Еті
Хоккей • 03 Қыркүйек, 2020
"Барыс" алғашқы үш ойынға қатысатын ойыншылар тізімін жариялады
"Барыстың" бапкерлер құрамы жаңа маусымдағы алғашқы матчқа қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. ҚХЛ-дың алғашқы үш кездесуін команда сырт айдында өткізеді. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлайды, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 29 Тамыз, 2020
Алматының медицина қызметі індеттің екінші толқынына қауқары жете ме?
Алматыда әкім орынбасары қалалық медицина қызметінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 26 Тамыз, 2020
Жетісай ауданында имамдар 47 балаға планшет пен смартфон үлестірді
Түркістан облысы Жетісай ауданында "Мектепке жол" атты ерекше республикалық акциясы бастау алды. Игі іс аясында аудандағы аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан, сондай-ақ ата-ана қамқорынсыз қалған 34 бүлдіршінге планшеттер мен 13 жоғары сынып оқушыларына смартфондар тегін үлестірілді, - деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Тамыз, 2020
Назарбаев Университеті медицина қызметкерлеріне 2 мыңға жуық қорғаныс киімін ұсынды
Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысының медицина қызметкерлеріне арналған 1875 жеке қорғаныс костюмін Назарбаев Университеті ұсынды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 24 Тамыз, 2020
Талғат Сәтиев Геология комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Талғат Бақтиярұлы Сәтиев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 19 Тамыз, 2020
Бейсен Құранбек бейнесі мурал болып "мен мұндалайды"
Талдықорған қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің қабырғасына көрнекті журналист Бейсен Құранбектің бейнесі салынды. Граффити жанрында бейнеленген мурал биыл дүниеден өткен әріптесіміз ұзақ жыл басшылық еткен "Jetisu" телеарнасының ғимаратына қарама-қарсы қоныс тепкен үйдің қасбетінде "мен мұндалап" тұр, - деп хабарлайды egemen.kz.
Аймақтар • 19 Тамыз, 2020
Жеті айда 5 мыңнан астам жетісулық зейнетке шықты
Өткен жылдың сәйкес мерзіммен салыстырғанда өңірде зейнетке шығушылар қатары едәуір көбейген. Мысалға, былтыр 4770 тұрғын құжат өткізсе, биылғы жеті айда 5253 адам зейнет жасына жетіп отыр, - деп хабарлайды egemen.kz.
Елорда • 14 Тамыз, 2020
Нұр-Сұлтанда екі тәулікте 17 кәсіпкерлік субъектісінің жұмыс істегені анықталды
Тексеру барысында 12 тамызда түнгі уақытта сағат 22.00-ден кейін Жетісу, Сарайшық көшелерінде бірнеше қоғамдық тамақтану объектілері өз қызметін жүзеге асырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Әлем • 13 Тамыз, 2020
Қытайда мұздатылған тауық қанаттарынан коронавирус табылды
Вирус 12-13 тамызда Оңтүстік Америкадан, соның ішінде Бразилия мен Эквадордан әкелінген өнімдерден табылды деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 12 Тамыз, 2020
Алматының төрт жаңа ауданындағы барлық көшелерге жарық орнатылады
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасының Aкimat Live бағдарламасында өткен тікелей эфирде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере келіп, жаңа ықшамаудандардағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 12 Тамыз, 2020
Ресеймен шекарада есірткі алып өту әрекетінің жолы кесілді
Ресеймен шекарада есірткі алып өту әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 12 Тамыз, 2020
Құтқарушылар Іле Алатауында ер адамды құтқарды
2020 жылғы 10 тамызда 9 адамнан тұратын бір топ турист Карлытау шыңына дейінгі бағыт бойынша серуенге аттанды. Кешке Богданович мұздығының ауданында (3700) ер адамдардың бірі ауырып, мұрнынан қан кетіп, шамамен 40 минутқа созылған сіңір тартылуы басталды. Осыдан кейін зардап шеккен адам қатты әлсіздікті сезініп, өздігінен таудан төмен түсе алмаған. Бұл туралы ІІМ ТЖК РЖҚЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Спорт • 12 Тамыз, 2020
Трансферлік терезе жабылды. Кімде қандай өзгеріс бар?
10 тамызда Қазақстанда футболдан жазғы трансферлік терезесі ресми түрде жабылды. Алғашқыда пандемияға байланысты бұл трансферде көп өзгерістер бола қоймайды деп болжанған еді. Алайда қысқа мерзім ішінде ауыс-түйіс қыза түсті. Тіпті елімізге еуропаның ТОП-5 чемпионатында өнер көрсеткен футболшылар да келіп үлгерді. Назарларыңызға трансферлік кезеңдегі өзгерістерді ұсынамыз.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2020
"Абай күнін" Алматы облысы қалай атап өтті?
Абай күніне орай Жетісу жерінде бірқатар тағылымды шара өтті, - деп хабарлайды egemen.kz.
Абай • 10 Тамыз, 2020
Жас кітапханашылардың ІІ слеті Абай мұрасына арналды
Зағип және нашар көретін азаматтарға араналған республикалық кітапханасы Жас кітапханашыларының II Cлетін өткізді. «Жастар және Абайдың рухани құндылықтары» тақырыбын арқау еткен слет «Біз сәттілікті таңдаймыз!» ұранымен онлайн режимде Zoom платформасында өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 10 Тамыз, 2020
Бестөбе шатқалы мен Сілеті су қоймасындағы заңбұзушылық үшін айыппұл салынады
Экология министрлігі осы демалыста жергілікті әкімдік пен ІІМ - мен бірге адамдар демалатын жерлерге, бұл жолы Сілеті су қоймасына кезекті қоғамдық рейд жүргізді, - деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2020
Маңғыстауда жаңа мектептер ашылады
Жаңа мектептердің құрылысымен өңір басшысы Серікбай Трұмов танысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Үкімет • 08 Тамыз, 2020
Премьер-Министр Асқар Мамин Ақмола облысының Ақкөл қаласына жұмыс сапары кезінде "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында "ақылды қалалар" жобаларын іске асыру барысын, сондай-ақ ұлттық ғарыштық байланыс жүйесінің дамуын тексерді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Руханият • 06 Тамыз, 2020
Еліміздің Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері қайырымдылық жасады
2020 жылғы 3 тамызда "ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері" РҚБ мүшелері Нұр-Сұлтан қаласының тұрмысы төмен отбасыларына 1 миллион сомасына қаржылай көмек көрсетті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 04 Тамыз, 2020
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының арзандағаны байқалады
Үш ай қатарынан ӘМАТ қойылған тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) 100%-дан төмен деңгейде тұр, деп жазады Egemen.kz
Президент • 03 Тамыз, 2020
Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрайымын қабылдады
Есеп комитетінің төрайымы Мемлекет басшысына дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржының жұмсалуына мониторинг жүргізу барысы және квазимемлекеттік сектор компанияларының активтерін тиімді басқаруға жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары туралы есеп берді. Бұл туралы Ақорда хабарлайды, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 03 Тамыз, 2020
Елорданың жасыл белдеуіне жетісу қырғауылы жіберілді
Жасыл белдеуге жетісу қырғауылы жерсіндірілуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Тағайындау • 03 Тамыз, 2020
Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы тағайындалды
Қаржы министрінің бұйрығымен Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Аймақтар • 29 Шілде, 2020
Іле Алатауында жоғалған ер адам табылды
2020 жылғы 27 шілдеде сағат 22.00-де Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне тауда ер адамның жоғалғаны туралы өтініш келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 28 Шілде, 2020
Коммерциялық жетістікке жету үшін 5G әлеуетін ашу керек
Таяуда Huawei Better World Summit саммитінің ашылу күнінде Huawei-дің ауыспалы төрағасы Гуо Пинг бес ірі технологиялық домендердегі синергияның 5G-дің толық коммерциялық жетістікке жету үшін мүмкіндіктерін ашуға қалай көмектесетінін түсіндірді, - деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Шілде, 2020
Токио-2020 ұйымдастыру комитеті бірқатар іс-шаралар өткізеді
2020 жылдың 24 наурызы күні Халықаралық Олимпиада комитеті мен Жапония билігі өте ауыр әрі маңызды шешімдердің бірін қабылдады. Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылды, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 23 Шілде, 2020
Мүгедек жандар пойыз билетіне 50% жеңілдік алады
"Жолаушылар тасымалы" АҚ мүгедек жандар үшін пойыз билетіне 50% жеңілдік жасады, - деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 23 Шілде, 2020
Токио олимпиадасы көрерменсіз өтуі мүмкін
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Токиода өтетін олимпиаданы көрермендердің қатысуынсыз өтуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы комитет басшысы Томас Бах мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 22 Шілде, 2020
Ботай мәдениетінің остеологиялық коллекциялары АҚШ-тан елге қайтарылды
Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі Сыртқы Істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен АҚШ-тан келген мәдени құндылықтарымыз Ұлттық музейге қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 22 Шілде, 2020
ҚазҰУ Оксфорд университетімен бірге ізгілікті қоғам құру жолына түсті
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігі және Оксфорд университетімен бірлесіп, "Әл-Фараби: оның өмірі мен мұрасы" атты адамзаттың ұлы ойшылының 1150 жылдығына арналған халықаралық ғылыми симпозиум өткізді. Онлайн форматта өткен іс-шараға АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Қазақстан және басқа да елдердің танымал ғалымдары мен фарабитанушылары қатысты, - деп жазады Egemen.kz