у
Ауа райы • 16 Қаңтар, 2024
Еліміздің бірқатар өңірінде бұрқасын күтіледі
Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Елорда • 16 Қаңтар, 2024
Елордада студенттер мен оқушылар қашықтан оқиды
Бүгін, 16 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқу форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
800 директордың алдында қандай мәселе талқыланғаны белгілі болды
Алматыда өткен директорлар форумына 800-ден аса мемлекеттік мектептің директорлары қатысты. Алқалы жиында Алматы қаласы, Жетісу және Алматы облыстарының мектеп директорлары, білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
«Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасы басталды
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасы аясында оқыту басталды. Оған елордалық жоғары оқу орындарының 3 және 4 курс студенттері қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Қаңтар, 2024
Балконнан лақтырып жіберген. Полицейлер есірткі сатушыны ұстады
Полицейлер Қосшы қаласында есірткіге қарсы операция өткізді. Жедел тексеру кезінде полицейлер 40 жастағы тұрғынды ұстады, деп жазады Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сенат • 15 Қаңтар, 2024
60 мың сөз, 1300 бет. Қазақ-ағылшын сөздігі жарық көрді
Сенатта «QAZAQ OXFORD DICTIONARY» сөздігі таныстырылды. 60 мың сөз қамтылған 1 300 беттен тұратын басылымды «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша әзірлеген, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
«Жайылым тарылған, аң аулау көбейген, ауызсу тапшы». Депутат ауыл тұрғындарының жанайқайын жеткізді
Жаңа жылды аймақтарға сапарлаумен бастаған қос палатаның депутаттары Астанаға келіп, өңірлердегі қордаланған мәселелерді шешу жолдарын қарастырып жатыр. Облыс орталықтарынан шалғай орналасқан ауылдардың да, шағын елді мекендердің де қазіргі жай-күйі қалай? Бұл туралы өткен аптада Алматы облысын аралап, тұрғындармен кездескен Парламент мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауовтан сұрап көрдік.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
Ұлттық идеологияны ұйыстыру жолдары айтылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбатында («Озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек», 3 қаңтар 2024 жыл) айтылған жайтты талқылаған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 15 Қаңтар, 2024
Қолма-қол ақша, QR. Бір тауарға екі түрлі баға қою заңсыздық - министр
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қаржы секторындағы соңғы өзгерістерді түсіндіріп, қоғамда ең көп талқыланып жатқан сауалдарға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Қаңтар, 2024
Индонезияда жанартау атқылап, мыңдаған адам эвакуацияланды
Индонезияның Флорес аралындағы Левотоби Лаки-лаки жанартауының атқылауына байланысты 6 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті билік жоғарғы деңгейдегі төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 15 Қаңтар, 2024
Ақын-жазушылар балалар әдебиетін дамыту тетіктерін талқылады
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева балалар тақырыбында қалам тербейтін ақын-жазушылар, балалар баспасы басылымдарының бас редакторлары, Журналистер және Жазушылар одағы өкілдерінің, сондай-ақ республикалық кітапхана директорларының басын қосып, «Шығармашылық зиялы қауым - Қазақстан балаларына» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиын Алматы қаласында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 15 Қаңтар, 2024
Канвон – 2024: Туды кім ұстап шығатыны белгілі болды
Астана қаласында Корея Республикасында ұйымдастырылатын IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына отандық спортшыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 15 Қаңтар, 2024
Аяз - 33 градусқа дейін күшейеді
Синоптиктер 16-18 қаңтар аралығында ел аумағында ауа райы аязды болатынын мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
Оқу-ағарту вице-министрі қызметінен босатылды
Үкімет қаулысымен Айбат Болатұлы Ілиясов басқа жұмысқа ауысуына байланысты оқу-ағарту вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 15 Қаңтар, 2024
Астанада екінші ауысымның оқушылары қашықтан оқиды
Бүгін, 15 қаңтар күні екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 15 Қаңтар, 2024
«Көк ту желбірей берсін». Шавкат Рахмонов пен Жәнібек Әлімханұлы кездесті
UFC шебері Шавкат Рахмонов (18-0) пен WBO, IBF тұжырымдары бойынша бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0 ) кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 15 Қаңтар, 2024
«Назарбаев зияткерлік мектептерінде» оқу гранты қымбаттайды
«Ашық НҚА» порталында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеуге арналған Президенттің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Оқу-ағарту ведомствосының бұйрығына өзгеріс енгізуді көздейтін бұйрық жобасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2024
Маңғыстау облысының шекарасы өзгерді
Үкіметтің 2024 жылғы 28 желтоқсандағы «Маңғыстау облысының шекарасын өзгерту туралы» қаулысына қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 15 Қаңтар, 2024
Самат Әбіштің ісі сотқа жолданды
Бас прокуратура бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеу аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 15 Қаңтар, 2024
Осы жылы әскери қызметшілердің жалақысы 30 пайызға артады
Ақтау гарнизонына жұмыс сапарымен барған Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев биыл әскери қызметшілердің әлеуметтік пакетінде қандай өзгерістер болатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
Русланбек Бекжігітов қызметінен босатылды
Бұл туралы Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Тағайындау • 15 Қаңтар, 2024
Қарулы Күштер Бас штабының бастығы тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2024
Оқушылар 15 қаңтарда қалай оқитыны белгілі болды
Ауа райының нашарлауы себебінен Астана қаласында бiрiншi ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары 15 қаңтарда онлайн форматта оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 14 Қаңтар, 2024
«Тарихи жеңісті тарту етті»: Тұңғыш рет Қазақ тұлпары әлемдік жарыста мәрені бірінші болып кесті
Дубайда өткен 2000 метрлік ұшқыр бәйгеде 13 тұлпар бақ сынаған. Бабы мен бағы келіскен қазақ тұлпары кіл жүйріктер арасынан шын жүйрік екенін дәлелдеп, мәрені бірінші қиған. Дубайды дүбірлеткен Каверхан тұлпардың қазіргі иесі – Астанада тұратын оралдық Тілек Мұхамбетқалиев. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы «Бәйге» федерациясының баспасөз қызметі инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 14 Қаңтар, 2024
14 қаңтар – Қазақтың әйгілі суретшісі Әбілхан Қастеев дүниеге келген күн
120 жыл бұрын қазақтың әйгілі суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР халық суретшісі, Қазақ КСР-ің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбілхан Қастеев дүниеге келді. Туып-өскен жері – Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Әбілхан Қастеев (1904 – 1973 жж.) халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 14 Қаңтар, 2024
Елорда әуежайында 11 рейс кешіктіріліп, 3 рейс тоқтатылды
Бүгін Астана халықаралық әуежайында 11 рейс мерзімді уақытынан кеш ұшырылып, 3 рейс тоқтатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2024
«Екпінді жел, қар бұрқасыны»: Автожолдардан 15 учаске жабық
Облыстар аумақтарындағы республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскелерінде екпінді жел, қар бұрқасыны секілді ауа райы қолайсыздығынан көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2024
Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді
Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті дерегінше, күші 3 балға дейін жеткен жерасты дүмпуін сейсмикалық стансалар желісі сағат 22:08-де тіркеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 13 Қаңтар, 2024
Бүгін елордада Талдау мектебінде оқудың үшінші кезеңі басталды. Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының бұл бастамасына Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев қолдау білдіріп, өз тәжірибесін бөлісті. Қоғамдық жоба барысында қатысушыларға еліміәздің және шетелдің белгілі сарапшылары да дәріс оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 13 Қаңтар, 2024
Нысана көздеуден 5-18 қаңтар аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында отандастарымыз 2 жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.