и
Спорт • 26 Қазан, 2023
Азия пара ойындары: Ел қоржыны тағы бір алтынмен толықты
Қазақстан спортшысы Диас Кенжебек жүзуден алтын медаль иегері атанды. Ол 100 м қашықтықты 1:05:42-де жүзіп өтіп, Азия және Азия пара ойындарының рекордын жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қазан, 2023
Қарағанды облысында тұтас бір ауыл карантинге жабылды
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар ауылынан «Қарасан» анықталып, ауыл толық карантинге жабылды. Абай қаласының кіре берісіне бекет қойылып, санитарлық тексеру жұмыстары қатаң жүргізіліп жатыр. Ауылға Жартас жағынан кіретін екінші жол да жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Қазан, 2023
Президент Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейіне барды
Президентке Шоқан Уәлихановтың өмірі мен еңбек жолы, әскери қызметі, тарихи-этнографиялық, георафиялық зерттеулері және ғұмырының соңғы кезеңі туралы тарихи деректер мен жәдігерлер таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 26 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы Шоқан Уәлихановтың бейітіне зиярат етті
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Қазан, 2023
Шымкентте полиция мен туыстары 19 жастағы жігітті іздеп жатыр
Әжесінің айтуынша, 19 жастағы Нұрбол Ермұхамбет 13 қазанда түнгі сағат 00:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Қазан, 2023
Астана әуежайында жолаушы жүктері бірнеше рет тоналған
Әлеуметтік желіде Астана халықаралық әуежайының жүк тиеушілері жолаушылардың жүгін ашып, 27 мың долларға жуық ақша ұрлағаны туралы ақпарат тарады. Әуежайдың ресми өкілі бұл оқиғаны растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Қазан, 2023
Мемлекеттік басқару академиясы халықаралық аккредиттеуден сәтті өтті
Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының төрт магистрлік білім беру бағдарламасы EAPAA-ның халықаралық аккредитациясынан сәтті өтті. Бұл туралы академияың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 26 Қазан, 2023
Президент ұшағы Талдықорған әуежайына қонды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 26 Қазан, 2023
Енді салыққа 1 теңге қарыз болғаныңыз үшін есепшотыңыз бұғатталмайды
Қазір кәсіпкерлердің шоттары әлеуметтік төлемдер бойынша 1 теңгеден астам қарыз болған жағдайда бұғатталып жатады. Осы орайда Мемлекеттік кірістер комитеті бұл мәселеге қатысты түзетулер енгізу жоспарланып жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Республика күні • 26 Қазан, 2023
Шет мемлекеттер басшылары қазақ халқын әлі де құттықтап жатыр
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Республика күніне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларынан құттықтау жеделхаттары толассыз түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экология • 26 Қазан, 2023
Ұлттық парк орман өрттеріне дайын емес - сенатор
Сенатор Сергей Ершов еліміздің Премьер-министріне жолдаған депутаттық сауалында Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі орманшылардың проблемаларын көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 26 Қазан, 2023
Президент Аида Балаеваға бірқатар нақты міндет жүктеді
Президент Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен алда атқаратын жұмыстарының перспективалары туралы баяндалды, деп хабарлайды
Спорт • 26 Қазан, 2023
Ересектер арасындағы WKF каратэден қазақ спортшылары алғаш рет әлемдік финалға шықты
Ересектер арасындағы WKF каратэден Қайсар Алпысбай (60 кг) мен Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) Мажарстан астанасы Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 26 Қазан, 2023
Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді
1 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Театр • 26 Қазан, 2023
Алматыда І Республикалық Жастар театрлары фестивалі өтеді
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры бүгінде еліміздің мәдениетін дамытып, өркендету жолында тынымсыз ізденіс үстінде келеді. Республикамыздың театр әлеміндегі жас режиссерлердің жетістіктерін насихаттап, олардың кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында театрда Алматыда І Республикалық жастар театрлары фестивалі ұйымдастырылғалы отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 26 Қазан, 2023
Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын Аустрия Республикасының ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 26 Қазан, 2023
Әлем чемпионатында сенсациялық жеңіске жеткен қазақ балуанын алтын медальға жеткізбеді
Албанияның бас шаһары Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында 23 жасқа дейінгілер арасында еркін күрестен Асылжан Есенгелді күміс медаль иеленді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 26 Қазан, 2023
Абай облысында өрттен төрт бала көз жұмды
Кеше сағат 10:49-да Аягөз қаласы, Барақ батыр көшесіндегі жеке үйлердің бірінен өрт шықты. Оқыс оқиға салдарынан 4 бүлдіршіннің ғұмыры қиылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Қазан, 2023
IV Азия пара ойындары: Бүгін спортшыларымыз қандай жарыстарға қатысады?
Қытайдың Ханчжоу қаласындағы IV Азия пара ойындарында бүгін Қазақстан құрамасы қатысатын жарыс кестесі мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 25 Қазан, 2023
Президентке сыйға берілген асыл тұқымды күшік
Журналист, жүргізуші және «Президент» жобасының авторы Әділ Балтабаев өзінің Telegram-арнасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыйға тартылған Наурыз атты күшіктің қазіргі күйін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 25 Қазан, 2023
Нышан Өмірәлі күміс, Әлішер Ғариполлаев қола медаль иеленді
Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан VІ жазғы Азия Пара ойындарында таеквондошыларымыз 1 күміс, 1 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республика күні • 25 Қазан, 2023
Сарғайған газет шежіресі: «Ерекше маңызды құжат»
Еліміздің азаттығы туралы әңгімелер айтылып жатқан кезеңде «Социалистік Қазақстан» газетінде тәуелсіздік декларациясына қатысты мақалалар жарияланды. Сол кезде депутаттардан ғана емес, жалпы жұрттан түскен пікірлер мен ескертулерді Декларация жобасына енгізу жөніндегі арнайы құрылған комиссия бір аптадан астам уақыт жұмыс істеген, аталған комиссияның төрағасы болған депутат Салық Зимановтың «Ерекше маңызды құжат» мақаласы «Социалистік Қазақстанның» 1990 жылғы 28 қазандағы нөмірінде жарық көрді, көлемділеу мақаланы ықшамдап ұсындық.
Республика күні • 25 Қазан, 2023
Республика күніне орай шет мемлекеттердің президенттерінен құттықтау жеделхаттары түсіп жатыр
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Республика күніне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларынан құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Қазан, 2023
Ажаркүл Алдажарова, зейнеткер: Егемендік декларациясы қызу тартыспен қабылданған құжат
Еліміздің егемендігі туралы декларацияны қабылдау үшін талқылау, дауысқа салу 1990 жылдың қазан айында өтті. Пленарлық отырысқа қатысқан ХІІ шақырылымдағы 281 депутаттың 261-і қолдап, «Қазақ Совет Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» тұңғыш декларация қабылданды.
Қаржы • 25 Қазан, 2023
Елімізде 8,4 млн адам қарызға батқан
Кейінгі үш жылда Қазақстанда тұтыну несиесін алғандар саны артқан. Қазіргі таңда 8,4 млн халықтың мойнында 18 трлн теңге қарыз бар. Соның ішінде шағын микроқаржы ұйымдарынан 197 млрд теңге онлайн-қарыз рәсімделген. Мұны азайтуға 2019 жылғы кредитті кешіру науқаны көмектескен жоқ. Осы орайда, өткен жұмада халықтың шамадан тыс кредит алуы мен қаржылық сауаты мәселесі Парламент мінберінде көтерілген еді.
Спорт • 25 Қазан, 2023
Зарина Рафимова Азия Пара ойындарында күміс медаль алды
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан IV жазғы Азия Пара ойындарында Зарина Раифова күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 25 Қазан, 2023
Димашқа Қазақстанның халық әртісі атағы берілетіні 1999 жылы айтылған (видео)
Президенттің Жарлығымен Қазақстанның халық әртісі атағын алған әйгілі әнші Димаш Құдайберген инстаграм парақшасында еліміздің айтулы мерекесі Республика күнімен құттықтап, архивтік бейнежазба жариялады.
Қазақстан • 25 Қазан, 2023
Қадыр Мырзалиев: 1990 жылғы 25 қазан күнгі 18 сағат 55 минөтті есімізге сақтайық
Егемендік декларациясы қабылданар тұста «Социалистік Қазақстан» газетінде тарихи құжат туралы бірқатар мақала жарияланды. Газеттің 1990 жылғы қазан айындағы шығарылымдарын ақтарып отырып соның бірнешеуіне көзіміз түсті. Мәселен басылымның 26 қазандағы нөмірі егемендігімізді сүйіншілеген. Газеттің маңдайшасына «Кеше, 1990 жылғы 25 қазанда, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің екінші сессиясы Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Егемендігің құтты болсын, елім!», деп жазылған. Парламенттегі тілшілер Г.Еңсепова мен Ә.Әлібековтың «Егемендік ел үміті еді» атты мақаласы бірінші бетке беріліпті.
Президент • 24 Қазан, 2023
Қазақстан Президентіне мемлекеттер басшылары құттықтау жеделхаттарын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республика күні • 24 Қазан, 2023
Республика күніне орай Сенатта салтанатты іс-шара өтті
Сенатта ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Егемендік туралы декларацияның тарихи маңызына тоқталып, аталған құжат Қазақстан тәуелсіздігінің негізі болғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.