у
Технология • 19 Қаңтар, 2024
ЕҰУ және италиялық компания отынның жаңа түрін өндіру технологиясын әзірлейді
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италияға ресми сапары аясында Еуразия ұлттық университеті, «GREEN SPARK ITALY SRL» италиялық компаниясы және «Қазақстанның жасыл сутегі одағы» ЗТБ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту үшін отынның жаңа түрін өндіру технологиясын әзірлеуге ниетті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2024
Жетісу облысында 70 шетелдік азамат жауапқа тартылды
Жетісу облысының полицейлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп 8-14 қаңтар аралығында өңір аумағында «Шетелдік» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында көші-қон заңнамасын бұзған 70 шетелдік азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2024
Тұрлыханов, Дайрабаев, тағы бірнеше адам Ұлттық құрылтай құрамынан шығарылды
Ақорданың баспасөз қызметі Ұлттық құрылтай мүшелерінің құрамы өзгергенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 18 Қаңтар, 2024
Президенттің Италияға сапары: Ынтымақтастық туралы бірқатар құжатқа қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен келіссөз жүргізді. Келіссөзден соң бірнеше құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2024
Талдықорғанда шоудауннан жарыс өтті
Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде шоудауннан жарыс өтті. Іс-шараның бастамашылары Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен IT-services & Education қоғамдық жастар бірлестігі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2024
Көлік жүргізушілері жол апаты кезінде не істеу керек?
2023 жылы Қазақстан аумағында 15 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Көлік апаты кезінде 5 мың азамат қаза тауып, 19 мыңнан астам адам жарақат алған. Ішкі істер министрлігі ел бойынша Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қарағанды облыстарында ең көп жол-көлік оқиғасы тіркелетінін мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2024
Шетелдік автокөлігін тіркемеген жүргізушілерге қандай шара қолданылады - ІІМ жауап берді
Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көліктерді тіркеу өткен жылдың қаңтар айында қолға алынған еді. Алайда шекті мерзімге дейін көліктерін тіркемеген азаматтарға қандай шара қолданылатынын Ішкі істер министрлігі түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 18 Қаңтар, 2024
1999 жылға дейін шетелдіктер асырап алған балалар туралы мәлімет жоқ – сенатор
Сенатор Дархан Қыдырәлі Үкімет басшысына және Бас Прокурорға депутаттық сауалын жолдап, шетелге кеткен жетімдердің тағдыры туралы мәселе көтерді. Депутат аталған мәселенің бірнеше рет көтерілгенін, прокуратура тарапынан жағдайды реттеу әрекеттері болғанын, бірақ, тексеріс нәтижесі беймәлім екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 18 Қаңтар, 2024
Сенаторлар бірқатар халықаралық келісімді ратификациялады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар бірқатар заңды қарап, мақұлдады және депутаттық сауалдарын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 18 Қаңтар, 2024
Қорғаныс министрлігі футбол федерациясымен ынтымақтастық орнатты
Астанада Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 18 Қаңтар, 2024
«Отбасында жанжал болған». Атырау облысында өзін-өзі өртеп жіберген ер адам көз жұмды
Атырау облысында өзін-өзі өртеп жіберген ер адам жансақтау бөлімінде ес жимастан көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2024
«Жапа шеккен – зауыт қызметкерлері». Қомақты қаржы жымқырған топ ұсталды
Павлодар облысында азаматтардың 25 млн теңгесін жымқырған алаяқтардың қылмыстық тобы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бокс • 18 Қаңтар, 2024
«Чемпиондар түні» нокаутпен құлаған Асланбектің ахуалы қалай? Мырзағали Айтжанов айтып берді
2023 жылдың 15 желтоқсанында Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Астанада «Чемпиондар түнін» өткізді. Осы бәсекеде бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов нокаутқа түсіп қалып, мексикалық қарсыласына есе жіберген еді. 71 келіде ел намысын қорғап жүрген боксшының сол жеңілістен кейінгі жағдайын бас бапкер Мырзағали Айтжанов Egemen.kz тілшісі Қуаныш Нұрданбекұлына берген сұхбатында баяндап берді.
Қоғам • 18 Қаңтар, 2024
«Майқайыңалтын»: Автобустың сынған бөлшектері, тағы басқа заттар табылды
Павлодар облысында ойыққа құлаған автобустың болжамды орналасқан тұсында қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыс барысында автобустың сынған бөлшектері, оттегі баллоны, тыныс алу аппараты, құтқарушының сөмкесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 18 Қаңтар, 2024
Нысана көздеуден Азия чемпионаты аяқталды
Нысана көздеуден Индонезия астанасы Джакартада Азия чемпионаты аяқталды. Шешуші күні мергендер тағы жүлделі болып, ел қоржынына 3 күміс жүлде салды, деп хабарлайды Egemen.kz qaz_olympics инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Қаржы • 18 Қаңтар, 2024
2024 жылға арналған зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды
2023 жылы республикалық бюджеттен 2,3 млн адамға 3,3 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 трлн 16,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 трлн 297,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 18 Қаңтар, 2024
Алматы әуежайының жаңа терминалы қашан ашылатыны айтылды
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптан Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысын және елімізде өзге де инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 18 Қаңтар, 2024
Азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған
2022 жылғы 16 наурызда Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауында ауқымды конституциялық реформа жүргізуге бастамашылық жасай отырып, елдің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын жариялады. Конституциялық реформаның мәні − «Суперпрезиденттік» басқару формасынан «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты бойынша құрылған мемлекетке ауысу, сондай-ақ Парламент пен мәслихаттардың ықпалын күшейту.
Ауа райы • 18 Қаңтар, 2024
18 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
«Қазгидромет» РМК 18 қаңтарда Қазақстан аумағында болатын синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылысының болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 17 Қаңтар, 2024
Жеті өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады - синоптиктер
18 қаңтарда Қазақстанның жеті облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2024
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу қойылды
Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 7 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2024
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкінінің қаупі әлі де жоғары. Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында өңірде көшкіндердің профилактикалық түсуі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіні сілтеме жасап.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2024
Қалың қар құрсауында қалған жүкті әйел құтқарылды
Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары жүкті әйелді ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 17 Қаңтар, 2024
Қазақстанда оқушы қыздарға жаңа екпе салынады
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жаңа оқу жылынан бастап 11 жастағы оқушы қыздарға екпе салына бастайтынын хабарлады. Десе де балаларына екпе салдыру жайы ата-ана еркінде екенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Егемен Қазақстан • 17 Қаңтар, 2024
Жас журналистердің тәжірибелік сабақтары «Egemen Qazaqstan» редакциясында өтеді
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінде білім алып жатқан студенттер «Қазақ газеттері» ЖШС-нің құрамына кіретін «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында тәжірибелік сабақтарын өткізуге мүмкіндік алды.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2024
Алматы әуежайында үш шетелдік жалған құжаттармен ұсталды
15-16 қаңтарда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция мен Грецияның жалған құжаттарын ұсынған 3 шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2024
«Жүктімін, кәмелетке толмаған балам бар». Прокурорлар мас жүргізушілердің айласын анықтады
Жетісу облысының прокурорлары мас күйде көлік тізгіндеген жүргізушілердің айлалы әрекеттерін әшкереледі. Олар мас күйінде ұстау кезінде әкімшілік қамауға алынбау мақсатында жалған медициналық және басқа да құжаттар тапсырған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2024
«Көлігін тартып алған». Қомақты ақша бопсалаған адам бұрын да сотталған – полиция
Түркістан облысының полицейлері бопсалау қылмысына қатысы бар азаматты «ізін суытпай» ұстады. Күдікті бұған дейін тонау мен заңсыз қару сақтау фактілері бойынша сотталғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2024
«Бүтіндей бір тауды меншіктеп қоршап алған». Депутат қарулы күзет қойылған жайылым туралы айтты
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мақсат Толықбай Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге және Бас прокурор Берік Асыловқа депутаттық сауал жолдап, жайылым жайын қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2024
«Мұғалімдер де қарапайым адамдар». Аймағамбетов мұғалімдерге араша түсті
Бұрынғы оқу-ағарту министрі, қазіргі мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Түркиядағы трансвеститтер клубына барған мұғалімдерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz КТК арнасына сілтеме жасап.