Соңғы жаңалықтар
Президент • 06 Желтоқсан, 2018
Әлем • 06 Желтоқсан, 2018
Франция жанармай бағасын өсіруге мораторий жариялады
Сейсенбі күні Францияның премьер-министрі Эдуард Филипп 1-ші қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс жанармай бағасының өсуіне мараторий жариялайтынын хабарлады, деп жазады CNN.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2018
Батыс Қазақстандағы Жалпақтал ауылында жаңа үйлер тапсырылды
Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауылына қарасты Жалпақтал ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 12 отбасы жаңа үйге ие болды.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Өсімпұл мен айыппұл кешіріледі
Қызылорда облысында салық амнистиясы жүргізілуге жататын 1800-ге жуық шағын және орта бизнес субъектілері бар. Олар қарыздарын мерзімінде өтеген жағдайда салық төлемдерінің өсімпұлдары мен айыппұлдары мемлекет тарапынан жойылатын болады.
Технология • 06 Желтоқсан, 2018
Цифрландыру саласында 40 жоба жүзеге асырылып жатыр
Бұл туралы «Baikonyr Invest» Х халықаралық форумында облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким мәлімдеді.
Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2018
Маңғыстаудағы Басқұдық ауылына газ келді
Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Маңғыстау облысының елді мекендердегі 2015-2020 жылдарға аралығын газ тасымалдау жүйелерін жаңғырту және жаңасын салуға бағытталған инвестициялық жобасы аясында жүргізілген газ құбырының жұмысы таныстырылды.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Халықаралық байқауда теміртаулық жас суретші жүлдегер атанды
Теміртау қаласының 11 жасар тұрғыны Елизавета Лелькова «ArcelorMittal» трансұлттық компаниясы ұйымдастырған жаңа жылдық ашық хаттар байқауында үшінші жүлдеге ие болды.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Бір топ мал иесі жүген ұстап қалды
Бізге дейін құрық ұстаған қаймана қазақтың жылқы жарықтық «ысқырса желдікі, айдаса жаудікі» дейтіні әлі күнге дейін мәнін жойған жоқ. Ауылдағы шаруа жыл он екі ай балаша күтіп, көзінен таса қылмай бағатын төрт түліктің төресіне жау көп.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Мақсат – сейсмикаға төзімді құрылысты дамыту
ТМД елдерінде зілзалаға төзімді құрылысты дамыту мәселелерін шешу үшін негізгі алаң ретінде Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) таңдап алынды. Яғни «ҚазҚСҒЗИ» АҚ базасында ТМД-ның Сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі базалық ұйымы құрылады. Бұл ортақ шешім Мәскеуде өткен ТМД елдерінің Құрылыс қызметіндегі ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық кеңесінің отырысында қабылданды.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Адай Әбілда: «Күлтегінді» көрмеген көп дүниеден құр қалады
Өз ісіне көзсіз ғашық болмай, аниматордан сәтті дүние тууы мүмкін емес. Баланың көңілі қандай пәк болса, сол адалдықты олар жасалған жұмыстан да талап етеді. Осы тұрғыдан келгенде, аниматор мамандарға артылар жүк зіл батпан. Мұны бүгінгі әңгімеміздің кейіпкері, «Күлтегін» толықметрлі анимациялық фильмнің режиссері Адай ӘБІЛДА да жіті сезінеді.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Байқау лауреаттары марапатталды
Елбасы кітапханасында «Туған жерім» XIV Халықаралық балалар шығармашылығы байқауының, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарын қолдау жөніндегі «Туған өлкем» республикалық бағдарламасының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Үздіктерге «Алтын тобылғы» табысталды
Назарбаев орталығында «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауы қорытындыланды. Оған түрлі жанрда қалам тербеп жүрген 18 бен 35 жас аралығындағы қаламгерлер қатысты.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Президенттік олимпиададан олжалы оралды
Жуырда Теміртау қаласында республика мектептерінің 11-сыныптарында оқитын жас интеллектуал оқушылар арасында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 11-ші Президенттік олимпиада өтті. Білім бәйгесіне 14 облыстан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 157 оқушы қатысып, бақ сынасты.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Жаратылыстану пәндері ағылшын тілінде өтеді
Неге ағылшын тілін үйрену керек? Өйткені бұл бүкіл прогрессивті әлемді байланыстырады. Бұл ғылым мен технологияның тілі. Бұл экономикадағы және бизнестегі зерттеулердің басым бөлігін жасайтын құрал. Ағылшын тілін меңгеру адам үшін үлкен перспективалар ашады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев жастарға өзгерістерден қорықпай, ағылшын тілін жан-жақты зерделеу, үйрену керектігін айтқан болатын. Сондықтан еліміздің бастауыш және орта білім беру мекемелерінде шет тілін үйретудің кешенді бағдарламалары жасала бастады.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Арқалықта күніне 10 тонна өнім шығаратын ет комбинаты ашылды
Арқалық қаласында күніне 10 тонна ет өнімдерін өндіретін заманауи ет комбинаты жұмысын бастады. Бұл арқалықтықтар үшін біткен үлкен іс болды. Комбинат тек арқалықтықтар үшін ғана емес, тұтас Торғай өңірі, одан қалса, көрші Ақмола, Қарағанды облыстарының іргелес жатқан аудандарының шаруашылықтары үшін де тиімді болғалы тұр.
Астанада өткен «Қазақстанның өркениетаралық және конфессияаралық диалогқа қосқан үлесі» атты конференцияда республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб-имамы, танымал исламтанушы Қуат Ерғалиұлы баяндама жасап, бейбітшілік пен мейірімділік діні Исламның толеранттылықты, діндер арасындағы мәмілегерлікті қолдайтынын, сондай-ақ, Қазақ Елінің дін саласына қатысты саясатын төмендегідей түсіндіріп өтті:
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Күніне 120-130 тонна сүт өндіріледі
Өндірісті өңір Шығыс Қазақстан облысында соңғы жылдар мұғдарында тамақ өнеркәсібі де дамып, қанатын кеңге жайып келеді. Осы салада жемісті еңбек етіп келе жатқан кәсіпорынның бірі – Өскемендегі «Эмиль» ЖШС. Тәуелсіздіктің елең-алаң шағында, яғни 1993 жылы жұмысын балмұздақ өндіруден бастаған бұл кәсіпорын негізінен сүт және сүт өнімдерін өңдеп, саудаға шығарумен шұғылданады. Сүт, айран, ірімшік, қаймақ, йогурт пен майдың түр-түрі, қышқылы да, тәттісі де, тіпті тұшпара секілді жартылай фабрикаттар да осында өндіріледі.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Орыстың батырлар былиналары, украин елінің халық думалары, якуттардың олонхосы, фин мен эстонға ортақ «Калевала», армянның «Давид Сасунскийі», қырғыздың «Манасы», парсының «Шахнамасы», басқа халықтардың да батырлық жырлары мен қаһармандық аңыз-әңгімелері – өз халқының тарихы мен мәдениетінің ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, жүзжылдықтардың сынына төтеп беріп, жаңа кезеңдермен жалғасып келе жатқан мәңгі жасайтын рухани қазынасы, баға жетпес байлығы, тамаша өнер туындылары болып саналады.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын практикалық тұрғыда жүзеге асырудағы жас тарихшы-ғалымдардың міндеті» тақырыбында VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Шара аясында Ермұхан Бекмаханов атындағы жас тарихшы-ғалымдарға арналған дәстүрлі республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды.
Президент • 06 Желтоқсан, 2018
Президент • 06 Желтоқсан, 2018
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Астанада Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі республикалық Патриоттар форумы өтті. Жиын барысында еліміздің әр өңірінен келген түрлі саланың үлгілі азаматтары «Жыл патриоты» номинациясымен марапатталды.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Тамырлас елдер Жастар жылын атап өтеді
Астанада Түркі кеңесі мемлекеттерінің Жастар істері және спорт министрлерінің үшінші отырысы өтті. Түркі кеңесі министрлерінің отырысы ынтымақтастықты кеңейтуге және түркітілдес мемлекеттер жастарының арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Жиынға Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Қазақстанның Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, Түркияның жастар және спорт министрі Мехмет Касапоглу, Қырғызстанның Жастар, денешынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігінің директоры Қанат Аманқұлов, Әзербайжанның жастар және спорт министрінің орынбасары Исмаил Исмаилов қатысты.
Түгел түркінің ынтымақтастығы нығая береді
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова түркітілдес мемлекеттердің жастар және спорт министрлерімен кездесті.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
WorldSkills Kazakhstan – кәсіптік біліктілік сыны
Астанада Білім және ғылым министрлігі мен «Кәсіпқор» холдингінің» ұйымдастыруымен WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты өтуде. Оған Премьер-Министр Б.Сағынтаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Үкімет • 06 Желтоқсан, 2018
Бизнес мүмкіндікті пайдаланбай отыр
Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен кәсіпкерлер палатасы төралқасының кеңейтілген отырысы өтті.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Инвестиция тартуға жеңілдік беретін жоба мақұлданды
Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен болған палатаның кезекті отырысында бес мәселе қаралды.
Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2018
Жарықтық, түз тағысын аңғарып, ойға берілесіз, алыстан андағайлап бірде көрініп, бірде бұлтың етіп көз ұшында алыстай берді. Көк жонда бұлдыраң қаққан арқарлар.
Әдебиет • 06 Желтоқсан, 2018
Жалғыз. Әбіш Кекілбайұлы туралы
Сөредегі сыйға тартылған кітаптардың біріне сыйға тартушы адам: «Жақсы кітаптарды оқу – өткен заманның ең жақсы адамдарымен әңгімелесу» деген Декарттың сөзін қалдырыпты. Астында «Кітап – ғасырларға сапар шеккен ақыл ескерткіші» деген ағылшын жазушысы Давенанттың сөзі бар. Енді ойланып отырмын. Азды-көпті оқыған санаулы кітабымды есепке алсам, кіммен сұхбаттас болмаппын. Бірақ солардың бәрін сіңіріп, қорытып үлгергеніме, әрине, үлкен шәк келтіремін. Білу үшін оқу мен оқыдым деу үшін оқудың парқын енді біліп келе жатқан жасымызға қарап кеш аңғарғанымызды шамалаймыз. Бірақ оған енді қайран бола ма?! Декарттың сөзіне қайырылып, өткен заманның ең жақсы адамының қайсысымен әңгімелескенімді қалар едім деп ойладым. Олар көп. Тым көп-ақ. Бірақ солардың ішінен Әбіш Кекілбайұлын таңдар едім. Ал оның себебі жеткілікті.
Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat quraldarynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?