у
Бокс • 07 Наурыз, 2024
Олимпиадаға жолдама: Жайна Шекербекова нокдаун алды
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасы сапынан Жайна Шекербекова жарыс жолынан шығып қалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 07 Наурыз, 2024
«Ару Ана» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева «Ару Ана» республикалық үздік жобалар байқауының жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінң баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Қазақстанның экологиялық тиімділік көрсеткіші әлсіреді – сенатор
Елдегі өзекті экологиялық мәселелерді қозғаған сенатор Советбек Медебаев Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, ауаның, судың, топырақтың шамадан тыс ластану проблемаларын назарға алуды сұрады. Оның айтуынша, Қазақстан кейінгі жылдары 180 елдің арасында экологиялық тиімділік рейтингінде 93-інші орынға түсіп, Намибия, Габон, Зимбабве сияқты елдердің де артында қалған, ал жасыл желекке бөленген елдер рейтингісі бойынша 78 елдің ішінде 72-нші орында тұр. Бұл туралы Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Ғылыми диссертацияларды бағалау шарттары өзгеруі мүмкін
Сенатор Қайрат Тастекеев өзінің депутаттық сауалын вице-премьер Тамара Дүйсеноваға жолдап, PhD диссертациясын қорғау барысында докторанттардың тап болатын мәселелері туралы айтты. Докторанттардың көбі халықаралық Scopus дерекқорында мақаласы жарияланған кезде қиындыққа тап болады. Бұл олардың диссертациясын қорғауды қиындатады. Соның кесірінен 2011 жылдан 2022 жылға дейін 10 276 докторанттың 4 497-сі ғана қорғай алған. Олардың көбі халықаралық ғылыми басылымдарда мақаласының болмауына байланысты қорғауға жете алмаған, докторанттардың 93,5%-ы мемлекет есебінен оқыған, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 07 Наурыз, 2024
Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрі Абдулазиз бен Салман Әл Саудты қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Сенаторлар трансферттік баға белгілеу мәселелері туралы заңды мақұлдады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Отырыс барысында сенаторлар «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады. Бұл заң Қазақстанның негізгі экспорттық позицияларының баға белгілеуіне бақылауды күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Наурыз, 2024
Ұлттық статистика бюросы қызықты дерек ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Наурыз, 2024
Олимпиада жолдамасына таласатын таеквондошылар құрамы анықталды
Таеквондодан наурыздың 15-16 күндері Қытайда Азия чемпионаты лицензиялық турнирі өтеді. Аталған додаға енетін Қазақстан спортшылары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 07 Наурыз, 2024
Қоқиқаздар Қаракөлге ұшып келді
Газеттің бүгінгі санында Бақытбек Қадырдың «Айдынға қоқиқаз қонды» деген мақаласы жарияланды. Мақалада биылғы көктемнің жеткенін қоқиқаздар сүйіншілеп, Маңғыстау жеріндегі Қаракөлге қонғаны жазылған.
Оқиға • 07 Наурыз, 2024
Қоғамдық резонанс: Қарағандыда таяқ жеген жедел жәрдем жүргізушісі 5 млн теңге сұрап отыр
27 қаңтар күні жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Нұрболат Дәкебаевтың сот процесі басталды. Оқиғадан соң араға уақыт салып жәбірленуші күдіктіні кешіретінін айтқанмен, денсаулығына келген залал мен моральдық шығынды өтеу үшін айыпталушыдан 5 млн теңге талап етті, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 07 Наурыз, 2024
7 наурызға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 7 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 07 Наурыз, 2024
13 жастағы оқушы қыз 800-ге жуық кітап оқыған
Түркістанда 13 жастағы оқушы 1,5 жылда 767 кітапты оқып бітірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Наурыз, 2024
Боччадан республикалық жарыстың жеңімпаздары марапатталды
Парламент Сенатының Төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев аталған паралимпиадалық спорт түрінен дәстүрлі турнирдің жабылу рәсіміне қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. Жарыс боччадан алғашқы қазақ жаттықтырушысы Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Наурыз, 2024
Бишімбаевты ақтау үшін 1 млн доллар жұмсалғаны рас па?
Әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп, ел азаматтарын дүр сілкіндірген резонансты іс төңірегінде шыққан ақпараттар жайлы пікір білдіріп, қоғамды алаңдатып жатқан сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әйел әлемі • 06 Наурыз, 2024
Қазақстан әскерінде 12 мыңнан астам әйел қызмет етеді
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов өмір жолын Қарулы күштердегі қызметпен байланыстырған қыз-келіншектермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 06 Наурыз, 2024
«Күміс ханымдар»: Елорданың өнерлі әжелері сынға түсті
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Астана әкімдігіне қарасты Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Күміс ханымдар» атты әжелер байқауы өтті. Байқауға қатысқан әжелер таныстыру, өнер, сән көрсету және ас мәзірін дайындау сындарынан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2024
Әр балаға 70 мың теңге беріле ме? Министрлік жауап берді
Әлеуметтік желіде осы жылдың шілде айынан бастап әр балаға 70 мың теңге көлемінде жәрдемақы беріледі деген хабарлама тарады. Ақпараттың анық-қанығын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен сұрап білдік, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 06 Наурыз, 2024
Мерекелік демалыс күндері жаңбыр жаууы ықтимал
Синоптиктер 7, 8 және 9 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 06 Наурыз, 2024
Үкімет басшысы Павлодар мұнай-химия зауытының жаңғырту жоспарымен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысында мұнай өңдеуді ұлғайту және мұнай-химия секторы кәсіпорындарын толық қуатына шығару жөніндегі шаралармен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 06 Наурыз, 2024
Әйелдердің тісін емдеу үшін жәрдемақы берілуі мүмкін
Депутат Ерлан Саиров Мәжілістің бүгінгі отырысында ана капиталына назар аударып, ұрпақ өрбітетін аналардың денсаулығына қаржылай қолдау көрсету мақсатында бала туу жасындағы әйелдерге тісін емдету үшін бірреттік жәрдемақы беруді ұсынды. Ол осы мазмұндағы сауалын Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 06 Наурыз, 2024
«Ешқандай талдау жоқ» - Депутат министрдің жұмысын сынап тастады
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылымды бюджеттен қаржыландыру жұмыстарындағы кемшіліктерін атап, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 06 Наурыз, 2024
258 миллион теңге жымқырған депутат: Антикор істің мән-жайын тарқатты
Отандық БАҚ-та Солтүстік Қазақстан облысы мәслихат депутаты Павел Булаевтың сыбайлас жемқорлыққа байланысты күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған еді. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі деректі растап, іске қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 06 Наурыз, 2024
«Марапатты сатып алу қажет»: оқушылар олимпиадасы әділ өтпей ме?
Әлеуметтік желіде байқаудың марапаттау рәсімі ақылы түрде өтетіні, құны 25 мың теңге тұратыны туралы хабар тарап, ата-аналардың наразылығын тудырды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 06 Наурыз, 2024
Лондонға аттанған жолаушылар ұшағын найзағай соқты
Ванкувер қаласынан Лондонға ұшқан Air Canada авиакомпаниясының Boeing 777-300 ұшағын найзағай соққысы шарпып өткен. Бұл туралы nashvancouver.com сайты хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2024
Глубокое ауданында жаңа сот ғимараты ашылды
Жаңа аудандық сот ғимаратының ашылу салтанатына Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, облыс әкімі Ермек Көшербаев, облыстық соттың төрағасы Манат Көміршінов, судьялар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жануарлар • 06 Наурыз, 2024
ШҚО-да манул мысығы фото тұзаққа түсіп қалды
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағында сабаншы (манул-дала мысығы) фото тұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 06 Наурыз, 2024
Мәжілістің жаңа депутаты ант қабылдады
Мәжілістің жалпы отырысында «Amanat» фракциясының жаңа депутаты Нұрсұлтан Байтілесов Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 06 Наурыз, 2024
Лицензиялық турнир: Қазақстанның үш боксшысы шаршы алаңға шығады
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан Әлемдік лицензиялық турнирде бүгін шаршы алаңға шығатын үш жерлесіміздің жекпе-жегін Қазақстан уақытымен Бокс федерациясының инстаграм арнасының тікелей эфирінен көруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2024
Сыбайлас жемқорлықпен күрес − ортақ міндет
Түп-тамырымен дендеп кеткен жемқорлықтың адымын басу оңай болмай тұр. Қоғамның қай бұрышын да қамтыған бұл дерттің емі бар ма өзі?! Жемқорларға жазаны арттырып, айыппұл мөлшерін өсіргенімізбен, жұрттың қаржысын қалтаға басатындардың саны азайған жоқ. Керісінше асқынып бара жатқандай көрінеді. Әрине бұл ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің атқарып жатқан қызметін жоққа шығаруға болмайды. Олар әшкерелеген жемқорлар қанша, әлі ашылмаған қылмыс қанша? Әлі бірталай іс тергеп-тексеріліп жатқаны, сондай-ақ беймәлім жағдайлары да бары белгілі.
Елорда • 06 Наурыз, 2024
Астанада 8 наурыз күні қандай іс-шаралар өтеді?
Елордада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында түрлі концерттер, қойылымдар, құттықтау іс-шаралары жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.