ет
Қазақстан • 27 Шілде, 2021
Металды терең өңдеуге бет алды
Қазақстан металының көп бөлігі шикізат күйінде шетелге экспортталатыны белгілі. Дегенмен, қолға алынған индустрияландыру бағдарламаларының нәтижесінде, елімізде металдан дайын өнімдер алуға ерекше басымдық берілуде. Әсіресе алюминий өндірісінде жақсы қадамдар жасалғанына жұрт куә.
Әдебиет • 27 Шілде, 2021
Мұқағали мұрасы – Түркия төрінде
Биыл қазақ поэзиясының айшықты мерекесі. Маржан жыры, арман-мұңы халқының қастерлі қазынасына, миллиондардың музасына айналған Аспантаудың ақиығы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Тәуелсіздіктің мерейлі белесімен тұспа-тұс келген ақын тойына арналған шаралар шоғыры еліміздің әр өңірінде салтанат құруда. Күні кеше Түркия астанасы Анкарада «Мұқағали Мақатаев және оның шығармалары» атты конференция өтіп, ақынның алты тілде жарық көрген «Соңғы тырналар қайтқанда» кітабының тұсауы кесілді.
Коронавирус • 27 Шілде, 2021
Алматыда індеттің жаңа штамын жұқтырғандардың жағдайы алты сағат ішінде нашарлауда
Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте халықты тағы да вакциналауға шақырды. Ол жүктеменің дәрігерлерге, әсіресе алғашқы медициналық көмекке едәуір артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 27 Шілде, 2021
ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы ауысты
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінде кадрлық өзгерістер орын алды. Мемлекет Басшысының тиісті өкімдері Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 27 Шілде, 2021
Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталды
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасы бойынша ел аумағында интернет-казиноларды жарнамалаған LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Forbes-ке сілтеме жасап.
Елорда • 27 Шілде, 2021
TikTok-та танымал боламын деп көпірдің арқасына шыққан
Елордалық жастар TikTok әлеуметтік желісіне видео түсіру үшін көпірдің арқасына шығып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 27 Шілде, 2021
Елге оралған Елдос Сметовке көлік сыйлады
Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленген дзюдошы Елдос Сметов бүгін таңғы 4:20-да Алматыға ұшып келді. Әуежайда спортшыға су жаңа автокөлік сыйға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Шілде, 2021
Рейтинг: Мемлекеттік органдардың қызмет көрсету сапасы анықталды
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг ұйымдастырды. Сауалнаманы Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 26 Шілде, 2021
Асқар Мамин Ресейдегі Астрахан облысының делегациясын қабылдады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин РФ Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкин бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ге сілтеме жасап.
Тарих • 25 Шілде, 2021
Геральдика - мемлекеттік деңгейде мән беретін маңызды сала
Ежелден қолданылып келе жатқан алуан түрлі нышандар мен рәміздер, геральдикалық белгілер мен таңбалар ХІ-ХІІ ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде гербтерге айналды. Корольдер сарайларында гербтерді жасап, оның кімге тиесілі екенін анықтайтын, тіркейтін, жүйелейтін және геральдикалық белгілер мен түрлі бояу түстерін дайындайтын мамандарды «герольдтар» деп атаған. Кейін олар геральдика мәселелерімен айналысатын «Геральдия» мекемелеріне біріктірілген.
TOKYO2020 • 25 Шілде, 2021
Еліміздің қоржынына алғашқы медальды дзюдошы Елдос Сметов салды. Осы орайда Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Нұр-Сұлтан мен Токио арасында тікелей бейнеконференция байланысы арқылы жалғаған брифинг өтті. Оған Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков, дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиев және Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов қатысты.
TOKYO2020 • 25 Шілде, 2021
Игорь Сон: «Рахмет, Қазақстан!»
Бүгін, 25 шілдеде қазақстандық зілтемірші Игорь Сон Олимпиада ойындарының қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Шілде, 2021
Әлемдік қарыз деңгейі қырық құбыла бастады
RBC Wealth Management компаниясының жуырдағы есебінде АҚШ федералды қарызына қызмет көрсету құны төмендей бастағаны айтылды, деп жазады Egemen.kz.
TOKYO2020 • 25 Шілде, 2021
Қазақстан құрамасының қоржынына екінші қола түсті
Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржыны кезекті медальмен толықты. Зілтемірші Игорь Сон Олимпиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Шілде, 2021
БҒМ мемлекеттік грант үміткерлеріне үндеу жасады
Білім және ғылым министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында мемлекеттік грант тағайындау конкурсына қатысатын үміткерлерге арналған үндеу жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 24 Шілде, 2021
Елдос Сметов: «Токиоға алтын медаль алу үшін келіп едім»
Олимпиада жарысы аяқталғаннан кейін 60 кило салмақта татамиге шыққан Елдос Сметов Олимпиадада жүрген қазақстандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 24 Шілде, 2021
Дзюдодан Қазақстан құрамасының үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
TOKYO2020 • 24 Шілде, 2021
Дзюдодан Қазақстанның үздігі Елдос Сметов Токио Олимпиадасының жартылай финалында сүрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 24 Шілде, 2021
Бетон плиталарының астынан киіктің мүйізі табылды
Арқалық полицейлері бетон плиталарының астынан киіктің мүйізін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
TOKYO2020 • 24 Шілде, 2021
Елдос Сметов жартылай финалға жолдама алды
Токиодағы Олимпиада ойныдарында 60 келі салмақта бақ сынаған дзюдошы Елдос Сметов алғашқы айналымда түркиялық қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Шілде, 2021
Шымкентте есірткі таратқандар қамауға алынды
Шымкент қаласында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан бес күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға • 22 Шілде, 2021
СҚО-да синтетикалық есірткі сатушы ұсталды
СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері Петропавлда 27 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Шілде, 2021
Токио-2020: Ауыр атлетикадан қазақстандықтардың қарсыластары анықталды
Токио Олимпиадасында ауыр атлетикадан қазақстандық спортшылардың қарсыласы белгілі болды. Отандық екі спортшы да А тобында сынға түседі деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 21 Шілде, 2021
Мас күйінде скутер жүргізген жігіт апатқа ұшырады
Петропавлда 20 жастағы жігіт мас күйінде скутермен келе жатып апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Шілде, 2021
Елордада 3 мыңнан аса мұқтаж отбасына құрбандық еті беріледі
Құрбан айт мерекесіне орай елорданың 3 мыңнан астам мұқтаж тұрғыны құрбандық етін алады. Бұл туралы брифингте Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы Дәурен Бабамұратов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Шілде, 2021
Атырау облысында жол бойына макеттер қойылды
«Атырау-Индер» бағытындағы тас жол бойына патрульдік полиция көлігі мен үй жануарларының макеті қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 21 Шілде, 2021
Тағы бір университет лицензиясынан айырылуы мүмкін
Шет тілдер және іскерлік карьера университеті бас лицензиядан айырылу алдында тұр. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің қайта тексеру жұмыстары осындай нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 21 Шілде, 2021
Ана мен баланы қолдауға 130,4 млрд теңге бөлінді
Ағымдағы жылдың 6 айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ана мен баланы қолдау үшін 130,4 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Әлем • 21 Шілде, 2021
Шанхайда әлемдегі ең ірі планетарий ашылды
Қытайдың Шанхай қаласында астрономиялық мұражай негізінде әлемдегі ең үлкен планетарий ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Шілде, 2021
ЕАЭО-да ветеринариялық препараттардың бірыңғай нарығы құрылады
Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу министрі Виктор Назаренконың төрағалығымен өткен ЕАЭО мемлекеттерінің бейінді уәкілетті органдары басшыларының кеңесінде Еуразиялық экономикалық одақтағы ветеринариялық дәрілік заттар айналымын реттеу қағидаларының жобасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz ЕЭК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.