ат
Президент • 19 Қаңтар, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 19 Қаңтар, 2023
Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы наурызда өтеді
Бұл туралы Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан • 19 Қаңтар, 2023
Қазақстанда «Ауыл аманаты» жобасы бастау алды
Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту және әлеуметтік мәселелерін жедел шешу мақсатында Үкімет «AMANAT» партиясымен бірлесіп, бүкіл Қазақстан бойынша «Ауыл аманаты» жобасын іске қосты. Бұл туралы Ақтөбеде ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен өткен жиын барысында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Қаңтар, 2023
Сенатор ауыл тұрғындарының табысын арттыру туралы айтты
Сенатор Абдалы Нұралиев еліміздің Премьер-министріне жолдаған депутаттық сауалында ауыл тұрғындарының табысын арттыру жолдарын ұсынды. Дәлірек айтсақ, депутат «Жамбыл облысы тұрғындарының табысын арттыру» пилоттық жобасының нәтижелеріне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2023
Алматыда көпдеңгейлі автотұрақтар пайда болады
Биыл Алматы әкімдігі көпдеңгейлі автотұрақтар салу бағдарламасын жүзеге асыра бастайды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 19 Қаңтар, 2023
Филиппиндегі су тасқынынан тағы 33 адам көз жұмды
Филиппиндегі су тасқыны салдарынан 33 адам қайтыс болып, тағы 7 адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Оқиға • 19 Қаңтар, 2023
Павлодарда жол апатынан жүргізуші көз жұмды
Кеше сағат 19.00 шамасында Kia көлігінің 53 жастағы жүргізушісі Орталық өнеркәсіп аймағы көшесіндегі ғимаратқа қарама-қарсы жерде рөлді басқара алмай, трамвайлардың байланыс желісінің тірегіне соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тағайындау • 19 Қаңтар, 2023
Жетісу облысы Қаратал ауданының әкімі тағайындалды
Жетісу ауданының әкімі Досымбеков Ұлан Әлдібекұлы Қаратал ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 19 Қаңтар, 2023
Универсиада 2023: Қазақстан үшінші алтынды еншіледі
Лейк-Плэсидте (АҚШ) өтіп жатқан 2023 жылғы Универсиадада биатлоншылар 10 шақырымдық спринттен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан • 18 Қаңтар, 2023
«Жер аманаты» комиссиясының бастамасымен интерактивті карта әзірленді
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының бастамасымен jerkarta.gharysh.kz геосервисі іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 18 Қаңтар, 2023
Қазақстанда қанша партия тіркелген?
Қазақстанда ресми түрде тіркелген саяси партиялар аталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2023
Медеуде Анатолий Букреевтің мүсіні орнатылды
Бүгін Алматының Медеу шатқалында белгілі қазақстандық альпинист Анатолий Букреевке арналған мүсіннің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Қаңтар, 2023
Ақтөбе облысында жол апатынан Түркия азаматы қайтыс болды
Қостанай облысынан Ақтөбе қаласына қарай бара жатқан 43 жастағы жүргізуші (Түркия Республикасының азаматы) Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов ауылының маңында 47 жастағы жүргізушінің басқаруындағы DAF жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Қаңтар, 2023
Арқалықта қызды құтқарған полицейлердің ата-аналары марапатталды
Қостанай облысы ПД бастығы Арқалықта қызды құтқарған полицейлердің ата-аналарын марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан • 18 Қаңтар, 2023
Алматы облысының полицейлері бопсалаушылар тобын ұстады
Зорлық-зомбылық қолдану арқылы Талғар қаласының кәсіпкерінен ақша мен қымбат көлік талап еткен кісі бопсалаушылар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 18 Қаңтар, 2023
Қазақстанда жаңа партия тіркелді
2023 жылдың 18 қаңтарында Respublica өкілі партияның тіркеу құжаттарын алды. Бұл туралы Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 18 Қаңтар, 2023
Тимур Турлов Қазақстан шахмат федерациясын басқарады
Кәсіпкер әрі қаржыгер Тимур Турлов Қазақстан шахмат федерациясының президенті болды. Бұл туралы федерация вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 18 Қаңтар, 2023
Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында топ жарды
Бангкокта Қазақстан өкілдерінің қатысуымен бокстан 22 жасқа дейінгі Азия жастар біріншілігі басталды. Жарыстың бірінші күнінде рингке екі қазақстандық шығып, жекпе-жегін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 18 Қаңтар, 2023
Украинаның ішкі істер министрі тікұшақ апатынан қаза тапты
18 қаңтарда Киев облысының Броварында Украинаның ішкі істер министрі Денис Монастырский және оның орынбасары Евгений Рудный мінген тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 18 Қаңтар, 2023
Сенатта майнерлер қызметі туралы заң талқыланды
Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары майнинг пулдарының қызметіне және цифрлық майнерлердің қызметін лицензиялау мәселелеріне қатысты заңды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Қаңтар, 2023
ПСЖ матчының арнайы билеті 2,4 миллион еуроға сатылды
19 қаңтарда «Пари Сен-Жермен» «Әл-Наср» және «Әл-Хилял» ойыншыларынан құралған командаға қарсы жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 18 Қаңтар, 2023
Стенд ату: Қазақстан Рабатта алтын медаль еншіледі
Стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы Рабат қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2023
Ауылдық аймақтарды дамытуға бағытталған жоба таныстырылды
16 қаңтарда Алматыдағы «Целинный» заманауи мәдениет орталығында «Дома лучше» қоғамдық әлеуметтану зертханасының Ауылдық аймақтарды тұрақты дамыту қоры мен AlmaU урбанистика орталығы бірлесіп ұйымдастырған қорытынды таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2023
Алматы облысының Талғар ауданына жаңа әкім тағайындалды
Таңат Айдарбеков Талғар ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2023
Катонқарағайда қар барысы фототұзаққа ілінді
Катонқарағай ұлттық табиғи паркі қар барысының суреттерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2023
Жамбыл облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады
Жамбыл облысы Луговое ауылында науқасты Таразға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2023
Непалдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың бірі Қазақстанда тұрған
Непалда ондаған адамның өмірін қиған ұшақ апаты кезінде Қазақстанда тұрған әйел көз жұмды. Оның аяғы ауыр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2023
Алматыда ұландықтар 31 жылдық мерейтойын атап өтті
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылғанына 31 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 17 Қаңтар, 2023
Мәжіліс депутаттарын сайлауға қаржы бөліне ме?
Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс депутаттарын сайлауға арналған қаржы қайдан алынатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 17 Қаңтар, 2023
Бас прокуратурада кадрлық ауыс-түйіс болды
Бас Прокурордың бұйрығымен Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы лауазымына Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.