у
Аймақтар • 20 Ақпан, 2024
Алматы облысында бірнеше ауылдық округ атауы өзгереді
Алматы облысында бірнеше ауылдық округ және ауыл атауы өзгеріп, қайта аталынады. Іле, Кеген, Талғар аудандарының жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша тиісті аумақтар халқының пікірлерін ескере отырып, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысына сәйкес шешімді мәслихат қабылдап, қаулыны облыс әкімі шығарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 20 Ақпан, 2024
Бүгін еліміздің басым бөлігінде аяз болады
Синоптиктер 20 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде аяз әлі де қысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
20 ақпанда Астанада мектеп оқушылары қалай оқитыны белгілі болды
Ауа райы нашарлағандықтан ертең бас шаһардың бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2024
Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды
Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды. «ҚазМұнайГаз» тарапынан құрылған комиссияның тексеру жұмысынан кейін осындай шешім қабылданды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Атырау мұнай өңдеу зауытындағы ахуалға байланысты құрылған комиссия жұмысының нәтижесін жария етті.
Театр • 19 Ақпан, 2024
Жыл ішінде «Гауһартас» қойылымы рекордтық көрсеткішке жеткен
Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры «Гауһартас» музыкалық драмасын сахналағанына бір жыл толды. Аталған пьеса көрермен назарына 165 рет ұсынылып еліміздің театр кеңістігінде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 19 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Өзбекстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Бахтиёр Саидовқа ілтипат білдіре отырып, қазақ-өзбек ынтымақтастығы барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан бауырлас Өзбекстанмен өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән береді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 19 Ақпан, 2024
«Сөндірілмеген шылымнан тұтанған от»: Жатақхана өртеніп, 40 адам эвакуацияланды
Көкшетаудағы жатақхананың өртенуіне сөндірілмеген темекі себеп болған. 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
«80 шақырым ұзап кеткен». Жоғалған 4 адам табылды
Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен адамдар табылды, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 19 Ақпан, 2024
1981 жылы туған Павлодар облысындағы Ақтоғай ауылының тұрғыны балыққа кетіп бақилық болды. Ол қарда жүретін көлікпен балық аулауға шығып, қайта оралмаған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Ақпан, 2024
Колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі
2023 жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға өсті. Биыл қатары 300 мыңға жуықтаған студенттің стипендиясы тағы 50 пайызға артады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 19 Ақпан, 2024
Аяз қайтып, күн жылына ма? Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды
«Қазгидромет» синоптиктері 20-22 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Ақпан, 2024
Жастарға 1 миллион теңгеден грант беріледі
«Zhas Project» жобасы аясында 18-35 жас аралығындағы 280 азаматқа 1 миллион теңге көлемінде грант беріледі. Қаржылай грантты жеңіп алу үшін үміткерлер өз аймағындағы әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған жоба жоспарын ұсыну қажет. Өтінім 25 наурыздан бастап 24 сәуірге дейін қабылданады, деп жазады Egemen.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2024
Семейдегі аспалы көпір аяз салдарынан жарылып кетті
Кейінгі үш тәулікте Қазақстанның шығысында аяз күшіне мініп тұр. Салдарынан Семейдегі танымал аспалы көпір жарылып кетті. Көпір үстіндегі жарық өлшемі кей жерлерде 25 см-ге жетеді, деп жазады Egemen.kz.
ANTIKOR • 19 Ақпан, 2024
«680 млн теңге ұрлаған»: Алматыда жемқор шенеунік ұсталды
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Ақпан, 2024
Kuzilalan Cup: Алина Саркуловаға екі алтын тағылды
Түркияның Анталья қаласында велоспорттың маунтинбайк түрінен Kuzilalan Cup (Қызылалан Кубогы) мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz qaz_olympics мәліметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 19 Ақпан, 2024
Абай облысында құрылған жаңа ауданның әкімі тағайындалды
Президент әкімшілігі және Жаңасемей аудандық мәслихаттарының келісіміне сәйкес, Абай облысы әкімінің өкімімен бұған дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Руслан Базарбаев Жаңасемей ауданының әкімі қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Ақпан, 2024
Адам ұрлап, терроризмді насихаттаған 8 қылмыстық топ ұсталды (видео)
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 8 өңірде Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратурамен бірлесіп арнайы операция жүргізді. Бір мезетте жүзеге асырылған іс-қимыл кезінде 8 қылмыстық топ қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 19 Ақпан, 2024
Gracia Fair Cup: 2 көркем гимнаст қоржынға 4 алтын салды
Мажарстанның бас қаласы Будапештте өткен көркем гимнастикадан 28-ші Gracia Fair Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 1 қола иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 19 Ақпан, 2024
Бәйге аттарының рекорды жылдан-жылға жаңарып келеді – атбегі
Елімізде биылғы бәйге маусымы наурыз айында ресми ашылады. Бәйгеге қосылатын жүйрік аттардың шабысы жылдан-жылға үдеп келеді. Бұл туралы Ұлттық ат спорты федерациясының бірінші вице-президенті Мұрат Өсербаев айтты, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Ақпан, 2024
Елордада екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Астанада ауа райына байланысты екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары онлайн оқитын болды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Форум • 19 Ақпан, 2024
Ұлттық спорт қауымдастығы Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ресми мүшесі болды
Антальяда Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған VI Этноспорт форумы барысында Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов этноспортты халықаралық стандарттарға сай дамыту тәсілдерін жүйелеуге қатысты бірқатар ұсыныс айтты. Исламбек Салжанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанда ұлттық спортты жүйелі дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті. Ұлттық спортпен айналысатын Қазақстан азаматтарының саны жыл сайын артып келеді.
Қоғам • 19 Ақпан, 2024
6 облыс аумағында 6 жол бөлігі жабылды
Бүгін сағат 9:00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар 6 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Ақпан, 2024
3 баланы құлдықта ұстаған ұлытаулық әйел қамауға алынды
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Ұлытауда 5 жыл бойы 3 баланы құлдықта ұстаған әйел қамауға алынғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 19 Ақпан, 2024
- 45 градус аяз. Бүгін еліміздің шығыс өңірінде қатты аяз күтіледі
«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанда әлі де қатты аяз сақталатынын мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 18 Ақпан, 2024
Аяз күшейіп, боран болады. Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялады
19 ақпан күні ел өңірлерінде температура төмендеп, аяз күшейеді. Қазақстанның шығысында көрсеткіш - 45 градусқа дейін түседі. Өңірлерде аяз қысып, қатты жел соғады. Осыған байланысты синоптиктер ескерту жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 18 Ақпан, 2024
Мақтааралда есепші экономикалық тексеруден кейін өзіне қол жұмсады
25 қаңтарда болған оқиғаны Түркістан облыстық полиция департаменті растады. Мақтаарал ауданы бойынша аудандық білім бөлімінің есепшісі Экономикалық тергеу департаментінің тексеруінен кейін өзіне қол жұмсаған, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Ақпан, 2024
Қазақстан спортшылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде 3 медаль еншіледі
Бүгін Иран астанасы Тегеранда жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты басталды. Жерлестеріміз құрлықтық бәсекенің бірінші күні қоржынға 3 медаль салды, деп жазады Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2024
Он облыста республикалық маңызы бар 18 жол жабық
18 ақпандағы қолайсыз ауа райына байланысты 10 облыста республикалық маңызы бар 18 автожолда көлік қозғалысы шектелді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2024
Денелерінде сау тамтық жоқ. Асырап алған 3 баланы құлдықта ұстаған - Динара Зәкиева
Ұлытау облысында асырап алған 3 баланы құлдықта ұстаған. Оларды 5 жыл бойы қорқытып, ұлдың үлкенін фермада мал бағуға мәжбүрлеген. Арнайы комиссия тексеру барысында балалардың физикалық-әлеуметтік жағдайы жаға ұстатарлық екенін анықтады. Бұл туралы ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Ақпан, 2024
Екі бала өз бетімен шыққан. Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды
Бүгін таңғы сағат 03:30 шамасында Қарағандыда тұрғын үйде жарылыс болды, деп жазады Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.