпары Кабирхан қатысады. Бұл туралы inbusiness.kz сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
Ғалымдардың жалақысына қосымша үстемеақы төленеді
Жоғары оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысатын оқытушылардың, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғалымдардың негізгі жалақысына қосымша ақы төленетін болады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді?
Биылғы наурыз айы тарихи оқиға мен бірқатар экономикалық өзгеріске толы болмақ. Қазақ халқы үшін ежелден жаңару, жыл бастауы болған айға осы жылы Рамазан уақыты да тұспа-тұс келіп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
АҚШ университетімен әріптестік орнамақ
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басқарма төрағасы - ректоры Ақылбек Күрішбаев АҚШ-қа сапары барысында осы елдің жетекші оқу орны Небраска Линкольн Университетінің басшылығымен кездесіп, екі ЖОО арасында «Жан-жақты және өзара тиімді ынтымақтастық пен әріптестікті дамыту туралы келісімге» қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
«Қарызсыз қоғам» несиеден арылуға қалай көмектеседі?
Халықтың шамадан тыс несиеге батуы назар аударылуы қажет мәселелердің бірі. Қазақстан азаматтарының әрбірінде бірнеше несиеден бар. Өтелмеген несиелер ажырасуға, отбасылық жанжалдарға, құқықбұзушылықтарға себеп болады. Бұл түйткілді қандай да бір жолмен шешу үшін AMANAT партиясы былтыр «Қарызсыз қоғам» жобасын бастады, ол қарызды төлеп, аяққа тұруға ғана емес, қаржылық қауіпсіздік құралдарын үйренуге де көмектеседі.
Сенат • 27 Ақпан, 2024
Сенаторлар су мәселесін талқылады
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті Қызылорда облысында болып, «Су ресурстары: тұрақты сумен қамтамасыз ету мәселелері мен перспективалары» тақырыбында көшпелі отырысын өткізді, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Ақпан, 2024
Түрмедегі төбелес. Қатаң режимдегі колонияда сотталушы көз жұмды
Қарағанды облысы, Абай ауданындағы №29 қатаң режимдегі түзеу колониясында сотталушы қайтыс болды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Ақпан, 2024
XI Азия чемпионаты: қазақ спортшылары екі рекорд орнатты
Су спорты түрлерінен Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан XI Азия чемпионатында Қазақстанның екі спортшысы жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тақты, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Ақпан, 2024
Ұлттық құрама XX қысқы Сурдлимпиада ойындарына аттанды
Бүгін Алматы қаласында есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында өтетін XX қысқы Сурдлимпиада ойындарына ұлттық құраманы ресми шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz csp_parasport.kz мәліметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2024
Жүкті әйелді ұрған полицей жұмыстан шығарылды
Павлодар қаласында болған оқиғаға қатысы бар жоғары шенді полицей жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2024
Бағалы бұйымдарды ұрлап кеткен күдікті ұсталды
Шымкент базарларында зергерлік бұйым сатушыларына жарты миллион теңгедей шығын келтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Медицина • 27 Ақпан, 2024
Ауылдарда медицина объектілерінің құрылысы кешіктіріліп жатыр. Мәселе Үкіметте қаралды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды, деп жазады Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Ақпан, 2024
Есірткі сатушы шетелдік азамат ұсталды
Полиция қызметкерлері Қазақстан аумағында есірткі сатпақ болған шетелдіктен құны 3 млн теңге болатын гашиш тәркіледі, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Құтқарушы • 27 Ақпан, 2024
«Төртеуі шетелдік»: Қар құрсауынан 7 адам құтқарылды
Жамбыл облысында қар құрсауында қалған 7 адам құтқарылды, оның 4-еуі шетел азаматы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Ақпан, 2024
Әлеуметтік төлем мөлшері артты – министрлік
Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен шамамен 50,1 млрд теңге жұмсалды. Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 6,6 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер төленді, деп жазады Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Ақпан, 2024
Құтқарушылар жедел жәрдем бригадасына көмекке келді
Құтқарушылар жедел жәрдем бригадасына көмек көрсетті, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 26 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығына барды
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығын және оның базасында ашылған Жеңіл атлетика бойынша Облыстағы балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв мектебін аралап көрді, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 26 Ақпан, 2024
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Азамат Айтбайұлы Тайжанов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Түркия Президентін мерейтойымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2024
Ауыр жүк көлігі қозғалысына 1 ай шектеу енгізіледі
Республикалық маңызы бар жолдарды қыс айларынан кейін күтіп ұстау мақсатында бір оське жүктемесі 8 тоннадан асатын автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қолданылады. Биыл бұл шектеу 8 облыс аумағындағы трассаларда енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 26 Ақпан, 2024
Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды
Павлодар облысы әкімінің өкімімен Сейдуманов Әлнұр Серікұлы өңірлік ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Ақпан, 2024
Президент Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 26 Ақпан, 2024
Жалақыдан жымқырған. 15 млн теңгені қолды еткен әкімдік қызметкерлері анықталды
Целиноград ауданының прокуратурасы Қараөткел ауыл әкімдігінің лауазымды қызметкерлері 3 жыл бойы бюджет қаражатын заңсыз иеленіп келгенін анықтады. Олар әкімдік қызметкерлеріне тиесілі 15 млн теңгені өзара бөліскен, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2024
«Қару кезенген». Қарақшылық жасаған күдікті ұсталды
Қостанай облысында полиция қарақшылық жасаған күдіктіні ұстады, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.