ыс
Қарағандыда 9 жыл бұрын кісі өлтірген қылмыскер сотталды
Адам өлтіріп қылмыс жасап, 8 жыл бойы полицейлерден жасырынған күдікті сотталды. Қарағанды облыстық қылмыстық соты оны 13 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды egemen.kz
Тағайындау • 20 Сәуір, 2021
Жамбыл облысы әкімдігінің екі басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Мұртаза Жалғас Әлижанұлы Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 20 Сәуір, 2021
Таразда жүргізуші куәлігін сатқан алаяқ ұсталды
Тәртіп сақшылары бірнеше мәрте алаяқтық жасағаны үшін Тараз қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда • 19 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтан көшелерінен бір мың тоннадан астам қоқыс шығарылды
Нұр-Сұлтанда қаланы санитарлық тазалау мен абаттандыру жұмыстары күн сайын жүргізіліп жатыр. Коммуналдық сенбіліктер басталғаннан бері 940 тоннадан астам қоқыс шығарылды, ал рұқсат етілмеген орындардан тағы 72 тонна қоқыс тазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.иыл экологияны жақсарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар, ағаш шарбақтар) отырғызу жоспарланып отыр. Қаланы таза ұстау және абаттандыру жұмыстары 24/7 режимінде жүргізіледі.Бірінші. Санитарлық тазалау және абаттандыруАуқымды жұмыстарға күн сайын 2 200-ден астам жол жұмысшы және бір мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылады. Оның барысында көпірлерді, қоршауларды, жол белгілерін жуу, қоғамдық орындарда (саябақтар, скверлер, бульварлар, аулалар) тазалық жұмыстарын жүргізу, орамішілік абаттандыру, қурап қалған бұтақтарды кесу сондай-ақ, елорда жолдарын ұзаққа созылған қыстан кейін арнайы сусабынмен жуу жоспарланып отыр.Екінші. Экологиялық акциялар және коммуналдық сенбіліктер10 сәуірден бастап қалада «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы өткізілуде. Осы кезеңде полигонға 940 тоннадан астам қалдық шығарылды. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, коммуналдық сенбіліктерге ПИК, құрылыс компаниялары, шағын және орта бизнес субъектілері, белсенді қала тұрғындары және т.б. ұжымдар белсенді қатысуда.Мысалы, әкімдіктің тапсырмасы бойынша құрылыс компаниялары аумақты қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізіп, дөңгелек жуу пункттерін ашады, кіреберіс жолдарды тегістейді және өзге де абаттандыру ережелері бұзылған жағдайда құрылыс компаниялары айыппұл төлеуге, жұмыстарын тоқтатуға дейінгі шаралар қолданылады.Жалпы алғанда, коммуналдық сенбіліктерге қаланың 1900-ге жуық кәсіпорындары мен ұйымдары қатысты. Аудандық әкімдіктер сондай-ақ ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізіп, рұқсат етілмеген орындардан 72 тонна қоқыс шығарды.Үшінші. Ағаш отырғызуЭкологияны жақсарту және қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Биыл барлығы 1 млн-ға жуық жасыл желек (ағаштар, көшеттер, бұталар, ағаш шарбақтар) отырғызу жоспарланып отыр. Осылайша, Нұр-Сұлтанда жасыл экологиялық аймақтар пайда болады.Төртінші. Жол жұмыстарыҚалада бірқатар жол жұмыстары жүргізілуде: белгілер орнату, жиектастарды қалпына келтіру, шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізу. Өткен жылы 170-тен астам көше жөнделді, оның 100-і тұрғын үй алаптарында орналасқан. Биыл сондай-ақ қаланың ескі бөлігіне, тұрғын үй алаптарына, қозғалыс қарқындылығы жоғары учаскелерге және т.б. баса назар аударылатын болады.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2021
Жолдарды күтіп ұстамаған лауазымды тұлғалар жазаланды
73 лауазымды және заңды тұлғаға 2 000 000 теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Видео • 19 Сәуір, 2021
Қостанайда бес метрлік мұзды тау жолды жауып тастады
Бұл туралы Egemen.kz alau.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам • 19 Сәуір, 2021
Қарағандыда қылмыстық топ құрықталды
Қарағанды қаласының полицейлері трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2021
ШҚО-да 10 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады
Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында бұқаралық спорт түрін дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соған сәйкес, спортқа ден қойған азаматтардың саны артқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Видео • 19 Сәуір, 2021
Мемлекет басшысының апталық жұмысына бейне шолу
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 12-18 сәуір аралығындағы апталық жұмысына бейне шолу жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ертіс орманы» резерватындағы өрт сөндірілді
19 сәуір сағат таңғы сағат 8:30-да Павлодар облысы «Ертіс орманы» резерватындағы өрт ауыздықталды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Сәуір, 2021
ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды
Әлеуметтік желілерде жерімізді қорғауға шақырған видеолар тарап жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, онда «Қалқан-2021» оқу-жаттығуларында түсірілген кадрлар көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2021
Маңғыстау облысында мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясына қарсы карантиндік шараларды қамтамасыз ету жөніндегі штабтың шешімі шықты. Енді 19 сәуірден бастап жалпы білім беретін мекемелерде 1-8, 10-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауысады.
Видео • 17 Сәуір, 2021
Ақмола облысында жүк көлігі жүргізушісімен бірге суға батып кетті
Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк көлігі суға аударылып, жүргізуші тұншығып көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Тобыл қаласында Қостанай облысы оқушыларының «Жас тұлпар» атты дәстүрлі айтысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауданды су басу қаупі бар
Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қанат Әбділов онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында өзендерде су көтерілгенімен, қауіпті деңгейден аспағанын айтты. Алайда көктем шыққалы 40 үйдің ауласын су басқан, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Алматы облысының орман алқабындағы өрт әлі толық сөндірілген жоқ
14-15 сәуірде Алматы облысы Балқаш ауданында болған өрт «Күрті орман шаруашылығы» КММ Тауқұм орманшылығының, «Бақанас» КММ Көктал және Ақкөл орманшылығының, сондай-ақ Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватының аумақтарын қамтыды, деп хабарлайды Еgemen.kz.
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Түркістан саммитінде мақұлданған бастамалар Ыстанбұлда рәсімделетін болады
Тұңғыш Президент – Елбасының Баку саммитінде көтерген ұсыныстары Түркістанда мақұлданғаны белгілі. Енді сол бастамалар Ыстанбұл саммитінде рәсімделеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Шахрат Нұрышев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Тарихи нысандарды қалпына келтіруде әуесқой көзқарасқа жол берілмейді – министр
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова тарихи нысандарды қайта құру мен қалпына келтіру барысында әуесқой көзқарасқа жол берілмейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Маңғыстауда сирек кездесетін қызғалдақ гүлдеді
Маңғыстаудың құмды аймақтарында сирек кездесетін соғды қызғалдағы гүлдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шымкентте төлем терминалынан ақша ұрламақ болған азамат ұсталды
Шымкентте азық-түлік дүкеніндегі «Касса 24» төлем терминалынан 38 мың теңге ақша ұрламақ болған азамат ұсталды деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстанда карантин 3 мамырға дейін ұзартылды
Шығыс Қазақстан облысында карантиндік талаптар 3 мамырға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 15 Сәуір, 2021
Өткен жылы 1600 отбасы солтүстікке қоныс аударды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 5 бағыт бойынша «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруда. Оның аясында 649 мың адамға көмек көрсетілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте вице-министр Ержан Біржанов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Сәуір, 2021
Халықты жұмыспен қамту қарқыны қандай?
2020 жылдың қорытындысы бойынша елдегі жұмыс күшінің саны 9,2 млн адамды. Оның ішінде жалдамалы жұмысшылар саны 6,7 млн адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны - 2 млн. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов осындай мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2021
Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы қоқыс арасында жатыр
Павлодар облысы Ақтоғай ауданына қарасты ауылдардың бірінің қоқыс үйіндісінде Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы жатқаны туралы желіде жазба пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Коронавирус • 15 Сәуір, 2021
Пандемия кезінде қанша қазақстандық шетелге көшті
Өткен жылы пандемия кезінде елімізден 29,1 мың адам шетел асыпты. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 35,6 пайызға азайған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 15 Сәуір, 2021
Нысана көздеуден халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Шымкентте нысана көздеуден «Алтын Мерген» халықаралық турнирінің финалдық бәсекелері өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Сәуір, 2021
Елімізде жұмыссыздық деңгейі өсті
2020 жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,9% болды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек ресурстарын дамыту орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2021
Алматы облысында «Үміт бесігі» жобасы жүзеге асырыла бастады
Алматы облысы Қарасай ауданындағы көпсалалы ауруханасында «Үміт бесігі» әлеуметтік жобасы іске асырыла бастады. Енді онда орнатылған байланыс орталығына қиын жағдайға душар болған болашақ аналар хабарласып, мамандардың кеңесіне жүгіне алады, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Білім • 14 Сәуір, 2021
NIS оқушысы Пенсильвания университетінен шақырту алды
Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Дина Жаныбекова Шырмауық Лигасы университетінен шақырту алды. Атап айтқанда, әлемнің үздік жоғары оқу орындарының бірі – АҚШ-тың Пенсильвания университеті Динаның оқу шығындарын толығымен өтейтін болады.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2021
Шымкентте «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 392 жұмыс орны ашылады
Шымкент қаласында Мемлекеттік басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы биыл да жалғасын табуда, деп хабарлайды Egemen.kz.