Ар
Аймақтар • 20 Ақпан, 2024
Қазақстандағы 217 ауылда су тасқыны қаупі жоғары - Премьер-министр
Үкімет басшысы Олжас Бектенов елде көктемгі су тасқынына қарсы атқарылуы тиіс 218 тапсырманың 92 -сі әлі күнге орындалмай отырғанын айтты. Сондай-ақ Премьер-министр қазірдің өзінде республикадағы кей ауылдар мен көшелердің су басқанын баса айтты. Жауаптыларды жұмысқа селқос қарамауға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Ақпан, 2024
Айсұлу Сүлейменова халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды
Астана қаласының пара спортшысы Айсұлу Сүлейменова Дубай қаласында өткен жеңіл атлетикадан Dubai 2024 World Para Athletics Grand Prix 15th Fazza International Athletics Championships турнирінде Т62 класы бойынша сәтті өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2024
Шымкентте жалған АҚШ долларын сатқан азамат ұсталды
Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 20 Ақпан, 2024
Үкіметте көктемгі су тасқынының алдын алу шарасы пысықталды
Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елімізде көктемгі су тасқынын болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды Үкімет отырысында баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Ақпан, 2024
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 12 882 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
20 ақпанда Астанада мектеп оқушылары қалай оқитыны белгілі болды
Ауа райы нашарлағандықтан ертең бас шаһардың бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 19 Ақпан, 2024
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Ардақ Темірханұлы Зебешев облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Театр • 19 Ақпан, 2024
Жыл ішінде «Гауһартас» қойылымы рекордтық көрсеткішке жеткен
Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры «Гауһартас» музыкалық драмасын сахналағанына бір жыл толды. Аталған пьеса көрермен назарына 165 рет ұсынылып еліміздің театр кеңістігінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
«80 шақырым ұзап кеткен». Жоғалған 4 адам табылды
Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен адамдар табылды, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 19 Ақпан, 2024
1981 жылы туған Павлодар облысындағы Ақтоғай ауылының тұрғыны балыққа кетіп бақилық болды. Ол қарда жүретін көлікпен балық аулауға шығып, қайта оралмаған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 19 Ақпан, 2024
Жастарға 1 миллион теңгеден грант беріледі
«Zhas Project» жобасы аясында 18-35 жас аралығындағы 280 азаматқа 1 миллион теңге көлемінде грант беріледі. Қаржылай грантты жеңіп алу үшін үміткерлер өз аймағындағы әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған жоба жоспарын ұсыну қажет. Өтінім 25 наурыздан бастап 24 сәуірге дейін қабылданады, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 19 Ақпан, 2024
Kuzilalan Cup: Алина Саркуловаға екі алтын тағылды
Түркияның Анталья қаласында велоспорттың маунтинбайк түрінен Kuzilalan Cup (Қызылалан Кубогы) мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz qaz_olympics мәліметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 19 Ақпан, 2024
Адам ұрлап, терроризмді насихаттаған 8 қылмыстық топ ұсталды (видео)
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 8 өңірде Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратурамен бірлесіп арнайы операция жүргізді. Бір мезетте жүзеге асырылған іс-қимыл кезінде 8 қылмыстық топ қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 19 Ақпан, 2024
Gracia Fair Cup: 2 көркем гимнаст қоржынға 4 алтын салды
Мажарстанның бас қаласы Будапештте өткен көркем гимнастикадан 28-ші Gracia Fair Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 1 қола иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2024
«New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінде Әнұранымыз шырқалды
Нью-Йорк қаласындағы «Leman Ballroom» залында «New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінің 16-маусымының ашылуында Қазақстан дизайнерінің ұлттық сән үлгілері ұсынылып, қазақ әншісі өнер көрсетті.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
6 облыс аумағында 6 жол бөлігі жабылды
Бүгін сағат 9:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар 6 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Ақпан, 2024
3 баланы құлдықта ұстаған ұлытаулық әйел қамауға алынды
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Ұлытауда 5 жыл бойы 3 баланы құлдықта ұстаған әйел қамауға алынғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Ақпан, 2024
Мақтааралда есепші экономикалық тексеруден кейін өзіне қол жұмсады
25 қаңтарда болған оқиғаны Түркістан облыстық полиция департаменті растады. Мақтаарал ауданы бойынша аудандық білім бөлімінің есепшісі Экономикалық тергеу департаментінің тексеруінен кейін өзіне қол жұмсаған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2024
Денелерінде сау тамтық жоқ. Асырап алған 3 баланы құлдықта ұстаған - Динара Зәкиева
Ұлытау облысында асырап алған 3 баланы құлдықта ұстаған. Оларды 5 жыл бойы қорқытып, ұлдың үлкенін фермада мал бағуға мәжбүрлеген. Арнайы комиссия тексеру барысында балалардың физикалық-әлеуметтік жағдайы жаға ұстатарлық екенін анықтады. Бұл туралы ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Ақпан, 2024
Екі бала өз бетімен шыққан. Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды
Бүгін таңғы сағат 03:30 шамасында Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Ақпан, 2024
Алматыда барахолка базарының қоймасы өртеніп жатыр
Алматыдағы барахолка базарының қоймасынан өрт шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 17 Ақпан, 2024
Астанада «Торғайдан сәлем» атты концерт өтеді
1 наурыз Алғыс айту күніне орай Астанадағы Жастар сарайында «Торғайдан сәлем» атты концерт өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2024
Ұлттық ұлан сержанты қарияны құтқарып қалды
Оқиға 15 ақпан күні сағат 11:00 шамасында болды. Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің 1 атқыштар ротасы бақылаушыларының 2 взводының маманы бақылаушы сержант Болат Ысқақов Қостанай қаласының Қайырбеков көшесі, 385 мекенжайы бойынша орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердің бірінен шыққан түтінді байқаған.
Қоғам • 16 Ақпан, 2024
«Зорлық-зомбылық жоқ қоғам»: Балалар өмірді бейнеледі
Алматыдағы БҰҰ кеңсесінде «Зорлық-зомбылық жоқ қоғам» қоғамдық маңызды жоба басталды. Бастамашы топ қоғамды алаңдатып отырған түйткілді мәселенің алдын алу мақсатында республикалық балалар суреттерінің байқауын ұйымдастырды. Алты айға созылатын іс-шара аясында іріктеу кезеңінен өткен жұмыстар Аустрияның астанасы Вена және Алматы қаласында өтетін көрмеге қойылады.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
Алматы қаласында 25 ақпан күні жолдар жабылады
Алматыда 25 ақпанда Winter Run 2024 марафоны өтуіне байланысты бірнеше жол жабылады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2024
Эвакуацияланғандар саны 140-қа жетті: Көкпектіде құтқару жұмыстары әлі де жалғасады
Абай облысы Көкпекті ауданында қар құрсауында қалған 140 адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Ақпан, 2024
Астанада «Бердібек Сапарбаев тұлғасы» конференциясы өтті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бердібек Сапарбаев тұлғасы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Онда Б.Сапарбаевтың жақындары, қызметтес серіктері мен шәкірттері, Үкімет мүшелері мен Парламент депутаттары бас қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Ақпан, 2024
«Аяқ-қолын байлап тастаған»: Ұзынағашта балаларды төпелеп ұрған ер адам ұсталды
Алматы облысының Ұзынағаш ауылында балаларға шабуыл жасап, соққыға жыққан күдікті қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Ақпан, 2024
Жұмыртқа құнына шекті баға қою ұсынылды
Сауда комитеті нарықтағы қымбатшылықтың алдын алу мақсатында жұмыртқаға шекті баға қоюды ұсынды. Мамандар осы мақсатта құс өсірушілер одағы мен еліміздің жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының, құс фабрикаларының басшыларымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.