Президен
Парламент • 20 Мамыр, 2026
Парламент «Президент туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады
Парламент жаңа Конституцияға сәйкес әзірленген «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 19 Мамыр, 2026
Астанаға Кения Республикасының Президенті келді
Кения Республикасының Президенті Уильям Самоэй Руто мемлекеттік сапармен Астанаға келді деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 19 Мамыр, 2026
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды. Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Жошы ұлысының мемлекеттік басқару жүйесін мұқият зерделеу қажет
«Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумында Президент Жошы ұлысының мемлекеттік басқару жүйесін мұқият зерделеу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы: Түркі тілі, ислам дәстүрлері мен дала даналығы Алтын Орда кезеңінде біте қайнасты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби, Ясауи және басқа да әйгілі ойшылдар ілімінің Алтын Орда тұсында одан әрі дами түсуі заңдылық екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өтіп жатыр. Мемлекет басшысы симпозиумның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде зияткерлік мұраны зерделеу тұрғысындағы тұщымды ойларын ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Президент: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды
Мемлекет басшысы елордада өтіп жатқан симпозиумда ұлы даланың зияткерлік мұрасында ғұлама Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы дараланып көрінетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы құбылмалы геосаяси заманда тарихи диалог орнатудың маңызын айтты
Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның ашылу салтанатында сөз сөйледі. Қасым-Жомарт Тоқаев симпозиум – Алтын Орда мен Ұлы дала тарихын зерделейтін түрлі мектеп өкілдерінің басын қосып отырғанын, бұл – өте маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Президент: «Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн
Елордада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумы өтіп жатыр. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихқа әділ әрі саяси тұрғыдан бейтарап баға беру керектігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы: Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі
Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі, сонымен бірге біз бұл кезеңді ауқымды өркениет парадигмасы тұрғысынан қарастырамыз. Бұл туралы Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан халықаралық симпозиумда айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Президент: Еліміз ЮНЕСКО-ның қолдауымен көптеген маңызды жобаны жүзеге асырды
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің маңызды жобаларына қолдау көрсеткені үшін ЮНЕСКО басшылығына алғыс айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы: Алтын Орда тарихы көптеген іргелі зерттеулерге арқау болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумында сөз сөйлеп, байырғы алып мемлекеттің тарихы көп зерттеулерге арқау болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Мамыр, 2026
Астанада халықаралық симпозиум өтіп жатыр: 20-дан астам елден делегация келді
Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиум өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Мамыр, 2026
Президент: Жасанды интеллект жойқын ақпараттық қаруға айналды
«Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдау кезіндегі сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев аталған форматтың қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде өзара үйлесімді, нақты шешімдердің үлгісі болатынына сенімді екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы: Транскаспий бағытының дамуы қауіпсіздік мәселесімен тікелей байланысты
Мемлекет басшысы өңір елдерінің экономикалық ынтымақтастығын нығайту мен дамыту, бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру қауіпсіздік мәселесімен тығыз байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2026
Әлеуметтік сауалнама: Жастардың 90%-дан астамы Мемлекет басшысына сенім артады
Әлеуметтанулық сауалнама Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) тапсырысы бойынша 2026 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. Іріктемелік жиынтық көлемі – 8 000 респондент. Сауалнамаға 18 жастан асқан, еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласының – Астана, Алматы және Шымкенттің тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Мамыр, 2026
Президент зерделі ұлт қалыптастыруға арналған жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2026
Әлеуметтік сауалнама Қазақстан халқының Президентке сенімі жоғары екенін көрсетті
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) тапсырысы бойынша 2026 жылғы сәуір айында қоғамдық пікірге жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша ел Президентіне деген сенім деңгейі 86,7%-ды құрады. Аталған көрсеткіш соңғы жылдары тұрақты жоғары деңгейде сақталып, қоғамның елді жаңғырту мен жүйелі реформалар бағытын берік қолдайтынын айғақтайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаевқа LRT-ның 001 сериялы жол жүру картасы табысталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа LRT жүйесінің 001 сериялы жол жүру картасы табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы LRT жобасын одан әрі жалғастыруды тапсырды
Қоғамдық көлікті одан әрі дамыту мақсатында LRT жобасының екінші кезеңі іске асырыла бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Мамыр, 2026
Түркі халықтарының көшбасшылары Turkistan визит-орталығына барды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев,Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің рухани мұрасымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Мамыр, 2026
Президент түркі тарихын біріктіретін AI-платформа құруды ұсынды
Түркі елдері мемлекеттерінің бейрейми саммитінде Мемлекет басшысы ұйымға мүше мемлекеттердің бірлескен IT хаб орталығын ашуды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Мамыр, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ аясында бірлесе іске асыруға болатын бірқатар ұсынысты ортаға салды
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіндегі сөйлеген сөзінде Габалада өткен басқосуда цифрлық даму және киберқауіпсіздікке қатысты бірқатар бастама көтергенін еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Мамыр, 2026
Президент: Түркі мемлекеттері ұйымы – геосаяси жоба емес
Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде Мемлекет басшысы ұйымды әскери альянс ретінде сипаттауға қатысты пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы: Түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажет
Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр. Саммит отырысында Президент түркі тілдеріне ортақ терминологиялық негіз қалыптастыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Мамыр, 2026
Президент: Алмағайып кезеңде түркі мемлекеттерінің ауызбіршілікте болуы – өте маңызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіндегі сөйлеген сөзінде биыл Ұлыстың ұлы күнінде осы киелі Түркістан жерінде «Qoja Ahmet Yasaui» орденін тағайындау туралы шешім қабылдағанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Мамыр, 2026
Ердоғаннан тарту: Түркия Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған кітап дайындады
Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Түркия-Қазақстан ынтымақтастығының 34 жылдығына орай арнайы әзірленген кітапты сыйға тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Мамыр, 2026
Өзбекстан Президенті Түркістан халқына ерекше тарту жасады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Мамыр, 2026
Қазақстан жасанды жаңбыр технологиясын пайдаланған алғашқы ел болмақ
Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымының президенті, БАӘ Ұлттық метеорология орталығының бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Үндістанның Уттар-Прадеш штатында орын алған қатты дауыл мен нөсердің салдарынан көптеген адамның опат болуына байланысты Нарендра Модиге көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.