у
Мәдениет • 23 Шілде, 2024
Алматыда монументалды-сәндік мұра табылды
Алматыда ұлттық киімдегі қыздар бейнеленген мозаика табылды. 70-ші жылдарда атақты суретшілер Молдахмет Кенбаев пен Николай Цивчинскийдің қолынан шықққан мозаика Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Ұлпан» асханасының екі қабырғасында бейнеленген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Шілде, 2024
Түркістанда пайдалы қазбаларды заңсыз тасымалдау фактісі анықталды
Пайдалы қазбаларды заңсыз тасымалдаған 164 жүк көлігі «Түркістан» айыппұл тұрағына қойылған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 23 Шілде, 2024
Бүтін ауылды аштықтан аман алып қалған жұмбақ тоған
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңаталап ауылының аумағында ерекше тоған бар. Түстікбай аталатын тоғанды аты берілген ұста бас болып салған. Суы өрге қарай ағатын тоғанның өзгешелігі жалғыз бұл емес, ол 30-жылдардағы аштық тұсында бүкіл ауылды аман алып қалған деседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Шілде, 2024
Су тасқыны: Білім беру мекемелеріне 7,5 млрд теңге бөлінді
Тасқыннан зардап шеккен білім беру мекемелері мен ұйымдарын қалпына келтіру жұмыстарына Үкіметтің төтенше резервінен қосымша қаражат бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 23 Шілде, 2024
Астанадағы Өндіріс тас жолында қозғалыс шектеледі
Астанада Өндіріс тас жолының бір бөлігі жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 23 Шілде, 2024
ҚазҰУ субұрқағында жасөспірім неден көз жұмғаны белгілі болды
19 маусым күні Алматыдағы ҚазҰУ аумағында орналасқан субұрқақта 17 жастағы бала қайтыс болған еді. Арнайы тағайындалған медициналық сараптама өлім себебін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 23 Шілде, 2024
Өрісі кеңейген өндіріс ошағы: Рудный металлургтер күнін қалай атап өтті?
Биыл «ERG» компаниясы құрамындағы «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ (ССКӨБ) қызметкерлері үшін қос мереке қатар келді – металлургтер күні және кәсіпорынның 70 жылдық мерейтойы. «ERG» атаулы мерекені өзіне қатысы бар кенді қалалардың барлығында жоғары дәрежеде атап өтті. Мейрам Ақтөбе, Ақсу, Павлодар және Рудныйда тойланды. Құрыш білекті мамандар еселі еңбегі үшін түрлі марапатқа ие болды. Саналы ғұмырын кәсіпорын игілігіне жұмсап келе жатқан еңбеккерлерге көлік пен пәтер де табыс етілді. Қастерлі мереке қарсаңында Рудный топырағына табанымыз тиіп, әдетте көп ісі көпшілікке беймағлұм кәсіп иелерінің жұмысымен тереңірек таныстық.
Қазақстан • 23 Шілде, 2024
Әр облыстың «өңірлік рәміздері» пайда болуы мүмкін
Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына қол қойды. Осы заң шеңберінде еліміздегі 17 облыс және 3 республикалық маңызы бар қаланың өңірлік нышандарын нормативтік-құқықтық деңгейде ресми бекіту жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 23 Шілде, 2024
Ферроқорытпа зауытындағы апат: Зардап шеккен бір қызметкер қайтыс болды
Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытының сегіз жұмысшысы кенеттен пештен шыққан жалынның салдарынан қатты күйік алып, ауруханаға жеткізілген. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы олардың бірі 22 шілдеде қайтыс болды деп мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 23 Шілде, 2024
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3,4% артты - министр
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін бес жыл ішінде екі есеге ұлғайту мәселелері қаралды. Қабылданып жатқан шаралар туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 23 Шілде, 2024
«Спортшыларды қайықпен тасымалдайды». Париж Олимпиадасының ашылуы ерекше өтпек
Көпшілік тағатсыздана күткен төртжылдықтың басты спорттық бәсекесінің басталуына санаулы күн қалды. Бұл жолғы «жарыс қожайындары» Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты бұрынғыдан өзгерек болатынын айтып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Шілде, 2024
Олимпиадаға аттанатын ең егде спортшы кім
XXXIIІ жазғы Олимпиада ойындарының бастау алуына 3 күн қалды. Әлемнің әйгілі әрі үздік спортшылары бас қосатын сынға Қазақстан атлеттерінің алғашқы легі де аттанды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 23 Шілде, 2024
Лондонда суретке түспекші болған туристі жылқы тістеп алған
21 шілдеде Лондонда Уайтхолл жанында Корольдік гвардия жылқысымен суретке түспекші болған туристі жануар тістеп алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Шілде, 2024
Өзбекстан Қазақстанға 4 млрд текше метрге жуық су жіберді
Суару кезеңі басталған 1 сәуірден бері Өзбекстан Сырдария өзені арқылы Қазақстанға 3,9 млрд текше метр су жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 23 Шілде, 2024
Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен мысырлықтарды осы елдің ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Шілде, 2024
Алматы облысында адам сүйегі табылды, ол үш жасар қыздың мәйіті болуы мүмкін
2024 жылғы 22 шілдеде Еңбекшіқазақ ауданының полициясына адам сүйектерінің табылғаны туралы хабарлама түсті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 22 Шілде, 2024
Грузияда Қазақстан оқушылары 4 медаль жеңіп алды
Грузияда EuPhO Еуропалық физика олимпиадасы аяқталды. Қазақстан оқушылары тағы төрт медаль иеленіп, жеңіс қоржынын толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Шілде, 2024
Мамандар саңырауқұлақ терудің 5 ережесін ұсынды
Бурабайда саңырауқұлақтар маусымы басталды. Ұлттық парк мамандары саңырауқұлақ терудің 5 ережесін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 22 Шілде, 2024
Су тасқыны: Үй салуға тартылған құрылысшылар саны 30%-ға артты
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қаратөбе ауданы Қоржын ауылына барды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 22 Шілде, 2024
Садақ атудан ұлттық құрама Көшпелілер ойындарына дайындалып жатыр
Алматыда дәстүрлі садақ атудан ұлттық құраманың көшпелі оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Ұлттық құрама қыркүйекте Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 22 Шілде, 2024
«Қарттар үйінде оқ атқан»: Хорватияда бес адам көз жұмды
Хорватияның Дарувар қаласында ер адам қарттар үйіне басып кіріп, оқ атқан. Салдарынан бес адам көз жұмып, көптеген адам түрлі дене жарақаттарын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 22 Шілде, 2024
Жапон сарапшылары Қазақстандағы гидротехникалық құрылыстарды зерттейді
Жапон сарапшылары келесі жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде 4 облыс аумағындағы 13 гидротехникалық құрылысты зерттейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 22 Шілде, 2024
Ғылыми орталық басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Республикалық Дерматология ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасары сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Шілде, 2024
Автобус жолақысы қымбат қалалар аталды
Ұлттық статистика бюросы еліміздегі автобустарда жол жүру ақысы қанша екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Шілде, 2024
Атырауда апатты үйлер тұрғындары жаңа баспана алды
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 22 Шілде, 2024
Қазақстанда 43 градусқа дейін күн ысиды
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Шілде, 2024
Сырдарияға бата жаздаған қыз құтқарылды
ТЖМ қызметкері Қызылорда облысында суға бата жаздаған қызды құтқарды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Шілде, 2024
Су тасқыны: Ақтөбеде 17 кәсіпкердің шығындары өтеледі
Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде зардап шеккен бизнес өкілдеріне материалдық залалды өтеу шаралары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Шілде, 2024
Ферроқорытпа зауытындағы апат: 8 адам зардап шекті
20 шілде күні сағат таңғы төрттен аса YDD Corporation жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ферроқорытпа зауытында №1 пештен жалын атқылады. Оттың қатты жалынынан сегіз адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Шілде, 2024
Атырауда суға батып кеткен екінші баланың мәйіті табылды
Бүгін сағат 07:50 шамасында құтқарушылар суға батып кеткен 2010 жылы туған жасөспірімнің мәйітін судан шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.