Еті
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
"Жетібай - Жаңаөзен" жолын жаңарту жұмыстары маусымның соңында аяқталады
Маңғыстау облысында автомобиль жолдары саласындағы ірі республикалық "Жетібай - Жаңаөзен" жобасын іске асыру шаралары аяқталуға жақын, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
Ұлттық Олимпиада комитеті Тимур Құлыбаевқа көңіл айтты
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Тимур Асқарұлы Құлыбаевқа анасы Раиса Алдабергенқызы Құлыбаеваның өмірден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Тағайындау • 22 Маусым, 2020
Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы тағайындалды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Руслан Кенжебекұлы Әбдіқалықов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлады primeminister.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Түркістанда халықаралық туризм университеті ашылды
Түркістан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Халықаралық туризм және меймандостық университеті құрылды. Бұл оқу ордасы Елбасының бастамасы негізінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 19 Маусым, 2020
"Біз Сізбен қашан да біргеміз!": Шигео Катсу Елбасына хат жолдады
Nazarbayev University Президенті Шигео Катсу Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа университет және "Júsan" компаниялар тобы атынан хат жолдады. Хатта Елбасына зор денсаулық, қажымас күш-қуат және тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 18 Маусым, 2020
Соңғы 5 айда 33 479 үй пайдалануға берілді
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республика бойынша жалпы ауданы 4,1 млн шаршы метр немесе 33 479 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде 14 209 жеке үй. Аталған кезеңде жеке меншік есебінен жалпы ауданы 3,8 млн шаршы метр баспана салынды, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Жетісай ауданында 200-ден астам көше жөнделеді
Түркістан облысы Жетісай ауданында 200-ден аса көше орта және ағымдағы жөндеуден өтетін болады. Оған жалпы 1 млрд 217 млн 869 мың теңге бағытталған. Нәтижесінде аудандағы 113 елді мекеннің және қала мен кенттің көшелері жақсарады.
Аймақтар • 17 Маусым, 2020
Қыздар университетінің студенті халықаралық байқауда топ жарды
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2-курс студенті Маржан Ұзақбай "Қазақстанның үздік студенті" атты халықаралық байқаудың жеңімпазы атанып, бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл туралы оқу орнының қоғаммен байланыс қызметі хабарлады.
Спорт • 16 Маусым, 2020
Олимпиада күніне орай үздік мурал эскизіне конкурс жарияланды
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Халықаралық Олимпиада күніне арнап еліміздің әр аймағындағы үздік мурал эскизіне республикалық конкурс жариялады, - деп хабарлады ҰОК комитеті.
Аймақтар • 16 Маусым, 2020
Атырауда індетке шалдыққан жетінші жүкті әйел босанды
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, - деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2020
Батыс Қазақстанда ахуал әлі тұрақсыз
Демалыс күндері Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 47 адам тіркелді. Өңір бойынша ауырғандардың жалпы саны 967-ге жетті. Облыстағы 12 ауданның 11-інде вирус жұқтырғандар бар, дегенмен аурудың 82 пайызы Орал қаласынан, деп жазады Egemen.kz
Әлем • 15 Маусым, 2020
Бурунди елінің президенті коронавирустан көз жұмды
Африка құрлығында орналасқан Бурунди елінің президенті Пьер Нкурунзиза Каруси қалалық ауруханасында өткен аптада коронавирус індетінен көз жұмды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 10 Маусым, 2020
QS рейтингінде Сәтбаев университеті 20 сатыға көтерілді
Жыл сайын, жаздың басында жаһандық академиялық қауымдастық әлемдегі ең үздік университеттер рейтингтерінің бірі – QS World University Rankings нәтижелерін күтеді. Көптеген университеттер соның қатарына кіруге тырысып, өз үлгерімдерін жақсартуға тырысады. Бұл рейтингке әлемнің 1600-ден астам жоғары оқу орындары қатысты, - деп жазады Egemen.kz
Руханият • 09 Маусым, 2020
Пышан Жәлмендеұлының тасбиығы табылды
Зобалаң жылдарында жазықсыз атылып кеткен қазақ зиялысының бірі Жетісуда өмір сүрген Пышан Жәлмендеұлы. Заманында ақындық өнері мен азаматтық ұстанымы Алатаудың қос қапталына әйгілі болған Пышан серіні Совет үкіметі 1921 жылы оққа байлаған, - деп хабарлады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Маусым, 2020
Жетісуда жол картасы бойынша жұмыс басталды
Биыл Алматы облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 109,2 млрд теңге қаражат бөлініп отыр. Нәтижесінде аймақтағы еңбек нарығына да сұраныс артып, 23 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Қазір осы мақсатта 977 жоба мақұлданып, аудандарда жұмыс басталып та кетті.
Аймақтар • 06 Маусым, 2020
Қазақстанға темекінің ірі партиясын заңсыз кіргізбек болған
5 маусымда Қазақстан шекарашылары «Жаңа жол» автомобиль пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) Қазақстанға темекінің ірі партиясын (15 000 пачка) кіргізбек болған қылмыстың жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 05 Маусым, 2020
Оралхан Дәуіт «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып тағайындалды
Әріптесіміз, елімізге белгілі журналист Оралхан Дәуіт бүгін Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы болып тағайындалды.