у
Әлем • 15 Ақпан, 2024
Қатармен келісімге қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар еліне мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Қатар арасында ұстап беру және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімдерге қол қойылды, деп жазады Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 15 Ақпан, 2024
Елордада екінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2024
14 облыста республикалық маңызы бар жолдың 36 учаскесі жабық
15 ақпандағы ауа райы қолайсыздығына байланысты 14 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 36 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп жазады Egemen.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2024
Теміртауда газ жарылып, дүкен құлады
Бүгін Теміртау қаласы Ватутин көшесінде 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 15 Ақпан, 2024
- 38 градус: Елімізде аяз қайта күшейеді
Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан арктикалық антициклон келеді, соның нәтижесінде елімізде аязды ауа райы болады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2024
Көкшетау полицейлері тұғындарды өрттен құтқарды
Көкшетау қаласының полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарды өрттен арашалап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Ақпан, 2024
«Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан» кітабының тұсаукесері өтті
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Ресей мемлекеттік думасы және Қазақстан» кітабының (авторы Өмірзақ Озғанбаев) тұсаукесері өтті. Сенат депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысып, қазақ тарихына қатысты зерттелуі тиіс өріске қатысты пікір алмасты, деп жазады Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таным • 14 Ақпан, 2024
Жүсіпбек Аймауытов: Қазақты тура жолға бастайтыны да, адастыратыны да оқығаны
Афоризм – шағын философиялық ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын. Афоризмнің басты шарттары – өмірлік құбылыстарға және адам мінездеріне деген көзқарастағы анықтық, ойды жеткізудегі дәлдік пен қысқалық. Афоризм – ой тамызығы. «Афоризмдер» айдарында бүгін Мұстафа Шоқай, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов ойларын ұсындық.
Кино • 14 Ақпан, 2024
«Дәстүр» фильмінің режиссері жаңа қызметке тағайындалды
Эстрададағы белгілі «Ирина Кайратовна» тобының бейнебаяндары мен «Дәстүр» фильмінің режиссері Қуаныш Бейсек «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 14 Ақпан, 2024
Сенат Төрағасы Қасиетті Тақтың Қазақстандағы апостолдық нунциімен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қасиетті Тақтың Қазақстандағы апостолдық нунциі Джордж Джордж Панамтундилмен кездесті. Онда тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту және дінаралық диалогты ілгерілету аясында серіктестікті одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 14 Ақпан, 2024
Астана полицейлері такси жүргізушілерін тексереді
Астана қалалық полиция департаменті «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында такси жүргізушілерін тексеруді бастады. Іс-шара 5-29 ақпан аралығында өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Коронавирус • 14 Ақпан, 2024
Коронавирус қайта өршіді: Батыста 26 адам індет жұқтырды
Батыс Қазақстан облысының 26 тұрғынынан коронавирус анықталды. Оның 21 жағдайы қаңтар айында, 5-еуі ақпанда тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Ақпан, 2024
ҚазҰУ студент қыздардың жеке деректерін кім таратқанын анықтады
Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті әлеуметтік желіде университетте оқитын студент қыздардың жеке, медициналық деректерінің таралып кетуіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Ақпан, 2024
Балалардың қауіпсіздігі ерекше бақыланады – министр
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев кеңейтілген алқа отырысында балалардың қауіпсіздігін нығайтып, құқығын қорғау назарда екенін айтты, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 14 Ақпан, 2024
«Жүрегі соқпай қалуы мүмкін еді». Алматы дәрігерлері ер адамды ажалдан арашалады
Алматыда интервенциялық хирургтар инфаркт алдындағы ауыр жағдай - сол жақ коронарлық артерия діңінің 99% стенозы бар ер адамның өмірін сақтап қалды. 60 жастағы ер адам кеудесінің ауырсынуына, жалпы әлсіздігіне, жиі шаршау белгілеріне шағымданған. Пациенттің анамнезіне 2017 жылы стент қойылған, деп жазады Egemen.kz №7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 14 Ақпан, 2024
«Қазгидромет» РМК 15,16,17 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде аяз күшейеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Ақпан, 2024
Сәтбаев қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірдің пара алу дерегі бойынша ұсталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Ақпан, 2024
Қазақстанның 12 облысында республикалық маңызы бар жол жабылды
Қазақстанның 12 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың 36 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 14 Ақпан, 2024
Елордада екінші ауысым оқушылары онлайн оқиды
Ауа райы қолайсыздығының себебінен бүгін Астана қаласында екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Ақпан, 2024
Педофилдер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады
Бүгін Мәжіліс халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Ақпан, 2024
Мемлекеттік сатып алудың күші жойылды – прокуратура
Павлодар облысының Мемлекеттік сатып алу басқармасы Баянауыл ауданының Жаңатілек ауылында 1 млрд теңге сомасына гидромелиоративтік жүйені қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізуге хабарландыру жариялады, деп жазады Egemen.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Қоғам • 14 Ақпан, 2024
Айтуар Қошмамбетов Мәжіліс депутаты атанды
Бүгін Айтуар Қошмамбетов Мәжіліс депутаты ретінде ант берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 14 Ақпан, 2024
Мәди Такиев Мәжіліс депутаты қызметінен кетті
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мәди Тәкиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 14 Ақпан, 2024
«Өзіне оқ атқан». Көкшетауда 1-курс кадеті көз жұмды
Кеше Ш. Уәлиханов атындағы әскери колледждің 1-курс кадеті көз жұмды. Оқыс оқиға болғанын Қорғаныс министрлігі де растады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Ақпан, 2024
Елімізде 110 су шаруашылығы нысаны жөндеуден өтеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі вегетациялық кезеңге дайындық шеңберінде 110 су шаруашылығы нысанын жөндеуден өткізуге ниетті. Бұл тасымалдау кезіндегі су шығынын азайтуға және суармалы алқаптарды сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Ақпан, 2024
«ҚазАзот» өнімі алғаш рет Ақтау порты арқылы әлемдік нарыққа шығарылды
13 ақпан күні «ҚазАзот» зауыты өнімінің жөнелтілімі алғаш рет Каспий теңізі және Әзербайжан аумағындағы Говсан порты арқылы Грузиядағы Батуми теңіз портында ауыстырып тиеумен жүзеге асырылды. Сондай-ақ алдағы уақытта жергілікті жерде өндірілген аммиак селитрасы көлік-логистикалық тізбек нәтижесінде бүкіл әлем бойынша соңғы тұтынушыларға жөнелтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық Коммуникация орталығы «КазАзот» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 13 Ақпан, 2024
Ел аумағының 45 пайызына жуығы сейсмикалық қауіпті аймақтарға жатады
Әзірленіп жатқан Құрылыс кодексінде «Сейсмикалық аймақтардағы жобалау және құрылыс ерекшеліктері» атты жаңа тарау қарастырылған. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде құрылыс кодексі жобасының тұсаукесері барысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 13 Ақпан, 2024
Атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібі өзгереді
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау жүйесі өзгереді. Көмек енді шын мұқтаж отбасыларға ғана беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл бағытта жемқорлық тәуекелдері болмауы үшін қаржылай көмек тағайындау процесі цифрландырылатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Ақпан, 2024
Астанада алғаш рет пара үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді
«ITTF fa20 Astana para open 2024» халықаралық турниріне 19 елден 150-дей пара спортшы қатысады. Аталған байрақты бәсеке наурыз айының 1-3 күндері аралығында «add Table Tennis Center Astana» үстел теннисі орталығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Ақпан, 2024
Астанада мекеме ақшасын казиноға жұмсаған бухгалтер сотталды
Астана қаласының прокуратурасы мекеме иелерін алдап, ақшасын құмар ойындарға салған алаяқ бухгалтерді анықтап, жауапкершілікке тартты, деп жазады Egemen.kz.