Ең
Елорда • 23 Ақпан, 2024
Астанада жаңа автобус бағдары іске қосылады
Осы айдың 24-інен бастап «Астанаинерт» – «№ 4 өрт сөндіру бөлімі» қатынасымен жаңа №42 бағыт іске қосылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 21 Ақпан, 2024
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды
Астана қаласы әкімдігі ашық НҚА порталында елордада қоғамдық көлікте жүру ақысын қымбаттату туралы ұсыныс талқыланып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 20 Ақпан, 2024
Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары 12 медаль олжалады
Иранның бас қаласы Тегеранда жеңіл атлетикадан жабық кешендегі XI Азия чемпионаты мәресіне жетті. Қазақстан спортшылары 4 алтын, 2 күміс, 6 қола, барлығы 12 медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 20 Ақпан, 2024
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?
2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 12 882 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Ақпан, 2024
Жастарға 1 миллион теңгеден грант беріледі
«Zhas Project» жобасы аясында 18-35 жас аралығындағы 280 азаматқа 1 миллион теңге көлемінде грант беріледі. Қаржылай грантты жеңіп алу үшін үміткерлер өз аймағындағы әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған жоба жоспарын ұсыну қажет. Өтінім 25 наурыздан бастап 24 сәуірге дейін қабылданады, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Спорт • 18 Ақпан, 2024
Қазақстан спортшылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде 3 медаль еншіледі
Бүгін Иран астанасы Тегеранда жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталды. Жерлестеріміз құрлықтық бәсекенің бірінші күні қоржынға 3 медаль салды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Ақпан, 2024
17 букмекерлік кеңсе өз еркімен лицензиясын қайтарды
Туризм және спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларында 2023 жылы атқарылған шараларды қорытындылады. Министрлік лудоманиямен күрес бағытында осы жылға қойылған негізгі міндеттерді кеңейтілген алқа отырысында ортаға салды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 14 Ақпан, 2024
Әлемдік Гран-при жарысы: Параспортшылар үш медаль жеңіп алды
БАӘ-нің бас қаласы Дубайда пара жеңіл атлетикадан «Fazza» әлемдік Гран-при жарысының алғашқы күнінде Қазақстан спортшылары 2 күміс пен 1 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Ақпан, 2024
Қазақстан азаматтары Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істейтін болады
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) кеңейтілген Алқа отырысында ведомство басшысы Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Ақпан, 2024
Елімізде 110 су шаруашылығы нысаны жөндеуден өтеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі вегетациялық кезеңге дайындық шеңберінде 110 су шаруашылығы нысанын жөндеуден өткізуге ниетті. Бұл тасымалдау кезіндегі су шығынын азайтуға және суармалы алқаптарды сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Ақпан, 2024
Атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгереді
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жүйесі өзгереді. Көмек енді шын мұқтаж отбасыларға ғана беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бағытта жемқорлық тәуекелдері болмауы үшін қаржылай көмек тағайындау процесі цифрландырылатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Ұлттық спорт • 12 Ақпан, 2024
Құсбегіліктен XVII ҚР чемпионатының жеңімпаздары белгілі болды
Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ұлан ауданы Бозанбай ауылында өткен құсбегіліктен ересектер арасындағы XVII ҚР чемпионатында жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2024
Орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 100%-ға артады – министр
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысы 100%-ға артатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 10 Ақпан, 2024
Study UK Alumni Awards жеңімпаздары анықталды
Қазақсандағы Британ Кеңесі (British Council) Study UK Alumni Awards 2023-24 байқауының финалистерін марапаттап, жеңімпаздарын анықтады. Марапаттау рәсіміне Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстандағы Британ Кеңесінің директоры Роберт Тейлор және білім-ғылым саласындағы ұйым басшылары мен өкілдері қатысты. Әрбір финалистке сертификат табысталып, жеңімпаздар кубок пен кәсіби дамулары үшін £2,000 көлеміндегі қаржылай грантқа ие болды.
Теннис • 09 Ақпан, 2024
Mubadala Open турнирі: Елена Рыбакина жеңіспен бастады
Теннистен еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Mubadala Open турнирін жеңіспен бастады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 07 Ақпан, 2024
Жаңа Премьер-министр Президентке қандай уәде берді?
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Үкіметтің жаңа құрамы мен қала, облыс әкімдері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Ақпан, 2024
Президент 5 жылдан бері жөндеу жұмысы аяқталмаған жолдарды атады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру үшін белсенді жұмыс істеу қажет екенін айтты. Ол осы бағытта Үкіметке Қазақстанды Еуразияның толыққанды көлік-логистикалық және транзиттік хабына айналдыруды тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Ақпан, 2024
«Жағдай мүшкіл»: Түркістан мен Қызылорда облыстарында құрғақшылық қаупі жоғары
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында агроөнеркәсіп кешеніне ауқымды реформа жасап, жаңа технологияларды енгізіп, жерді және басқа ресурстарды ұтымды пайдаланып, жеңілдіктер мен субсидиялардың тиімділігін арттыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Ақпан, 2024
Президент экономиканы ырықтандыру туралы Жарлық шығаруды тапсырды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 07 Ақпан, 2024
Үкімет Ұлттық инфрақұрылым жоспарын қайта қарайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Ұлттық инфрақұрылым жоспарын қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Ақпан, 2024
Президент салық жүйесіне жасанды интеллектіні енгізуді тапсырды
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Салық жүйесін толық цифрландыру қажет екенін айтты. Президенттің пайымынша, бұл сала цифрлық тәсілдерді, әсіресе жасанды интеллектіні қолдану жағынан ең алдыңғы шепте болуға тиіс. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 07 Ақпан, 2024
«Талап қатаң болады»: Қазақстанда жаңа инвестициялық кезең басталады
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономикаға жеткілікті қаражат салынбай жатқанын айтып, салдарынан алдағы уақытта осы бағыттағы өсімді сақтап қалу қиынға соғатынын ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Салық кодексіне көңілі толмайтынын айтты
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Ақпан, 2024
Үкімет пен әкімдер құзіретін дұрыс қолданбай отыр - Мемлекет басшысы
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп жатыр. Жиында Президент экономикалық өсімге қол жеткізу бағытында Үкімет пен әкімдіктер құзіретін орынды қолдана алмай жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 07 Ақпан, 2024
Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет - Президент
Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі жиында Үкіметтің өткен жылы атқарған жұмысы қорытындыланып, жаңа мақсаттар мен міндеттер айқындалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 05 Ақпан, 2024
Астана мемлекеттік қызмет хабы мен Жоғары Сот Кеңесі меморандумға қол қойды
Астана мемлекеттік қызмет хабы мен Жоғары Сот Кеңесі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов пен Жоғары Сот Кеңесі төрағасы Денис Шипптің кездесуі аясында тараптар келісімге келді. Екі жақ судья кадрларын іріктеу процестерін жетілдіру, олардың әлеуетін арттыру және осы саладағы үздік халықаралық тәжірибемен танысу мәселелерінде ынтымақтастасуға уағдаласты.
Спорт • 05 Ақпан, 2024
Тарихи жеңіс. Қазақстан спортшылары синхронды жүзуден әлем чемпионы атанды
Катар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
Алматы • 02 Ақпан, 2024
ЕАЭО-тың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту қажеттігі айтылды
РФ Премьер-министрі Михаил Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында ЕАЭО елдері уәкілетті органдар арасындағы үзіліссіз өзара іс-қимыл үшін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін белсендірек дамытуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 02 Ақпан, 2024
Транзиттік және көліктік инфрақұрылымды бірлесіп дамыту қажеттігі айтылды
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің пленарлық отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов ЕАЭО Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің тоғысқан жерінде орналасқан, аймақтың бәсекелестік артықшылығы осы фактор болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2024
Әлихан Смайылов Абдулла Ариповпен кездесті
Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы қарсаңында Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Ариповпен келіссөздер жүргізді, деп жазады Egemen.kz.