ыс
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Ақтауда жоғарыдан құлаған баланың жағдайы жақсарып келеді
Ақтау қаласы 33 ш/а көпқабатты үйлердің бірінен, нақтырақ айтқанда 4-ші қабаттан 4 жасар баланың құлап кеткендігі жөнінде "103" қызметіне шақырту түскен болатын. Оқиға қазан айының 4 күні сағат шамамен 14:55 уақытында болған.Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жедел жетіп, жарақат алған баланы Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізген.Бұл туралды Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Түркістандық шаруалар техникаларын жаңартуда
Түркістан облысы Келес ауданының шаруалары «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның көмегімен ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуда. Мысалы, Қошқарата ауылдық округінде орналасқан «Жаңа Қоныс» ЖШС-ы лизингке 2 бірдей трактор көлігін агрегаттарымен алған.
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Бердібек Сапарбаев базарларды ретке келтіруді тапсырды
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев базарлардың белгіленген талаптарға толық сәйкес келмейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Алматы облысының үздік полицейлері марапатталды
Ел Президентінің Жарлығымен Алматы облысының үздік полицейлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Қарағанды облысында жалғызбасты әкеге баспана сыйлады
Нұра ауданындағы Көбетей ауылының тұрғыны Серік Бәкіровтің тұрып жатқан баспанасы саман кірпіштен соғылған ескі үй-тұғын. Таяуда, қайырымды жандардың қамқорлығының арқасында төрт баласы бар жалғызбасты осы азамат жаңа үйге ие болып, қоныс тойын тойлады, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Жамбыл облысында қант қызылшасы жиналуда
Жамбыл облысы ертеден қант қызылшасын егумен аты шыққан аймақтың бірі. Шаруаға ыңғайлы өңірде жыл сайын мыңдаған тонна тәтті түбір егіліп, өткізіледі. Дегенмен, соңғы уақытта жергілікті шаруалар өздеріне «Меркі қант зауыты» кәсіпорнының қарыз болғанын айтып, шағымданған еді. Бірақ, мәселе қазір оң шешімін тапқан. Сондықтан да бүгінде жамбылдық шаруалар қант қызылшасын жинау науқанына кірісіп кетті, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 06 Қазан, 2020
Елордада 15 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылады
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 15 253 жаңа жұмыс орнын құру көзделген. Оның жартысына жұмыссыздарды орналастыру Халықты жұмыспен қамту орталығына берілген. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қоғам • 05 Қазан, 2020
Ақтоты Райымқұлова бірқатар қызметкерді "Халық алғысы" медалімен марапаттады
Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова коронавирус пандемиясы кезінде тұрғындарды рухани демеп, түрлі жобаларды қолға алып, белсенділік танытқан мәдениет, спорт және туризм саласы өкілдерін онлайн форматта "Халық алғысы" медалімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Қазан, 2020
Пияз Жамбыл облысының брендіне айналуы керек - Бердібек Сапарбаев
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданына жұмыс сапары барысында жөндеу-құрылыс жұмыстарымен және ауыл шаруашылығы саласындағы жағдаймен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 05 Қазан, 2020
30 жылдан бері суармалы сусыз отырған ауылдарға су беріледі
Жамбыл облысының Байзақ ауданында 30 жылдан бері суармалы сусыз отырған Абай және Бірлік ауылдары келесі жылдан бастап сумен қамтылатын болды. Бұл туралы «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалының директоры Қазыбек Бедебаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 05 Қазан, 2020
Джозеф Байден пікірсайысты кейінге қалдыруға дайын
АҚШ-тың демократиялық партиясынан президенттікке үміткер Джозеф Байден президент Дональд Трамптың коронавирус жұқтыруына байланысты келесі пікірсайысты кейінге қалдыруға ниетті. Бұл туралы демократиялық сайлауалды штабтың өкілі Кейт Бедингфилд ABC телеарнасында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Қазан, 2020
Түркістан облысында 3 баласын аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды
Түркістан облысында өз балаларын аяусыз сабаған ер адам қамауға алынды, - деп хабарлайды Egemen.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Қазақстан • 04 Қазан, 2020
Қазығұртта 3 баласын ұрып соққан әке жауапкершілікке тартылады ма?
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының тұрғыны өзінің 3 баласын аяусыз ұрып-соғып жатқан видеосы әлеумет желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 04 Қазан, 2020
Мемлекет басшысы: Күрделі кезеңге қарамастан мемлекет мұғалімдерге қолдау көрсете береді
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің Twitter парақшасында ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 03 Қазан, 2020
Павлодарда қысқы кезеңге дайындық басталды
Облыс орталығында Төтенше жағдайлар департаменті биылғы қысқы кезеңге дайындық барысын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 03 Қазан, 2020
Ақмолалық диқандар егін орағын аяқтады
Еліміздегі ең астықты өңірлердің алғашқы үштігінен табылатын облыс диқандары ерте көктемде 4,4 млн гектар алқапқа дәнді дақылдар тұқымын сіңірген болатын. Ел қамын ойлаған еселі еңбектерінің арқасында жерде өскен дәнді жерде қалдырмай, уақытылы тап-тұйнақтай етіп жинап алды. Қырмандағы қызыл дәнді тау-теңіз етіп текшелеген толайым табыс тегеуірінді еңбекпен келгендігі даусыз, деп жазады Egemen.kz
Президент • 02 Қазан, 2020
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қабылдады
Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев армияның әскери және шұғыл әрекеттерге дайындығы, азаматтарды әскерге шақырудың күзгі науқанының барысы, сондай-ақ Алматы облысында өтіп жатқан бітімгершілік оқу-жаттығу жиыны жөнінде Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың есебін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Технология • 01 Қазан, 2020
Қазақстанда bailanys.bar сервисі іске қосылды
22 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ЦДИАӨМ) bailanys.bar сервисінің іске қосылғанын жариялады. Сервистің міндеті - бүкіл елдер бойынша интернеттің нақты сапасын білу және қосылу жылдамдығы төмен аудандарды анықтау. Деректер негізінде интернетке қолжетімділік картасын жасау және әрбір өңірде желіге қолжетімділікті жақсарту жөніндегі шаралар жоспарын қалыптастыру жоспарлануда.
Аймақтар • 30 Қыркүйек, 2020
Биыл Жамбыл облысындағы 11 ауыл кең жолақты интернетпен қамтылады
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жобалық басқару және цифрландыру орталығының директоры Дамир Егізбаев баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 30 Қыркүйек, 2020
Оралда Ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Батыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқарма басшысының лауазымына Жасұлан Жолдыбайұлы Халиуллин тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 30 Қыркүйек, 2020
Елорда әкімі еріктілер мен белсенді азаматтарға "Халық Алғысы" медалін табыстады
Кездесуде құрамына волонтерлік ұйымдар мен қозғалыстардың барлық өкілі кіретін бірыңғай платформа құру мәселесі талқыланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2020
Алматының Әуезов ауданында қылмыс деңгейі едәуір төмендеген
Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020
Сарқан диқандары бір күнде 275 тонна қант қызылшасын жинады
Алматы облысында қант қызылшасын қазу жұмысы қарқын алды. Бұған дейін өңірдегі қант өндірісі алыптарының бірі – Көксу қант зауыты биылғы жылдың алғашқы өнімін қабылдауды бастаған болатын. Ал бүгін екінші өндіріс жаңа маусымды іске қосты. Яғни Ақсу қант зауыты аймақтағы Алакөл, Сарқан, Ақсу аудандарының шаруалары еккен тәтті түбірді қабылдап өңдейді, деп хабарлайды Egemen.kz
Экология • 29 Қыркүйек, 2020
Балқаш мыс қорыту зауытына айыппұл салынды
Қарағанды облысының Балқаш қаласындағы мыс қорыту зауыты экологиялық заңнама талаптарын сақтамағаны үшін енді миллион теңгеден астам айыппұл төлейді, деп хабарлайды Egemen.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.
Президент • 29 Қыркүйек, 2020
Мемлекет басшысы Ғали Есқалиевті қабылдады
Қазақстан Президентіне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.
Хоккей • 29 Қыркүйек, 2020
"Барыстың" бұрынғы ойыншылары Стэнли Кубогын иеленді
Ұлттық хоккей лигасынның (ҰХЛ) Стэнли Кубогын "Тампа-Бэй Лайтнинг" клубы жеңіп алды. Алты кездесуден тұратын серияда олар "Даллас Старзды" 4:2 есебімен ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020
Шу ауданындағы газ мәселесі бір аптада шешіледі
Шу ауданындағы газ мәселесі бір аптада шешіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 29 Қыркүйек, 2020
Үндістанда алтын маскаға тапсырыс берген кәсіпкер көз жұмды
Шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, Үндістанның Пимпри-Чинчвад провинциясының тұрғыны Шанкар Кураде коронавирус жұқтырып, пневмониядан қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 28 Қыркүйек, 2020
"Алтын Емел" ұлттық паркінде ілбіс бейнетұзаққа түсіп қалған
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ілбісті анық көрсететін бейнежазбаны жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2020
Жол картасы аясында Жамбыл облысында 9,5 мың адам тұрақты кіріс таба бастады
Жамбыл облысында Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жүзеге асырылатын жобалар арқылы 2020 жылы 9544 адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Egemen.kz.