Ақ
Қоғам • 24 Маусым, 2020
БАҚ жеңімпаздары жұмада анықталады
Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова үстіміздегі жылдың 26 маусымы күнгі сағат 16:00-де "Мемлекеттік тіл және БАҚ-2020" республикалық байқауы жеңімпаздарын Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7/а мекенжайы бойынша онлайн режимінде марапаттайды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Маусым, 2020
Әуе күштері жаңа жауынгерлік тікұшақтармен толықты
Қарулы Күштерде жүргізіліп жатқан қайта жарақтандыру аясында су жаңа төрт Ми-35М көпфункционалды тікұшағы еліміздің батысындағы Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің авиациялық базасына келді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Маусым, 2020
Армия халықарлық ойындары 2020: "Танк биатлоны" байқауына дайындық
"Мәтібұлақ" оқу орталығының базасында төрт ай көлемінде Ресей Федерациясында Мәскеу маңындағы "Алабино" полигонында өтетін "Танк биатлоны" байқауына дайындық жүріп жатыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 24 Маусым, 2020
"От кешкен ордалықтар" кітабының тұсауы кесілді
Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданы – Сталинград шайқасы кезінде жау бомбасының астында қалып, соғыс түтінін иіскеген өңір. Осы ауданның Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлерінің тарихы туралы жаңа кітап жарық көрді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Ақтоты Райымқұлова мəдениет саласы қызметкерлерін марапаттады
Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мəдениет саласы қызметкерлерін бейнеконференция арқылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 19 маусымдағы № 353 жарлығына сәйкес əлемдік коронавирус пандемиясы кезінде азаматтарды көтермелеу мақсатында тағайындалған "Халық алғысы" медалімен марапаттады, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда елікке оқ атқандар ұсталды
Жуырда ен даланың еркесін көзі қиып атқандар рейдке шыққан табиғат қорғаушы полиция мен орман шаруашылығы қызметкерлерін көріп, жүре алмай көліктерін тастап, өздері орманға қашқан. Оқиға Шал ақын ауданының Минеевка ауылы маңындағы орманда болған. Машинадан екі мылтық және атып алған еліктің еті табылды. Полицейлер орманда қалдырылған "Лада" көлігінің иесі 31 жастағы Ортақкөл ауылының тұрғыны екендігін анықтады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 23 Маусым, 2020
Трамп Қазақстанмен серіктестікті нығайтуға ниетті екенін мәлімдеді
АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған жеделхатында мемлекетті саяси жаңғырту бастамасындағы ынтымақтастыққа дайын екендігін мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Әлем • 23 Маусым, 2020
АҚШ-та бір тәулікте 31 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды
АҚШ-та тағы 31 мыңнан астам адам індет жұқтырып, 400-ден аса науқас көз жұмды, - деп хабарлады Johns Hopkins University.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Ақтөбе облысында 10 мыңға жуық адам баспанамен қамтылады
2020 жылы Ақтөбе облысында 1 млн. 25 мың шаршы метр немесе 9700 тұрғын үй салу міндеті тұр. Бұл мақсатқа қаржыландырудың барлық көздері есебінен ағымдағы жылдың 5 айына 23 млрд. теңге инвестиция бағытталған, деп жазады Egemen.kz
Президент • 23 Маусым, 2020
Трамп Мемлекет басшысына құттықтау жеделхатын жолдады
АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына кіріскеніне бір жыл толуына орай құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Биыл Ақтөбе облысындағы 10 мыңға жуық адамға баспана беріледі
2020 жылы Ақтөбе облысында 1 млн 25 мың шаршы метр немесе 9700 тұрғын үй салу міндеті тұр. Бұл мақсатқа қаржыландырудың барлық көздері есебінен ағымдағы жылдың 5 айына 23 млрд теңге инвестиция бағытталған. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Павлодар облысының әкімі тәртіп сақшыларын құттықтады
Полицейлерге арналған құттықтауды аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов Іnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Коронавирус • 23 Маусым, 2020
Елімізде коронавирустан айыққандар саны 11 220-ға жетті
Қазақстанда тағы 62 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 23 Маусым, 2020
Әскери-әуе күштері жаңа жауынгерлік тікұшақтармен толықты
Қарулы Күштерде жүргізіліп жатқан қайта жарақтандыру аясында су жаңа төрт Ми-35М көпфункционалды тікұшағы еліміздің батысындағы Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің авиациялық базасына келді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі, - деп жазады Egemen.kz
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады
ҚР Үкіметі "Экспорттық көлемдерге пропорционалды орта, ірі және алып кен орындары үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулер енгізу туралы" Қаулы қабылдады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 23 Маусым, 2020
Коронавируспен күрес: 343 адам "Халық алғысы" медалімен марапатталды
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен "Біз Біргеміз" онлайн-форумында коронавирус пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен азаматтар "Халық алғысы" медалімен марапатталды, деп жазады Egemen.kz
Оқиға • 23 Маусым, 2020
Қазақстанның ең үздік мемлекеттік қызметкерлері анықталды
Қазақстанда жылдың үздік мемлекеттік қызметкерлері анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Президент • 23 Маусым, 2020
Мемлекет басшысы тәртіп сақшыларына алғыс білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Біз біргеміз" онлайн-форумында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне алғыс білдірді, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 23 Маусым, 2020
АҚШ билігі бірқатар визаны беруді тоқтатты
АҚШ президенті Дональд Трамп жыл соңына дейін бірқатар визаны беруді тоқтатты және Green-карта ұстаушылардың кейбір жекелеген санатына кіруге тыйым салуды ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 23 Маусым, 2020
13 өңірде ХҚО-ның жұмыс кестесі өзгерді
Коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар санының күрт артуына байланысты Қазақстанның кей өңірлерінде карантиндік шаралар қайта күшейтілуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 23 Маусым, 2020
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында елдегі бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндады. Бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту үшін Үкімет заңнамалық базаны, реттеуші ортаны үнемі жетілдіріп отырады, кедендік әкімшілендіру жақсартылуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Қазақстан 2019 жылы «Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі жөніндегі Дүниежүзілік банк рейтингісінің ТОП-25 елінің қатарына енді, ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 30,8%-ға дейін өсті. Аталған көрсеткішті 2025 жылға қарай 35%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін жеткізу міндеті қойылды. Биылғы 18 маусымда Парламент Сенаты бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 8-топтамасын қабылдады. 6 кодекс пен 33 заңға жылжымайтын мүлікке салынған ауыртпалық туралы ақпаратқа қолжетімділік, электр желілеріне қосылу аясында «бір терезе» қағидатын енгізуді, табиғи монополиялар субъектілерінен ақпарат алу бойынша барлық кредиттік бюролар үшін тең жағдайлар жасауды, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер телімдерін беру бойынша рәсімдерді жеңілдетуді, сондай-ақ монополияға қарсы реттеудің тиімділігін арттыруды көздейтін 200-ге жуық түзету енгізілді. Үкімет басшысы барлық өңірдің кәсіпкерлерімен мәселені талқылау, сонымен қатар Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мәселені қарау қорытындылары бойынша бизнесті қолдау жөніндегі 43 қосымша шарадан тұратын Іс-шаралар жоспары әзірленгенін атап өтті. Іс-шаралар жоспары бизнес ұсынған келесі негізгі бағыттарды қамтиды, атап айтқанда, сатып алуды жеңілдету және қазақстандық үлесті дамыту, ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру және кредиттерді қайта қаржыландыру мүмкіндігін кеңейту, тауарлардың экспортын дамыту және рәсімдерді жеңілдету. «Бүгін айтылған барлық шараларды жүзеге асыру кәсіпкерліктің одан әрі дамуына серпін береді, Қазақстанның бизнес ахуалы мен “Doing Business” рейтингіндегі позициясын жақсартуға ықпал етеді», — деп А. Мамин, мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге барлық жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Технология • 23 Маусым, 2020
Жапондық суперкомпьютер TOR-500 есебінде топ жарды
Жапондық Fugaku суперкомпьютері TOR-500 халықаралық сарапшылар тобының есебінде бірінші орынды алды. Бұл туралы Киодо агенттігіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Сағынтаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекемен құттықтады
23 маусымда мемлекеттік қызметшілер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында мемлекеттің қызметші жұмысының негізгі қағидаларын атап өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Ақмолада медицина қызметкерлеріне баспана салынады
Зеренді ауданының денсаулық сақтау саласының 36 қызметкерінің баспанасы жоқ. "Дипломмен – ауылға!" бағдарламасымен келген 16 маман үй кезегінде тұр, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Ақмолада 161 білім ошағына жөндеу жүргізілуде
Жазғы маусымда бірқатар білім ошақтарына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқу жылына дайындық тиянақтала түсуде. Жөндеу жұмыстарына "Жұмыспен қамтудың жол картасы" және "Ауыл – ел бесігі" бағдарламалары аясында 10 млрд теңге қаражат бөлініп отыр, - деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Тараздың бірқатар нысандарында санитарлық талап орындалмай тұр
Тараздың бірқатар нысандарында санитарлық талап орындалмай тұр, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда 4 күнде 32 жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасын аяқтады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Аймақтар • 22 Маусым, 2020
Ертеңнен бастап Нұр-Сұлтандағы барлық балабақшалар жабылады
Эпидемиологиялық жағдайды және тәрбиешілердің COVID-19 жұқтыру фактілерін ескере отырып, балабақшалардың қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Президент • 22 Маусым, 2020
Мемлекет басшысы Премьер-Министр мен әкімдердің есебін тыңдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминнің, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары әкімдерінің коронавирустың таралуына қатысты қалыптасқан ахуал, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жайындағы есептерін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 22 Маусым, 2020
"Бек Эйр" әуе компаниясының пайдаланушы сертификаты кері қайтарылды
ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында келесі жұмыстарды жүргізді. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.